Бағдарламасы (syllabus) 3 Оқытушы туралы мәліметтер


Тақырып №11 Тану үшін көрсету тактикасы



бет26/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#80128
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
kriminalistika

Тақырып №11 Тану үшін көрсету тактикасы
Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Адамдарды тану үшін көрсетудің процессуальдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері. Мәйіттің жеке басын анықтау. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері. Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту.
Қылмыстық істерді тергегенде кей жағдайда жеке адамның, заттардың, бұйымдардың және басқа да объектілердің осы тергеліп жатқан қылмысқа байланысын анықтау үшін оларды жәбірленушіге, куәге тану мақсатымен ұсынып, көрсетуге тура келеді. Бұл объектілерді тану үшін көрсету тергеу әрекетінің қылмысты ашуда, іске керекті дәлелдемелерді тауып, жинауда маңызы зор. Себебі осы әрекет арқылы қылмыс жасаған адамның кім екені анықталады, іс бойынша қажетті заттай дәлелдемелер табылады. Бұл тергеу әрекетінің мағынасы - ол қылмысқа байланысты бұрын көрген объектіні танушы адамның өзінің ойында қалған осы объектінің белгілері бойынша танып, айыруы. Яғни, психологиялық жағынан алғанда Бұл да криминалистикалық идентификациялау процесінің бір түрі. Мұнда да танушы адам өзіне көрсетіп отырған объектідегі белгілерді, өзінің бұрын көрген объектіні ойында қалған белгілерімен салыстырып, тендестіріп, сол бойынша мына көріп тұрған объектісі бұрын көрген объектінің нақ өзі, немесе ол еместігін айырып, шешуі керек. Тану үшін көрсетілетін объектілер қатарына жататындар: адамдар, мәйіт, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бір жерлер де көрсетілуі мүмкін. Тану үшін көрсету дегеніміз ол жәбірленушіге, куәге, сезікті адамга немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету арқылы, осы объектіні оның бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер көрген болса, қашан және қандай жағдайда көргендігін, оны нақты кандай белгілері бойынша танитындыгын айырып, шешу үшін жүргізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
Бұл тергеу әрекетін өткізудің қажеттігі тергеу үстінде алынған жауаптан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетінің жауап алумен көп ұқсастыгы бар. Тіпті, бұрынырақ бұл тергеу әрекеті жауап алудың бір түрі есебінде саналып жүрді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бұл тергеу әрекеті адамның кім екені, яғни, заттарды танытқанда жауап алу деп аталып, жауап алудың бір түріне теңестірілді. Бірақ Бұл тергеу әрекетін өткізудің психологиялық процесіне талдау жасасақ, ол криминалистикалық идентификациялау процесінің бір түрі ретінде идентификациялық қағидалар тұрғысында өткізіледі. Бұл тергеу әрекеті объектілерге тән белгілерді тендестіруге негізделеді. Әдетте, көзбе-көз көріп тұрған белгілерді салыстыру арқылы идентификациялық сүрак шешілмейді. Салыстыруға негіз есебінде алған белгілердің бір тобын танушы адам көзбе-көз көріп түрса, салыстыруға қолданатын екінші белгілер, олардың бейнесі жаңағы танушы адамның ойында. Сол ойында қалған белгілерді көріп түрған белгілермен салыстыру арқылы танушы адам осы салыстырып отырған объектіні бұрын көрген не көрмегендігін шешеді. Тануга байланысты мұндай психологиялык процеске эр түрлі факторлар, себептер эсер етеді. Айталық, танушы адам осы тану үшін көрсетіліп отырған объектіні қандай жағдайда, қандай қашықтықта көрді, көргенінен бері қанша уақыт өтті, осыны көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционалдық жағдайы қандай болды және т.б. Осылардың бәрі тану мүмкіндігіне көп эсер етеді. Сондықтан тану үстінде осы жағдайлардың бәрі ескерілуі қажет.
Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет