Бағдарламасы (syllabus) 3 Оқытушы туралы мәліметтер


Тақырып №2 Криминалистикалық идентификация және диагностика



бет17/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#80128
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
kriminalistika

Тақырып №2 Криминалистикалық идентификация және диагностика
Криминалистикалық идентификацияның түсінігі. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы. Идентификацияның түрлері. Криминалистикалық идентификациялық зерттеу жүргізу кезеңдері. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы. Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде.
Криминалистикалық идентификация ұғымының өзінің атқаратын қызметіне қарай негізгі үш бағыты болады. Олар - мақсаты, міндеті және зерттеу нәтижесі; теңдігін анықтауға бағытталған, қимылдар жүйесі (процесс); криминалистиканың жалпы теориясына құрамды элемент болып енетін, теориялық тұжырым (концепция).
Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері материалдың дүниедегі барлың объектілерде болатын мынадай қасиеттермен анықталады:
1. Жеке даралық;
2. Салыстырмалы тұрақтылық;
2. Объектілердің қоршаған ортада кескінделу мүмкіндігі.
Объектінің жеке даралығы - тура осындай объектілердің біреуінде жоқ, ңайталанбас белгілер жиынтығымен байқалады.
Криминалистикалық идентификация теориясының негізінде, материалдық дүниедегі барлық объектілер қайталанбас, дара деген, диалектикалық теңдік туралы философиялық ілім жатыр. Осыдан, барлық белгілері бойынша тең келетін, екі бірдей объект болмайтынына көзіміз жетіп отыр. Өзінің тобы, түрі бойынша ұқсастығы бар деп айта аламыз, ал мүлдем толығымен тең болатын екі объект болмайды, өйткені, оларда әрқашан ерекшеліктер болады.
Мысалы, егіз адамдардың өзінде де ұқсастың белгілер көп болғанмен, олардың әрңайсысының дене бітімінен, кескін-келбетінен жекелейтін ажыратпа (ерекше) белгілерді табуға болады.
Идентификация мақсатында қолданылатын объектілердің белгілерін идентификациялық белгілер деп атайды. Олар төмендегідей бөлінеді:
• жалпы (объектілердің бір тектес тобын сипаттайтын) және жеке (нақтылы объектіні топ арасынан бөліп шығарып, идентификациялауға көмектесетін);
• сыртқы (объектінің сырт құрылысын, формасын, өлшемін көрсететін) және ішкі (объектінің ішкі құрылысын көрсететін);
• сапалық (мысалы, түсі-сары, папилляр өрнек-тұзақ (петлевой) және сандық (мысалы, аяқ киім ізінің өлшемі, тапанша оңпанының каналындағы иірімдер саны (қоличество нарезов);
• қажетті (объект мөнін сипаттайтын, мысалы атыс қаруының калибрі) және кездейсоқ (мысалы, қолдану барысында пышақ үстінде пайда болған кедір-бұдырлар).
Объектіні идентификациялаудағы белгілерді қолдану шарттарына олардың елеулігі (ерекшелік, өзіндік, өзгешелік), айқындалу немесе кескінін түсіру (бірнеше рет бейнелену мүмкіндігі) және салыстырмалы тұрақ-тылығы жатады.
Нақтылы объектіні теңдестіруге жеткілікті идентификациялық белгілер жиынтығын идентификациялық өріс (поле) деп атайды.
Криминалистикалық идентификацияның екінші алғы шарты ретінде объектілердегі салыстырмалы тұрақтылықты атауға болады. Ол қандай да бір уақыт аралығында объект өз даралығын сақтай тұру қасиетімен анықталады.
Тұрақтылық мөлшерін анықау барысында, қоршаған орта, уақыт факторы жөне тағы басқалардың әсер ету нәтижесінде, объекті белгілерінің өзгеру қасиетін ескерген жөн (мысалы, автокөлік доңғалағының протекторларында кесілу түріндегі, эксплуатация нәтижесіндегі қажалулар сияқты жаңа белгілердің пайдаболуы). Аталмыш қасиеттер криминалистикалың идентификацияның идентификациялық аралық деген категориясымен байланысты.
Осыдан, идентификациялық аралық деп кескіннің (іздің) пайда болу уақытынан бастап, осы кескін арқылы объектіні теңдестіру мезетіне дейінгі уақыт аралығын айтады.
Идентификацияның үшінші жағдайы болып, объектілердің қоршаған ортада кескінделу мүмкіндігі табылады және де криминалистикалық идентификацияның мәні де, нақты объектінің (тексерістегі) өзін оның кескінімен салыстырып қарауда жатыр. Мұндай іс-әрекет материяның жалпылама қасиеті — кескінделумен (отражение) негізделген. Кескіндердің пайда болуы -кескінделетін объектілердің қасиеттерін көрсететін және оңып білуге жататын заңдыльщтарға бағынады. Кескінделудің екі нысанын ескерген жөн:
1) материалдың түрде бекіген (материально-фиксированный), мысалы, қол саусақ іздері, аяқ киім іздері және т.б. 
2) идеалдық немесе психофизиологиялық (адам ойындағы (есіндегі) заттардың, құбылыстардың ой бейнелері).
Идентификация барысында алынатын нәтижелер:
а) теңдіктің (тождество) болуын анықтау;
б) теңдіктің болмауын анықтау;
в) теңдестіру мумкіндігі жоң деген қорытындысы (мысалы, белгілердің идентификациялың жиынтығының жоқтығынан). 
Криминалистикалық идентификацияның субъектілері мен объектілері 
Криминалистикалық идентификацияның субъектілеріне қылмысты тергеп ашу барысында идентификациялық сұрақтарды шешетін тергеушілер, сарапшылар, мамандар, сот және басқа да қылмыстық процеске қаты-сушыларды жатқызамыз.
Криминалистикалық идентификацияның объектілеріне адамдар (жәбірленушілер, айғақтар, айыпкерлер және басқалар), материалдың заттар (аяқ киім, қылмыс құралы, көлік құралы, қару жөне басқалар), жануарлар, өсімдіктер жөне тағы басқаларды жатқызамыз.
Сонымен қатар, зерттеу объектілеріне қандай да бір заттардың бөліктерін, яғни, олардың тұтас затқа жататындығын анықтауда көмектесетіндерді айтамыз (ұстановление целого почастям). Мұнда «тұтас» деген ұғым кең мағынада қарастырылады:
1) біртұтас құрылымды (монолитті) заттар, бұйымдар, материалдар;
2) биологиялық объектілер, мысалы, өсімдіктер;
3) механизмдер мен агрегаттар;
4) заттар комплектілері (мысалы, пышақ және оның қыны).
Идентификацияда қолданылатын объектілердің екі түрі болады:
1) идентификациялауға жататын (идентифицируемый), яғни, теңдігі анықталатын объект;
2) идентификациялауға көмектесетін (идентифицирующий), яғни, осы объектінің көмегімен теңдігі анықталады.
Дәлірек айтқанда, оқиға болған жерде саусағының іздерін қалдырған адам идентификациялауға жататын объект болады да, ал саусақ іздері идентификациялауға көмектесетін объектіге жатады; қолжазба идентифи-кациялауға көмектесетін объекті ретінде пайдаланып, ал қол жазу (почерк) белгілері бойынша анықталатын адам идентификациялауға жататын объект болып саналады.
Идентификациялауға көмектесетін объектілердің екі түрі болады:
• пайда болу тегі белгісіз (неизвестного происхождения) заттық дәлелдемелер, мысалы, оңиға болған жерден табылған аяқ киім іздері;
• пайда болу тегі белгілі (известного происхождения), салыстырмалы зерттеулерге арналған үлгілер. Олар алу тәсіліне байланысты еркін (свободный) және эскперименталды болып бөлінеді.
Еркін үлгілер деп тергеліп жатңан ңылмысңа қатыссыз жағдайда пайда болып, идентификациялауға көмектесетін объектілер түрінде қолданылатындарды атайды (мысалы, күдіктінің хаттарындағы, қызмет құжаттарындағы қол жазу үлгілері).
Эксперименталды үлгілер деп тергеу барысында пайда болған идентификациялың сұрақтарды шешу үшін арнайы алынатын идентификациялауға көмектесетін объектілерді атаймыз (мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 256-бабының, 2-тармағында көрсетілгендей, күдіктіден қол саусақ бедерінің көшірмесі, яғни, эксперименталды үлгісі алынады).
Объектілердің идентификациялық зерттеуінің кезеңдері:
а) алдын ала зерттеу дегеніміз — салыстырмалы материал сапасының жеткіліктілігі туралы сұрақты шешу;
б) нақты зерттеу дегеніміз - зерттеуге берілген объектілерде идентификациялық белгілерді табу;
в) салыстырмалы зерттеу, ол дегеніміз, идентификациялауға жататын (идентифицируемый) және идентификациялауға көмектесетін (идентифицирующий) объектілер белгілерін салыстыру;
г) нәтижелерге баға беру және қорытынды жасау. 
Криминалисикалық диагностика объектілердің күйін, оқиға, құбылыс және процестерді бақылайды. Криминалистикалық диагностикаға сүйенсек, оқиға болған жердегі табылған аяқ іздерін адам іздерімен сәйкестендірумен қатар, адамның қай бағытта жүргендігін, шамамен жүру жылдамдығын, жүк алып жүру фактісін, не болмаса адамның қараңғыда жүргендігін анықтауға болады.
Бұзу құралдарының іздері арқылы бұзу құралын анықтаумен қатар, бұзу әдістерін, бұзушының тәжірибесін, оның физикалық күшін, бұзу үшін кеткен уақытты және т.с.с. анықтауға болады.
«Диагностика» сөзі грек тілінен аударғанда «айырып тану», «айыру», «анықтау» деген мағынаны білдіреді. Өзара синонимдес болып табылатын бұл терминдердің әр қайсысы күрделі процестің бір аспектісін суреттей алады. Айырып тану – белгілі объектіге ұқсастық белгілеу. Криминалистикада мұндай белгілеу белгілі объектіге ұқсас типтік модель арасындағы ұқсастық белгілеу арқылы жүзеге асады. Айыру – бөліп алу, объектіні өзіне ұқсас объектіден дифференциациялау. Медицинада, мысалы, анықталған аурудың типтік формасын өзара ұқсас симптомды басқа ауру формаларынан ерекшелейтін дифференциальды диогностика деген ұғым бар. Және де соңғы термин, анықтау – зерттеліп отырған объектінің өзара ұқсас типтік моделдерімен ұқсастығын салыстыра отырып, жеке өзіне тән белгі, қасиеттерді анықтайды.
Осыған сәйкес криминалистикалық диагностиканың жалпы мақсаты – объектінің (құбылыстың) күйін және құрамын түсіндіру, болжау жолдары арқылы объективті шындықты белгілеу (анықтау, ашу). Сондай-ақ, диагностика жалпы оқиғаның (құбылыс, факті) нәтижесі негіз болатын ұғыну, түсіну процесі ретінде де қарастырылуы мүмкін. Соттық дәлелдеудің күрделі жүйесінің бір методы болып табылатын диагностика шындықты белгілеудің жалпы принциптеріне сүйенеді. Соттық дәлелдеуді танымдық қырынан алғанда өткен оқиғаларды ойша ұйымдастыру түрінде жүзеге асады. Нәтижесінде кері бағыт деп аталатын қорытынды түйін пайда болады. Мысалы, құбылыстан – оның маңызына, салдардан – себепке, бейнелеуден – бейнеленген объектінің күйі мен ерекшілігінің анализне кері бағыт басымдылық танытады. Мұндай танымдық процестің методологиялық негізі бейнелеу теориясы болып табылады.
Криминалистикалық диагностика оқиғасы (ситуациясы) дәлелдеу объектісі ретінде келесі ақпараттық қасиеттерге ие:
а) қаралып отырған оқиға бұрын орын алған жағдайда ( ретроспективность);
ә) бірегейлік, яғни оқиғаның мән-жайы мен талаптарының, ерекше белгілерінің қайталанбастығы;
б) материальдық және шынайы (идеальды) формаларының бейнеленуі, яғни адам (қатысушы, куәгер, жәбірленуші) санасында заттай бейнеленуі, елестеуі.
Оқиғалы ситуацияны анықталған жүйе ретінде қарай отырып, фактілерді қарауды шартты түрде екі ұлкен топқа біріктіруге болады:

  1. Бірқалыпты (стабильный) құрамды оқиғаға жататындар. Бұл оқиғаға қатысушыларды, қылмыс құралдары, өзге де заттарды, анықталған іздерді жатқызамыз.

  2. Өзгермелі құрамды оқиғаға жататындар. Бұл топқа объектілердің күйін, уақыт және орын талаптарын, субъектілердің бірге әрекет ету механизмін жатқызуға болады.

Аталған мәселеге және фактілерді қарау ақпараттарына сәйкес екіге бөлуге болады: қылмысқа қатысты бірқалыпты материалды объектілер және болған оқиғамен байланысты өзгермелі ситуациялық талаптар. Егер оның қайта құрылуына нақты объектілердің барабарлығы туралы ақпарат керек болса, онда сәйкестендіру әрекеттері жүргізіледі (объектілерді олардың іздері бойынша сәйкестендіру, теңестіру, бөліктер арқылы тұтас бір объектіге қол жеткізу, пайда болуына себеп болған қайнар көздерді табу, т.с.с.). Егер қайта құру кезінде зерттеу пәні нақты ситуациялық факторларды (бірінші түрдегі объектілердің болу талаптары, бірге әрекет етуі, салдардың пайда болу себебі) белгілеу болса, онда бірінші жоспар диагностикалық амалдарды жүргізу болуы тиіс.
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет