Курстың мазмұны
Бірінші апта
Кредиттік сағат саны – 2
№1-дәріс
Тақырыбы: Түркітану пәні, оның мақсаттары мен міндеттері
Дәріс мазмұны:
1. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты
2. Түркі тілдерін ерекшелейтін белгілер
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Түркітану – түркі халықтарының тарихы мен әдебиетінін, тілі мен мәдениетін зертейтін кешенді ғылымдардың бірі. Түркітану ғылымы Евразия құрлығында дүниеге келді. Оның өзіндік заңды себептері бар. Кешегі Кеңестер Одағының территориясы болып саналған, бүгінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер орналасқан евразиялық территорияның басым көпшілігін түркі халықтары мекендейді.Бұл жерлер – түркілердің туып – өскен ата қонысы.
Түркітану шығыстану ғылымының бір тармағын құрайды. Шығыстану – Шығыс елдерінің тарихын эканомикасын, тілін, әдебиетін, өнерін, дінін, этнографиясын, философиясын зерттейтін ғылым. Ол өзінің құрамына түркітану ғылымынан басқа арабтану, ирантану, египеттану, моңғолтану, қытайтану, корейтану және т.б. ғылымдарды біріктіреді.
№1-семинар.
Тақырыбы: Түркітану пәні туралы түсінік
Түркітану пәні.
Түркітану пәнінің қалыптасуы.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты;
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
СӨЖ мазмұны:
1. Қазіргі түркі тілдері туралы зерттеулер
Тапсырмалар: жазба жұмысын дайындау. Әртүрлі әдебиеттерді қарастырып, тақырып бойынша материал іздеу.
Есеп беру түрі: реферат қорғау
Әдебиеттер:
1. Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Қазақ тілінің грамматикасы . - Астана, 2002.
7. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990
Екінші апта
Достарыңызбен бөлісу: |