Бағдарламасы (syllabus) Инклюзивті білім беру пәні бойынша дайындалған типтік оқу бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды


Тақырыбы:10.Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару. Сағат саны



бет28/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#90259
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
Иклюзивтік білім беру ФКиС

Тақырыбы:10.Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару.
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Түзеу арқылы дамыту жұмысы міндеттерінің өзгеруі бұрынғы кезеңдерде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, қайтадан командалық бағалау бойынша жұмыс жасау мониторингі.

  2. Жұмыстың негізгі әдісі ретінде қолданылатын «командалық әдіс.

  3. Топ құрамына кіретін мамандар.

Дәріс тезисі
«Инклюзивті білім беру» ұғымы біздің өмірімізде 1996 жылдан бастап пайда болды, және көптеген елдерде бекітіліп заңдастырылған.Қазіргі таңда әртүрлі жастағы балаларды жалпы білім беру жүйесіне кірістіру Қазақстанда да кеңінен таралып отыр.
Инклюзивті білім беру кабинетінің жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі: әр баламен мамандар жұмыс жасайды, Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік мұғалім.Сонымен, түзету –педагогикалық мамандарының тобын әртүрлі мамандар құрайды, және инклюзивті білім беру кабинетінде олардың барлығын – педагог деп атаймыз.Сондай – ақ команданың белсенді мүшелері баланың ата-аналары болып табылады.Команданың әр мүшесі ортақ жұмысқа өз үлесін қосады – әртүрлі мамандар баланың мәселесін өз көзқарасымен көреді. және оны жоюға мүмкіндік береді.
Түзете-дамыту бағдарламасын құруда және оны жүзеге асыруда мамандар міндетті түрде бірігіп әрекет етеді: жұмыстың нәтижесін бірге талқылайды, балада болған өзгерістерді, алдағы сабақты өткізуге ұсыныстар айтады, бағдарламаға түзетулер енгізеді.
Инклюзивті білім беру кабинеті арнайы мекемелердің қатарына жатады және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге жүйелі педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық көмек көрсетіп, оларды қалыпты дамыған балалардың ортасына кірістіруді көздейді.
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларға жүйелі педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық көмек көрсетіп оларды қалыпты дамыған балалардың ортасына кірістіру.
Міндеттері:

  1. тірек қимыл аппараты, зияты, естуі, көру қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтік оңалтуда, оларды қалыпты дамыған балалардың ортасына кірістіруде жүйелі педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

  2. Баланың мәселесін жүйелі түрде пәнаралық команда мамандарының тексеруі мен түзету- педагогикалық, және әлеуметтік көмек көрсету үшін баланың қажеттілігі мен мүмкіндіктерін анықтау;

  3. баланың дамуын әлеуметтік жағдайда ескеріп, жеке дамыту бағдарламасын құру және өңдеу;

  4. түзете-дамыта оқыту формасын жеке және топтық түрде өткізу;

  5. мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеуде ата-аналарды оқыту және кеңес беру;

  6. мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескеріп, жалпы білім беру ортасына кірістіруде жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру және дайындау ;

  7. Арнайы міндеттері:

  1. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес баланың дамуын әлеуметтік-тұлғалық, зияттылық, көркем-эстетикалық тұрғыда жүргізу;

  2. Тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқушылығына квалификациялық түзетуді жүргізу.

  3. Денсаулығында ақаулығы бар балаларды тұтас білім беру кеңістігіне кірістіру.

Инклюзивті білім беру кабинетіндегі түзете- дамытушылық жүйені ұйымдастыру әдіскердің бекіткен оқу жоспарымен, календарлық жылдық жоспармен және сабақ кестесімен ұйымдастырылады.
Баланы медициналық-педагогикалық, клиникалық зерттеуден кейін жекешеленген принцип негізінде оқу- тәрбиелік жұмысы жүргізіледі.
Сөйлеу ерекшелігін, назарын, еңбекке қабілеттілігін, олардың дамуының динамикасын, білім деңгейін анықтау, оқу материалын меңгерудегі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жүйелі зерттеу тәрбиеленушінің болашақ дамуын және түзету жұмыстарын таңдау үшін жүргізіледі.
Инклюзивті білім беру кабинетінде балалар қазақ және орыс тілдерінде білім алады.
ИБК мамандары жеке және топтық жұмыс түрлерін пайдаланады, олар;

    • Кешенді психологиялық- медициналық- педагогикалық зерттеу;

    • балалар мен ата-аналарға жеке және топтық кеңес беру;

    • тәрбиешілер мен ата- аналарға жеке және топтық кеңес беру;

    • тәрбиешілер мен балаларға жеке және топтық кеңес беру;

    • мүмкіндігі шектеулі балалардың тілдік және танымдық қабілеттерін түзету;

Кешенді зерттеудің пайдалылығы дамушының жеке компоненттерінің арасындағы өзара байланыстың толық талдауын, сонымен қатар жеке тұлға мен даму факторын береді. Баламен жүргізілген жеке және топтық жұмыстың біріктірілуі, отбасына және мамандарға көрсетілетін әдістемелік көмек ,түзету оңалту үдерісінде баланың жеке тұлғасының дамуына оңды әсер етеді.
Толық диагностикалық зерттеуді жүргізу кезінде медициналық және отбасылық анамнез, бала дамуының әлеуметтік жағдайы, соматикалық жағдайы, есту, көру, қозғалыс сферасының жағдайы, баланың эмоционалдық сферасының дамуының ерекшелігі, баланың жас ерекшелігіне сәйкес ерекшелігі мен психикалық дамуының бұзылуы, мінезінің ерекшелігі зерттеуге эмоционалдық реакциясы және көзқарасы анықталды.
Бұл жұмыстың нәтижесі анықталған диагноз арқылы психологиялық педагогикалық оңалту мен әлеуметтік бейімделуге жағдай жасайды, ал ол оқытуда жаңа түзетулер енгізуге және жеке әрекет етуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижесінде жинақталған барлық мәліметтер әр баланың ерекшелік қажеттілігін ескере отырып, «портфолиосына» салынады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылады.
Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтың қатысуымен бұзылу түрі, ақау құрылымы, жас ерекшелігі және әр баланың, тұлғаның ерекшелігі есепке алына отырып, түзете- дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Баланың жеке тұлғасының мүмкіндіктері мен қабілеттері зерттеліп, психиатр мен педиатрдың нұсқаулары ескеріліп, әлеуметтік бейімдеуде психофизикалық кемшіліктерін түзету жұмыстары жүргізіледі.
Балаларға ыңғайлы орта жабдықталған. Топта балалармен ынтымақтастық пен достық орын алған.Танымдылық қабілеттерін дамытуға әртүрлі оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылады. ИББК жұмысының бір бағыты – тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңес беру жұмысы.
Кеңес беру жұмысы баланың жеке тұлғасына қатысты және басқа адамдармен қарым қатынасы жөнінде де түрлі мазмұнды қамтиды. Көбіне тәрбиешілер мен ата-аналардың сұрауы бойынша өткізіледі.Ата-аналарға кеңес берудің мақсаты – отбасының балаға оқыту мен тәрбиелеу барысында әлеуметтік психологиялық жағдай тудыруы болып табылады.Біріншіден кеңес беру мәселе туындағанда қажет.
Ата-аналармен жұмыс барысын ұйымдастыруда жекеше көмек беру әдісі қолданылады.ИББК мамандарының ата аналарға кеңес беру жұмысын ұйымдастыруда жалпыпедагогикалық және арнайы жағдайларды ұстануы қажет.
Олар:
– ата аналар мен мұғалімдердің арасындағы қарым қатынаста өзара сенімнің болуы;
– ата аналарға мейірімділікпен қарау;
– әр отбасының жағдайын түсініп, жасын ескеріп, тәрбиелеу дайындықтарының деңгейін ескеру қажет;
– Әр отбасының ата аналарының топпен жұмысын ұйымдастыру;
– ата аналармен өзара әртүрлі жұмыс формаларын өткізу;
– ата аналармен жұмыс барысында нақты реттілікті қамтамасыз ету.
Осылай ықпал ету барысында әр отбасыға жеке көмек көрсету көзделеді.
Ата аналардың кеңеске жүгіну себептеріне сараптама:

  1. Танымдылық қабілеттерінің төмендігі мен оқудағы үлгермеушіліктері;

  2. Бейімдеудегі қиындықтар;

  3. Психологиялық және жас ерекшеліктері;

  4. Отбасындағы тәртібінің қиындықтары.

ИББК ұжымының алдында мынадай міндеттер қойылған: педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетін толықтай ұйымдастыру.Отбасымен өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттары анықталды:

  1. Ата-аналардың құқықтық және педагогикалық мәдениетінің деңгейін жоғарылату мақсатында ақпараттандыру.

  2. Ата-аналарды тәрбиелік білімдендіру жүйесіне тарту.

Осы бағыттарға сәйкес мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасымен жұмыс жүргізілді.Бұл жұмыс мына негізде:

  • отбасының қажеттілігі мен қызығушылығын анықтау, отбасын зерттеу;

  • тәрбиеленушілердің отбасымен жеке- дифференциалды жұмыс жүргізу;

  • ата-аналармен әртүрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру;

  • білімдендіру аясында ата-аналардың өтінішін қанағаттандыру;

  • тәрбиелік- білім беру жүйесіне ата-аналарды қатыстыру;

  • ата-аналармен тиімді жұмысты құру үшін жағдай жасау (отбасылық отырыстар, кітапхана, видеотека, топтардағы ақпараттық кеңістік).

Қазіргі таңда ИББК ата-аналарымен нақты жұмыс жүйесі жолға қойылған, екі кезеңді қамтиды: мазмұнды және аналитикалық.
Аналитикалық кезеңотбасын зерттеуді мына әдістер арқылы жүзеге асырады: сауалнама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу, отбасын бақылау. Жұмыс мазмұнын және ұйымдастыру түрін анықтау мақсатында ата-аналарға сауалнама жүргізілді. Сауалнама көрсеткендей, ата аналармен жұмыс барысында көптеген шешілмеген сұрақтары бар екенін және оның өздігінен шешілмейтінін көрсетті. Сондықтанда бұл жұмыс жүйелілікті және жауапкершілікті қажет етеді.Ата-аналармен жұмысты жеке талаптарын ескере отырып құрдық. Аналитикалық кезеңде отбасы түрін отбасылық тәрбие деңгейіне қарай анықтадық.
Мазмұнды кезең ата аналармен тиімді формаларды іздеуді қажет етті. Біздер оларды ұжымдық, жеке және көрнекі- ақпараттық деп бөлдік.
Дәстүрлі ұжымдық формалармен бірге, ата-аналар жиналысы, конференциялар сияқты дәстүрлі емес формаларды ендіре бастадық: отбасылық қонақ үй, ата ана мектебі, ойын-практикум,бірлескен мерекелер, ашық есік күндері, ата-аналар және балалармен ойын сабақтарын өткізу.
Жеке форма түрінде көбінесе ата-аналармен әңгімелесу, тақырыптық кеңес беру,ақпараттық папкінің көмегімен сырттай кеңес беру өткізіліп тұрды.
ИББК психологиялық медициналық педагогикалық консилиум жұмысы ұйымдастырылған, оны өткізу барысында баланың дамуының деңгейі, динамикасы, мақсатқа жетуі, жұмыс формасын таңдау, дамытудың тиімді жолдарын ұсыну талқыланады.
Бекіту сұрақтары
1 Арнайы қажеттері бар балалармен дұрыс қарым-қатынас жасау әдістері
а) балаларға мәселені шешуге қажетті уақыт беру
б) сұрақ қоюға қысылмау
в) балалар сыныбында жұмыс істеп, ойнау
г) бала жанұясын мүшелермен кәдімгі жағдайда әңгімелесу
д) тест жүргізу
2. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды бағалау қандай тілде жүргізілуі керек?
а) қазақ тілі
б) орыс тілі
в) ана тілі
г) қытай тілі
д) ағылшын тілі
3. Инклюзивтік білім берудің мақсаттарына жетудегі негізгі фактор қандай?
а) арнайы қажеттері бар балаларды оқыту
б) инклюзивтік оқу жоспарларын жасау
в) инклюзивтік оқу бағдарламаларын жасау
г) арнайы қажеттері бар балалармен қосымша жаттығулар өткізу
д) қарапайым балалармен қарым-қатынасты нығайту
4. Инклюзивтік мектептер мен балабақшалар қандай жағдайда жұмыс жасайды?
а) балалардың дара мұқтаждықтарын қанағаттандыру
б) балалардың жалпы мұқтаждықтарын қанағаттандыру
в) балаларға жалпы білім беру негізінде
г) балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негізінде
д) балалардың қарым-қатынасын нығайту
5. Алғаш қай қалада дамуында кемшілігі бар балалар үшін арнайы мектептер ашылды?
а) Ресейде
б) АҚШ
в) Қазақстанда
г) Испанияда
д) Германияда




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет