Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
| А |
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Пән бойынша қорытынды баға %-дық өлшемде анықталады:
АЕ1 + АЕ2
Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4
2
Яғни:
АЕ1 - 1 аралық емтиханның пайыздық өлшемі
АЕ2 - 2 аралық емтиханның пайыздық өлшемі
Е - емтихандық бағаның пайздық өлшемі
Келісу парағы
Қызметі
|
Аты-жөні
|
Мерзім
|
Колы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Танысу парағы
Қызметі
|
Аты-жөні
|
Мерзім
|
Колы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзгерістерді тіркеу парағы
|
Өзгеріс №
|
Өзгеріс туралы хабарлу №
|
Парақтар №
|
Паратардың барлығы (өзгерістерден кейін)
|
Енгізу мерзімі
|
Өзгерістер енгізушінің аты-жөні
|
Өзгеріс енгізушінің қолы
|
өзгертілген
|
ауыстырылған
|
жаңа
|
Алынып тасталған
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мерзімді тексерулерді тіркеу парағы
Тексеру мерзімі
|
Тексерушінің аты-жөні
|
Тексерушінің қолы
|
Ескертулер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дәрістер тезисі.
Тақырып №1 Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы
Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және объектілері. Криминалистиканың жүйесі. Криминалистикалық санаттар. Криминалистиканың қағидалары. Криминалистиканың жалпы, арнаулы және нақты міндеттері.
Криминалистиканың жалпылама тәсілі, криминалистиканың жалпығылыми тәсілдері, криминалистиканың жеке тәсілдері.
Жеке криминалистикалық теориялардың қалыптасу кезеңі. Криминалистиканың қазіргі кезеңдегі дамуы. Сараптамалық және ғылыми криминалистикалық мекемелер. Криминалистиканың қазіргі кезеңдегі даму тенденциялары. Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы.
Ғылым-техниканың шалқып өркендеуі және өнеркәсіптің қарқындап өсуі, билік режимдерінің ырықтандырылуы, шаруалардың қалаларға бұқаралық қашуы, патриархалдық қағидалардың күш жоғалтуы және азаматтардың байюы, интенсивті айналым, капиталдардың шоғырлануы, бөгде көзқарас үшін олардың «айқындығы», талаптылық табыс негізі және тәуекел өмір нормасы ретінде, еңбек бөлінісі, оның кәсіптілігі және т.б. – ХІХ ғасыр осының барлығымен сипатталады – және осы болып көрмеген факторлардың бәрі тағы бір фаноменнің негізін салды: кәсіби және болашақта – ұйымдастырылған қылмыстың.
Байланыс, көлік, басқа техниканың жаңаша құралдарымен қаруланып, қылмысты жасау мен жасырудың шеттен шыққан, сонымен бірге ғылымды қажет ететін әдістерін пайдаланып, ол Германия, Франция, Англия мен АҚШ-ын басып алды. Бұрын тұрмыстық тәжірибе және дұрыс ойлау негізінде жұмыс істеген жазалаушы ұйымдар енді күшсіз болып қалды. Осыдан – жаңа сапалы қылмыстылыққа қарсы бола алатын жүйеге әлеуметтік тапсырыс. Ғылым мемлекеттер мен қоғамдардың осы тапсырысынан кейін университет профессоры австралиялық сот тергеушісі Ганс Гросс ХІХ ғ. аяғында криминалистика деп атаған білім саласының құрылуымен жауап береді.
Осыған ұқсас бөлек кеңестер бұрынан белгілі. Олар заң шығаратын есткерткіштерде, қылмыстық және азаматтық сот өндіруші, мұрагерлік құқық шығармаларында кездеседі, ал ХІХ ғ. басынан – әсіресе жиі қылмыстық іс-жүргізу бойынша еңбектерде, тергеушілер, полиция қызметкерлері мен жандармерия үшін практикалық басшылықтар мен нұсқамаларда кездеседі. Солай, 1838-1841 жж. Людвиг фон Ягеманның «Соттық тергеу бойынша екі томдық басшылығы» шықты. Алғашқы томы тергеу теориясына арналған. Екінші томда 344 тәжірибеден алынған мысалдардан «тергеу прагматикасының маңызы» қаралған, қысқаша айтқанда олардың ішінен қатары нақты криминалистік сипатпен ие болады. Осыған ұқсас еңбектер Ресейде де шыққан: «Я. Баршевтің (1841 ж.) Ресей қылмыстық сот ісіне қолданылған қылмыстық сот өндірісінің негіздері», Е.Қолоқоловтың (1850 ж.) «Заңдар жинағы бойынша тергеу жүргізу туралы Ережелер мен нысандар» және т.б. Әдебиетте өсиеттер мен келісім туралы басқа құжаттарда толықтырулар, тазартулар, және басқа өзгерістерді табу бойынша кеңестер пайда болған.
Сот медицинасы әділ сот қызметіне бірінші болып қойылған ғылыми пәннің дамуы, - білгір адамның іс-жүргізу тұлғасын өмірге шақырды: сот дәрігерлері өмірге қол сұғу және денесіне зақым келтіру туралы тергеу істерінің тікелей қатысушылары бола бастады. Содан кейін көмекке ғылым, техника мен шеберліктің басқа салаларынан білгіш адамдар шақырыла бастады.
Криминалстік білімдердің дамуы мен қолданылуының ынталылығы болатын сот сараптамасының институты қалыптасады.
Осы білімдердің бірігуінің дамуы ХІХ ғ. аяғында және ХХ ғ. басында ерекше күшпен шығарылған. Өз көрінісін ол қалыптасып жатқан ғылымның полиция қызметкерлерінің, сот шенеуніктері мен ғалымдардың еңбектерінде тапқан. Осы іс-әрекет 3 бағыт бойынша барған:
А) полиция органдарының құштарлығы бар қылмыскерлерді қылмыстық тіркеу мен іздеу құралдарын құру мен дамыту;
Б) айғақты дәлелдерді зерттеудің ғылыми әдістерін құру;
В) тергеуді ұйымдастырумен жоспарлау әдістерін, дәлелдерді табу, белгілеу мен қолданудың құралдары мен әдіс-тәсілдері.
Ең алғашқы бағытты әсіресе антропометрия, дактилоскопия, адамды, фото бейнені суреттеу саласындағы зерттеулерімен көрсетілген.
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген ұғым бар-ол күрделі динамикалық жүйе болып саналады. Бұл жүйе қылмыстық әрекет затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз іс-қимылымен, өзге қатысушы субъектілерімен қатынасынан; қылмыс жасауға дайындалу, оны іске асыру және жасыру жолдарынан; қылмыстық нәтижеден; қылмыс жағдайларынан (уақыты, орны, жағдайы және с.с.) және басқалардан тұрады.
Қылмыс іздері тергеу жүргізіп отырған қылмыстық іс бойынша дәлелдеме тұрғысында көрінуі үшін олар құдіретті тұлғалармен заңды түрде жинақталуы, сарапталуы, бағалануы және пайдаланылуы қажет. Бұл жұмыстар да өз кезегінде криминалистика зерттеп оқытатын белгілі заңдылықтарға бағынады.
Криминалистиканың практикалық маңызы да аталған заңдылықтар негізінде қылмысты ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті техникалы-криминалистік құралдарды, әдістермен тәсілдерді өңдеумен, жетілдірумен және дамытумен байланысты.
Қылмысты ашу, тергеу және алдые алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандары дайындау жауапты іс. Олар материалдық бейнеленген іздерді, заттар іздерін, құралдар іздерін анықтауды, бекітуді, алуды және сақтауды қамтамасыз етіп, тергеу мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен күресті табысты жүргізу үшін «қылмыстың сөзсіз куәларын» тез тауып «сөйлете» білуі керек. Бұл іспен айналысатын бірден-бір ғылым ол-криминалистика. Сондықтан, жоғары заң оқу орындарында криминалистика пәні негізгі кәсіби пәндердің бірі болып саналады.
Қандай да болмасын ғылыммен танысқанда, білген оның тарихы, пайда болу мен даму сатыларын білген жөн.
XIX ғасырда Еуропа мен Америка елдерінде ғылым мен техниканың айқын дамуы кәсіби ұйымдасқан қылмыстардың көбеюіне, ал ол өз кезегінде техника мен байланыстың жаңа құралдарының пайда болуына ықпал жасады. Мемлекеттердің жазалау органдарының бұрынғы пайдаланып келген құралдары мен әдістері енді қылмыстардың күрделі түрімен күресте дәрменсіз болып қалды. Бұл XIX ғасырдың соңына қарай жаңа ғылым саласы-криминалистиканың қалыптасуына себепші болды
Жаңа ғылымның іргетасын қалаған бірнеше ғалымдар ішінде алғашқысы Франция ғалымы Альфонос Бертильон болды. Ол криминалистік тіркеудің, антропометриялық әдісін, сигналетикалық фотосурет негізін, оқиға болған жердегі метрикалық фотосуретке түсіруді, сөзбен айтқан бейнені шығаруды қалыптастырды.
1882 жылы австрия сот тергеушісі Ганс Гросстың «Криминалистика жүйе ретінде сот тергеушілеріне жетекші құрал» атты жұмысы жарық көрді. Бұл еңбегінде автор сол кездегі қылмысты тергеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, олардың жаңа өңделу жолдарын көрсетті. Бұл кітапта Г.Гросс жаңа ғылым саласын «криминалистика» терминімен атауды тарихта бірінші болып ұсынды. Осы кезең, криминалистика-ғылымының жаңа саласы ретінде қалыптасуының басталуы болып саналады да, Ганс Гросс криминалистиканың негізін қалаушы деп танылады.
Ағылшындар Вильям Гершель, Генри Фольдс, Френсис Гальтон, Эдвард Генри қазіргі трасология бөлімі ретінде дактилоскопияның негізін қалаған. Ал, Францияда Эдмон Локар өзінің «Қылмысты тергеудегі ғылыми әдістер» және «Криминалистикадан басшылық» және т.б. жұмыстарында заттай айғақтарды зерттеу әдістемелерін шығарды.
Швейцария ғалымы Рудольф Арчибальд Рейс «Қылмысты тергеудің ғылыми техникасы» еңбегін жазып, дүние жүзінде ең бірінші болып сараптама-қриминалистік лабораториясын құрып, полиция қызметкерлерін заттай дәлелдемелерді зерттеудің ғылыми әдістеріне үйрететін оқыту курстарын ұйымдастырды.
Криминалистиканың дамуына Ресей криминалистері де үлкен үлес қосты. «Құжаттардың сот сараптамасы, оны қолдану мен жүзеге асыру» кітабының авторы Е.Ф.Буринский 1903 жылы Петербургте бірінші сот-фотосурет лабораториясын іске қосты. С.Н.Трегубов өзінің (1915) «Қылмыстық техниканың негізі» атты практикалық жұмысында қылмысты ашуда, тергеуде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолдарын ашып көрсетті. Ал, Б.Л.Бразоль «Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих. Тәжірибе» (1916) шығармасында тергеу қарауы тактикасын қарастырды.
XIX ғ. Аяғы мен XX ғ. Басында ресейлік сот-сараптама мекемелерінің жүйесі пайда болды. 1892 жылы Петербургтің сот палатасы прокурорының сот фотографиялық лабораториясы, 1812 жылы Петербургте ғылыми-сот сараптама кабинеті құрылып, кейін (1913-1914) осындай мемекемелер Мәскеуде, Киевте, Одессада ашылды.
Ресей криминалистері 1917 жылғы Қазаң революциясынан кейін де криминалистиканың дамуына үлкен үлестер қосты.
Өткен ғасырдың 20 жылдарында қылмысты ашу мен тергеуге, тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелеріне байланысты көптеген жұмыстар жарық көрген. Солардың ішінде П.С.Семеновскийдің «Дактилоскопия-тіркеу әдісі ретінде» атты монографиясы (1923), С.М.Потаповтың «Сот фотографиясы» атты оқулық құралы (1926), И.Н.Якимовтың «Қылмыстық құралдар мен тәсілдерді қолдану» атты жұмысы (1925), кітабы Ресейде шыққан бірінші оқулықтар болды.
Совет үкіметінің даму кезінде криминалистиканың көптеген мәселелерін дамытқан белгілі ғалым-криминалистер ішінде В.И. Громов, С.А. Голунский, А.И. Винберг, Е.И. Зицер, Б.М.Шавер, Н.В.Терзиев, Б.И. Шевченко, Б.М. Комаринец, Л.Е.Ароцкер, А.А. Эйсман, А.Р.Ратинов, Р.С. Белкин, Н.П.Яблоков, И.М. Лузгин, Гинзбург және тағы басқаларды айтуға болады.
Осы кезге дейінгі жарық көрген заң әдебиетінде криминалистикаға пәндік сипаттама беру мәселесіне үлкен назар аударылып, көп пікір таластар болғандығы байқалады. Ол орынды құбылыс, себебі әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс та тиімді пайдалануға болады. Берілген түрлі пәндік сипаттамаларды қорыта келгенде, олар негізінен криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге қажетті ақпаратты, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер, сол үшін қылмысты-іс жүргізу заңға сәйкес пайдаланылатын техникалық құралдары, әдістер мен тәсілдерді оқытатын ғылым екені айтылады. Сонымен қатар, криминалистік тәсілдер мен әдістер тек қылмысты тергеу мен ашуда ғана емес, қылмыстың алдын алуға бағытталған және олар алдын ала тергеуде, сот мәжілісінде, кейбір сот іс-әрекетін жүргізуде қолданылады.
М.А. Арыстанбеков, А.Ф.Аубакиров, Р.С. Белкин, А.Я.Гинзбург, С.Е. Еркенов, Е.Ғ.Жәкішев, Ә.А.Исаев, М.Ч.Когамов, Б.М. Нұрғалиев, А.Г.Филиппов, К.Н. Шакиров, А.О. Шакенов тәрізді әйгілі ғалым-криминалистердің көзқарастары орын тепкен оқулықтар мен оқу құралдарындағы бүгінгі күннің талабына сай ақпараттары, сондай-ақ криминалистика ғылымының негізін қалаушы мағлұматтары сұлбалық нысанда енгізілген. Білім алу барысында ақпараттарды көрнекі түрде беру-криминалистиканың қылмыспен күрестегі мағынасы мен алатын орнын нақтырақ көрсету үшін қажет.
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |