Бағдарламасы (syllabus) 3 Оқытушы туралы мәліметтер


Тақырып №6 Құжаттарды криминалистикалық зерттеу



бет21/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#80128
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
kriminalistika

Тақырып №6 Құжаттарды криминалистикалық зерттеу
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде. Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері. Қолжазба белгілерінің түсінігі. Қолжазба үлгілерінің түсінігі. Сот қолжазбатану сараптамасына дайындық. Сот қолжазбатану сараптамасының әдістемесі.
Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері.
Құжаттарды техникалық криминалистикалық зерттеу. Құжаттардың бланкілерін зерттеу. Машинажазбалық мәтіндерді зерттеу. Мөрлердің және мөртаңбалардың оттискілерін зерттеу. Жартылай өзгертілген құжаттарды зерттеу.
Құжат термині латын тілінің «documentum» сөзінен шыққан, Ежелгі Римде ол « дәлел бола алатының барлығы, сабақ, мысал» дегенді білдіреді. Қазіргі таңда ол тар мағынада қолданылады:
белгілі бір жағдайлар туындағанда өзінің пайда болуының және өмір сүруінің дәлелі бола алатын жансыз зат;
қоғамдық адамдардың айтқан ойлары және қызметі, жазбаша акт.
Заң саласында «құжат» кең мағынада қолданылады. Мында алғашқыда көзге толық мағынасы түседі. Құжат ретінде материалдық бекітілген, адамның юридикалық мағызы бар фактілерді қамтитын хат.
Адамның қызметінің дамуына байланысты хаттарда тек қана белгілер мен нышандармен ғана емес (телеграфтармен, схемалармен, чертеждермен, ғылыми белгілермен), сонымен қатар қазіргі уақытқа сай басқа да түрлерімен де ақпарат таситын болған.
Процессуальдық нысаннан қарағанда барлық құжаттар үш түрге бөлінеді: құжаттар – заттай дәлелдеме, құжаттар – жазбаша дәлелдемелер және құжаттар – салыстыру мақсатындағы үлгілер.
Криминалистикалық зерттеуге қылмыстық процесс бойынша көбіне – құжаттар – заттай дәлелдемелерді қарастырады. Бұл топ басқа екі топқа қарағанда, ол қылмыстық материалдық белгілердікамтиды және іс бойынша ауыстырылуға жатпайды.
Заттай дәлелдеме ретінде құжат өзінің көптілігінде келесі топтарға қосыла алады:

  1. Қылмыс құралы ретінде жалған жасалған есептер, ведомосттар, ауруханалық парақтар және т.б.

  2. Құжат қылмысты жасыру амалы ретінде. Мысалы, өзін – өзі өлтіру туралы хаттарды өлген адамның өзі жазған сияқты.

  3. Қылмысты ашу және белгілі мән – жайларды орнату үшін құжат – амал ретінде.

Тергеу органдары және сот көбінесе жазбаша құжаттармен жұмыс істейді.
Жазбаша құжаттар ресми және жеке болып бөлінеді. Біріншісі – заңды тұлғалардан, ал екіншісі – азаматтардан шығады. Жеке құжаттар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарында немесе мемлекеттік органдармен расталса ресми түрге жатқызылады.
Олардың әртүрлілігіне қарамастан барлық жазбаша құжаттарға ортақ талап қойылады.
а) белгілі жайлар мен фактілерге қатысты анықтамалар болуы. Ақпарат көзі оны тексере алатындай және қалыпқа келтіре алатындай болуы керек.
б) құжаттағы бейнеленген фактілер мен мән – жайлар туралы мәлімет іске қатысты болуы керек.
в) құжаттағы фактілер және мән – жайларды қамтитын құжаттар лауазымды тұлғалар мен мекемелердің құзіреті баяндалып және расталуы керек, ал егер құжат азаматтан болса – онда ол оның құқық шеңберінде және хабардар болуы қажет.
Егер құжат жоғары көрсетілген талаптардың біреуінде қанағаттандырмаса , онда ол шынайы, расталған құжат бола алмайды.
Ресми құжаттар міндетті түрде белгілі нысанда және оның реквизиттері болуы керек. Реквизит деп құжатта міндетті түрде көрсетілуі керек мәліметтерді айтамыз, мысалы: штамптар, мөрлер, өкілетті тұлғалардың қолдары; құжатты дайындау және құру тәртібі туралы мәліметтер (тираждың нөмірі, тираж ауқымы және т.б); кейбір құжаттарға міндетті формалар ( сенімхат, накладная және т.б.).
Жеке құжаттар арнайы ешқандай формасыз болады, бірақ оларда міндетті түрде: тегі, әкесінің тегі мен аты, мекен – жайы, мекеменің аты және азаматтардың аттары жазылады. Құжатты толтырған адам оны өз қолымен бекітеді.
Расталған, арнайы немесе белгіленген формадаға құжат жарамды және жарамсыз болып бөлінеді. Жарамды деп заңды күші бар құжаттарды айтамыз (мыс., мерзімі бітпеген сенімхат), ал жарамсыз деп өзінің заңды күшін жойған құжатты айтамыз (мыс., манағы сенімхат өзінің қолдану мерзімі аяқталғанда).
Шынайы құжаттан жалған құжат мынадай айырмашылықта болады, ол ешқандай заңды күші жоқ, себеі оның құрамы немесе реквизиттері шындыққа сай емесболып табылады. Жалғандықтын екі түрін ажыратады: интелектуальдық және материалдық.
Интелектуальдық жалған құжат оның құрылуында және оның берілуінде көрсетіледі, формальді жағынан дұрыс болып табылады ( реквизиттың толық және дұрыстығы), бірақ толтырылуы жағынан жалған мәліметтерді қамтиды. Мысалы, жалған құжат, формаға сәйкес толтырылған, бірақ беткі бланкінде лауазымды адамдармен заңсыз жасалған тауарларды тасмалдау шарты.
Материалдық жалған құжаттарда шынайы құжаттың құрамына өзгертулер енгізіледі, дәлірек айтса шынайы мәліметтің орнына жалған мәліметтерді жазу ( өшіру, өзгертіп жазу, дұрыстау және тағы да қосып жазу). Материалдық жалған құжаттарды криминалистикада жалған жасалған құжат деп атайды. Олар екі топқа бөлінеді: 1) жартылай жалған жасалған құжаттар; 2) толығымен жалған жасалған құжаттар.
Интелектуальдық жалған құжаттың болуын тергеушінің іс­ – әрекеттері арқылы : тергеу, құжатты тексеру және т.б. Материалдық – криминалистикалық зерттеу арқылы танылады, кейде оның белгілері тергеушінің немесе анықтаушының өзімен анықталуы мүмкін.
Құжаттардың мінездемесіне және шешілетін мәселелеріне байланысты криминалистикалық зерттеу үш категорияға бөлінеді: біріншісіне, криминалистикалық зерттеу (қолжазбатану), екіншісіне, мәтін авторын криминалистикалық зерттеу (автортану), үшіншісіне, құжаттарды техника – криминалистикалық зерттеу.
Қолжазбатану және автортану идентификациялық және диагностикалық мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет