Сөйлеу қабілетінің бұзылуына әсер ететін себептер |
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістіктері-нің себептері
|
Филичева Т.Б.,Чевелева Н.А.,Чиркина Г.В.Основы логопедии.-М.,1993.
|
Реферат
жазу
|
14-апта
|
15
|
Балабақшадағы сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
|
Дидактикалық материалдар, ойындар, жаттығулар
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Әдістемелер даярлау
|
15-апта
| КУРСТЫ МЕҢГЕРУДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады.
Сабақты босату, сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.
Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда , әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .
Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) сізге сабақты босатуға құқық береді, дегенмен, бұл жағдайда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.
Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай , өзінің жұмыс міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке жауап беруге тура келеді.
Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған тапсырмалар, кешіктірілуіне қарай төмен бағаланады. Бұл әрине курс бойынша қорытынды бағаға әсер ететіні сөзсіз.
Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.
Қажет уақытында кеңес беру кестесіне сәйкес оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.
Сол себепті толық әрі жан – жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді – екілі ғана әдебиетпен шектелмей , пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз , оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін, дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен , талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттерді теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру.
Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше, өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихан тест түрінде өткізіледі. Тест бірнеше варианттан және 50 сұрақтан тұруы мүмкін. Емтихандағы тест тапсырмалары аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытынды емтихан барлық студенттер үшін міндетті болып табылады.
Берілген тапсырмаларды орындау барысында тыйым салынады:
біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;
өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;
жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге немесе асыруға ;
топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б.Әрбір оқытушы әр студентпен оның оқуға деген қатынасы және мінез – құлқы , тәртібі ЖОО студентінің ар намысы кодексіне сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.
Сонымен студенттердің оқытушы берген тапсырмаларды уақытында, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, өзінің теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағытталған белсенділігі және т.б. студенттің пәнді толық жан – жақты меңгеруінің кепілі болмақ.
Үй тапсырмасының талаптары:
жазбаша жұмыстардың көкейкестілігі;
таңдаған тақырыпқа сәйкестілігі;
зерттеулер мен әдебиет көздеріне сілтеме жасау;
талдаудың ауқымдылығы;
шығармашылық ерекшелігі;
көрнектілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |