Бағдарламасы (syllabus) 3 Оқытушы туралы мәліметтер


Тақырып №5 Соттық қарутану



бет20/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#80128
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
kriminalistika

Тақырып №5 Соттық қарутану
Криминалистикалық қарутанудың түсінігі. Суық қарудың түсінігі. Суық қаруларды жіктеу.
Сот баллистикасының түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы. Сот баллистикасының объектілерін табу және қару. Атылатын қаруды криминалистикалық зерттеу. Оқтарды криминалистикалық зерттеу. Атылған гильза бойынша идентификациялауды жүргізу. Атудың іздерін криминалистикалық зерттеу. Атудың дистанциясын анықтау.
Жарылыс заттары және оларды қолдану іздерін зерттеу. Жарылыстехникалық сараптама кезінде шешілетін негізгі міндеттер.
Белгілі бір зат суық қару болып табылама және қандай түрге жататынын анықтау үшін оның системалық саралауын және оның құрылғыларын білу қажет.
Суық қару қолдану тәсіліне байланысты: шабушы (қылыштар), шауып – кесуші (ятағандар, палачтар, қылыштар), шаншушы және шауып– кесуші ( ірі бәкілер, штыкнождар, финдық пышақтар, десанттық, аңшылық, ұлттық пышақта, найза – тесақтар); ұрып – майдалаушы (кистен, кастет, шоқпар, нунчак, ұрышу перстендер және т.б.) Атыс – қарулардың қолданылуына байланысты: жауынгерлік (әскери, азаматтық) және аңшылық. Жауынгерлік қару штаттық және ол нақты күшпен адамға жарақат салуға арналған, соған қоса қол күресінде де (қылықтар, шашкалар және т.б.) қолдануға арналған.
Азаматтық суық қару арнайы адамдарға қарақшылық және қорғану мақсатында қолданылады (ұлттық пышақтар, бәкілер және т.б.). Аңшылық қарулар жануарларды өлтіріге, олардың денелерін бөлектеуге арналған.
Дайындау тәсіліне байланысты суық қару: а) өндірістік (зауыттық, фирмалық, стандарттық); б) қолдан жасалған, арнайы қару мамандардың кәсіби көзқарасы бйынша (тайпалық, ұлттық); в) атиптік (қалыптан тыс).
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет