Тақырып №10 Жауапалудың тактикасы Жауап алудың түсінігі мен міндеттері. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Жауаптың қалыптасу кезеңдері. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер. Қайшылықты жағдайда және қайшылықсыз жағдайда жауап алудың тактикасы. Жәбірленушіден жауап алудың тактикасы. Куәдан жауап алу тактикасы.
Сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу тактикасы. Сезікті қылмыстық іс жүргізудің субъектісі: оның құқықтары мен міндеттері. Көрсетулерді беру сезіктінің құқықтар жүйесінде. Сот дәлелдемелері қайнар көздерінің жүйесінде сезікті көрсетулерінің алатын орны. Сезікті көрсетулерінің психологиясы. Сезікті көрсетулерін бағалау.
Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің көрсетулерінің айырмашылықтары. Айыпталушы көрсетулерінің процессуалдық табиғаты және пәні. Айыпталушының қорғануға құқығы.
Айыпталушы көрсетулерінің мазмұны және нысаны. Көрсетулердің түрлері. Қылмысын мойындау. Біреудің қылмысын мойнына алу және басқаға жала жабу. Беттестіру.
Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтканда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бүған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, қылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады. Бұлар - заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, қылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмысты оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болган қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылығы жоқ. Сондықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендірш, өзінщ жасаған ауыр қылмыстарынан кұтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс.
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.