Пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS
Оқытушы жайлы мәлімет:
Серикбаева Нургуль Бейсембековна
Байланыс телефоны: 34-71-63
Пән жайлы мәлімет:
Объект: ҚР мемлекеттік білім стандартының талабына сәйкес жоғары психологиялық білім үрдісі.
Пәннің атауы: « Дефектология және логопедия негіздері »
Өту орны: № 2 оқу ғимараты
Кредит саны: 3
Оқу жоспарынан үзінді :
Курс
|
семестр
|
кредит
|
Дәріс сағаты
|
Тәж.сағ.
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау нысаны
|
ІІІ
|
5
|
3
|
30
|
15
|
22.5
|
67.5
|
135
|
Емтихан
|
Пәннің пререквизиті: Алғашқы оқу сатысында «Дефектология және логопедия негіздері» курсымен қатар студенттер келесі пәндерді қосымша оқуы қажет:
Психология;
Физиология;
Педагогика;
Саясаттану.
Пәннің постреквизиті: Пән туралы білім келесі пәндерді меңгерту үшін қажет:
Балалар психологиясы;
Социология;
Практикалық психология;
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Бүгінгі таңда қоғамымыздағы және білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласына жаңаша қарауды талап етіп отыр.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы талаптарды жүзеге асыруда педагог-психолог мамандарының орны ерекше. Соның ішіндегі тіл кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы болашақ мамандарды дайындауда алдына үлкен міндет қояды. Осы міндетті шешуде дефектология және логопедия пәнінің маңызы зор.
Пәннің мақсаты және міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны:
Болашақ мамандарға дамуында тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізудің әдістемесін меңгерту.
Пәнді оқыту міндеттері:
Тіл кемістігін түзетудегі оқыту, тәрбиелеу процесін ғылыми-теориялық тұрғыдан меңгерту;
дефектология және логопедия ғылымы бойынша сөйлеу процесінің анатомия, физиологиялық механизмі, тіл кемістігінің түрлері, оның себептері туралы білімін жетілдіру;
сөйлеу ырғағының бұзылу себептерін анықтап, оны түзетудің жолдарын үйрету;
тіл кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білуге тәрбиелеу;
тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде студенттерді практикалық кәсіби біліктілікке дайындау;
даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін меңгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |