Студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)
AFKH 1215 «Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия» пәні бойынша
2020-2021 оқу жылына арналған
1. Негізгі мәліметтер
|
Факультет
|
Ветеринария
|
Мамандық (шифры, аты)
|
6В09101 – «Ветеринарлық медицина»
|
Курс, семестр
|
1-курс, 1-семестр
|
Пән статусы
|
БП/ТК
|
Кредит саны
|
4
|
Сабақ өтетін аудитория
|
№434, №440 4 оқу ғимараты
|
Дәріскер
|
Ахатова Зауеш Сулейменовна, х.ғ.к. қауым. проф., 4 корпус 436 каб, 87778220619, 87012883685 zsakhatova@mail.ru, https://bbb.kaznau.kz/b/tmm-xgd-uc7
|
Практикалық және зертханалық сабақтарды жүргізетін оқытушылар
|
Ахатова Зауеш Сулейменовна, х.ғ.к. қауым. проф., 4 корпус 436 каб, 87778220619, 87012883685 zsakhatova@mail.ru, https://bbb.kaznau.kz/b/tmm-xgd-uc7 Консультация мерзімі: әр сейсенбі сағат 1500-1600
|
2. Пререквизиттер және постреквизиттер
|
Пререквизиттер:
|
Бейорганикалық химия, органикалық химия
|
Постреквизиттер:
|
Биохимия, жануарлардың физиологиясы
|
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
|
Мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты: аналитикалық, физикалық және коллоидтық химияның негізгі бөлімдерімен, қосылыстардың сапа және сандық талдау әдістерімен, термодинамикалық процестерімен, дисперстік жүйелермен, коллоидты бөлшектермен олардың қасиеттерімен таныстыру.
|
Міндеттері: студенттердің химиялық талдау жүргізуде химиядан қажетті теориялық білім алуы және практикалық дағдылануы.
|
4. Студенттің жұмыс уақытының бөлінуі
|
Барлығы
(көлемі)
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс жұмыс БӨЖ
|
Дәріс
|
Зертханалық сабақ
|
Практикалық сабақ
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
4 кредит
120 сағат
|
50 мин./саб.
|
100
мин./саб.
|
50 мин./саб.
|
20 сағат
|
60 сағат
|
12 сабақ
|
12 сабақ
|
16 сабақ
|
5. Пәнді оқығаннан кейін студент:
- білуге тиіс: химиялық, физикалық, физика-химиялық анализ, сапа, сан талдау әдістері, гравиметрия, титриметриялық анализ әдістері, ФЭК, қағазды хроматографияны, термодинамикалық параметрлерді, мицеллаларды.
- дағдысы болу керек: практикалық мәселелерді шешуге, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін білімдерін ұштастыруға
- құзретті болуы керек: аналитикалық, физикалық және коллоидты химияның жалпы теориялық және тәжірибелік принциптері мен әдістерінде
|
6. Курс саясаты
Сабақтан кешікпеу және қалмау, оқытушы ұсынған сабақтың мазмұнын мұқият тыңдау және сабаққа белсене араласу, аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қойып жұмыс істеу, қалған сабақтарды қосымша орындау, кітапханада және үйде өз бетінше дайындалу. Ең үлкен балл студентке тапсырманы уақытында және жоғары сапамен орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында оқытушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды. Аралық бақылауларды, СӨЖ-ді (семестрлік жұмыстар) тапсырмаған студент емтиханға жіберілмейді. Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін студент ағымдағы және межелік бақылау нәтижесінде 50% - дан жоғары балл алу керек. Емтиханда студент ең көбі 100% алады. Ондай балл алу үшін емтихан билетіндегі барлық сұраққа толық және сапалы орындалған жауап беру керек. Жауабы толық болмаса немесе орындау сапасы төмен болса, онда пайыз мөлшері азаяды. Студенттердің оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар "А"-дан "D"-ға дейін азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F") балдармен бағаланады. (білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау кестесі құжаттың соңында келтірілген). "FХ" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студент оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие. "F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студент осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.Емтихан билетінде 4 сұрақ (2 сұрақ,2 есеп) болады. Әр сұрақ 100 баллмен бағаланып, орта баллы шығарылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |