Курстың саясаты мен рәсімдері Студент пәнді оқыту үдерісі кезінде келесідей әкімшілік талаптарын орындауға міндетті: Студент сабақтан кешікпеуге, сабақты жібермеуге, аудиторияда өзін дұрыс ұстай білуі, сабақта белсенділік танытуы, тапсырылған жұмыстарды уақытында орындауы, емтиханға қатысуы міндетті.
Білім жетістіктерін бағалауда бірнеше тапсырмалар беріледі:
Аудиториядағы белсенді жұмыстар, ойындар, кейс-стади, мини-тестер
Практикалық сабақтар дискуссиялық негізде болады: әр тақырып бойынша әр түрлі балама көзқарастар айтылады, қосымша мағлұматтар ұсынылады. Осылай студенттер арасында шығармашылық орта құрылады.
Курсқа қойылатын талаптар:
Студенттер пәннің негізгі түсініктерін игеруі керек;
Студенттерге жүйелі де, тиянақты білім беру;
Сабақты оқытудың әртүрлі әдістері мен түрлерін үйлесімді пайдалану;
Практикалық сабақтарды әртүрлі ақпарат түріндегі техникалық құралдар көмегімен өткізу;
Әрбір студенттің берілген тақырыпты игеруін қадағалау;
Смарт мақсаттардың мазмұнын ашу;
Бақылау сұрақтары студенттің білімін тексеруге және дайындығын бағалауға беріледі. Бұл сұрақтар жаттығулар, қортынды бақылау формасында болады.
Студентке қойылатын талаптар:
Студент берілген тақырыптарды толық меңгеруі керек;
Студент берілген тақрыптарды уақытында орындап тапсыру керек;
Қосымша материалдарды ұтымды пайдалана білу;
Оқылған материалдар бойынша өз ойының болуы, сабақтарға толық қатысы;
Студент дәлелсіз сабаққа қатыспаса өткен тақырып бойынша қосымша жауап беріп, сабаққа қатыспаған күндерін өтеу;
Өткен материалды түсіну деңгейін анықтау үшін екі семестр аралық бақылау өткізіледі.
Практикалық сабақтарға кейстік тапсырмаларды орындау және белсенді талқылау студенттердің тиімді білім алуына көмектеседі.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға академиялық шындықты (жалған, плагиат) ескеріледі.