№
|
Термин атауы
|
Анықтамасы
|
|
Криминалистика
|
қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процессуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, бекіту, алу, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.
|
|
Криминалистикалық габитология
|
әр түрлі көріністегі адамның сыртқы бейнесін зерттейтін және қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайдаланудың техникалық криминалистикалық құрал-жабдықтары мен әдіс- тәсілдерін жетілдіретін криминалистикалық техниканың бір саласы болып табылады.
|
|
Криминалистикалық тактика
|
тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымдастыру және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.
|
|
Габитоскопия
|
habitus латынша.) – skopeo адамның бет-бейнесi, оның дене құрылысысы грегi.) – байқа, үйренемiн.
|
|
Трасология
|
қылмыс механизмiн көрсететiн әр түрлi iздердiң пайда болу заңдылықтарын оқып үйренетiн және қылмысты әшкерлеу мақсатында iздердi жинап, зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық техниканың саласы
|
|
Тактикалық шешім
|
тергеу жағдайына толығымен немесе оның бөлек объектілеріне, тергеудің бағыты мен нәтижелері және оның элементтері мен сол мақсатқа жетудің әдістерін, тәсілдері мен құралдарын анықтауға тактикалық әсер етудің мақсатын таңдау.
|
|
Криминалистикалық техника
|
ғылыми жағдайлар жүйесі және дәлелдер мен қылмыстарды тергеу мен ескертудің басқа шараларын жинау, зерттеу және қолдану үшін арналған олардың негізінде құрылған (кең маңынада) техникалық құралдар, тәсілдер мен әдістемелер.
|