Тақырыбы: Қарастырылатын мәселелер: 1.Көне түрктер, Ашина түріктері.
2. Көне түрік кезеңі, ерекшелігі.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
ОЖСӨЖ мазмұны: Руникалық көне түркі алфавитінің шығу тегі
Зерттеуші ғалымдарың пікірлері.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
СӨЖ мазмұны:
1. Түркі руникалық алфавитінің ұзаққа созылған эволюциясы
Тапсырмалар: жазба жұмысын дайындау. Әртүрлі әдебиеттерді қарастырып, тақырып бойынша материал іздеу.
Есеп беру түрі: реферат қорғау
Әдебиет: 1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000 ж. 3-16 беттер.
7.Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985. 3-10 беттер.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.
9. Баскаков Н.А. Тюркские языки. М., 1960. 3-12 беттер.
Бесінші апта Кредиттік сағат саны – 2 №5-дәріс Тақырыбы: Орта түркі дәуірі
Дәріс мазмұны: 1. Қараханид дәуірі.
2. Моңғол дәуірі.
3. Қыпшақ дәуірі.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер): Түркі тілдерінің араб ғалымдары тарапынан зерттелуі тақырыбын сөз еткен кезде, Мамлүк қыпшақтарының ескерткіштеріне тоқталмай кетуге болмайды. Орта түркі дәуірі ескерткіштерінің белгілі бір бөлігін қүрайтын бұл мұрағаттар ХІV-ХV ғасырларда Мысыр мен Сирияда дүниеге келген*. Ол ескерткіштердің ішіндегі ең көлемдісі Асир ад- дин Абу Хаян Мұхаммед ибн ІОсуф әл-Гарнатидің (Абу Хайян) «Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап») 1312 жылы Каирде жазылған еңбегі. Мазмұны - фонетика, морфология және сөздік. Абу Хайянның сөздігі өз заманындағы түркі тілдері туралы еңбектердің қай-кайсысынан да көш ілгері тұрады. Автор түркі тілдерінің біртұтас грамматикалық жүйесіне талдау жасауға тырысады. Түркі тілдеріндегі дыбыстарды дауысты-дауыссыз түрлерге бөліп, 28 дауыссыз дыбысқа сипаттама береді. Еңбекте камтылған 3 мыңға жуық түркі сөздерінің 875-і қазақ тілінің сөздеріне өзгеріссіз сәйкес келеді**.
Абу Хайянның аталмыш еңбегінде қыпшақ тілінің ерекшеліктері оғыз, әсіресе түрікмен тілімен салыстырылып беріледі Қыпшақ тілінің сол кезеңде зерттелуі туралы, қыпшақ-оғыз тілдерінің салыстырмалы сөздігі мен грамматикасы жөніңде көптеген мәліметтер бар. Түркітану ғылымында алатын орны мен маңызы ерекше еңбек қазақ тілінің тарихын зерттеуде де елеулі рөл атқарады.
Араб ғалымы Жамал ад-дин Мұхаммед Абдуллах ат-Түркидің «Китаб-бұлғат әл-мүштақ фи-лұғат ат-түрік вал-қыпшақ» (« Түрік пен қыпшақ тілдерін жақсы окып-үйренушілерге жазылған кітап) деген еңбегі XIV ғасырда Сирия жерінде жазылған. Париждегі ұлттық кітапханада сақтаулы қолжазба екі бөлімнен түрады: есім және етістік. «Әл-мүштақ» - арабша-қыпшақша сөздік, онда 1500-дей сөз қамтылған. Ол сөздердің көпшілігі Әбу Хайянның еңбегінде кездеседі. Қолжазбаны зерттеген поляк түркітанушысы Ананиаш Зайоншковский.
*Мамлүк қыпшақтары мен олардың түркі халықтарының қоғамдық- саяси өміріндегі орны, мамлүктердің лингвистикалық мұраларының түркітану ғылымындағы рөлі туралы «Орта түркі дәуірі» бөлімінде кеңінен тоқталдық.
**Бұл дерек - сөздікті арнайы зерттеген М.Мәженованың еңбегінен алынды.
Араб ғалымдарының түркі тілдерін зерттеуге арналған еңбектерінің ішіңдегі көлемділерінің бірі - «Аттуһфа-уз захийа фил-лұғат ит- түркийа» («Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық»). Түпнұсқа күйінде жеткен санаулы еңбектің бірі - осы шығарма. Авторы белгісіз. Қолжазба абади (мәңгілік) деп аталатын сапалы, қалың қағазға, араб грамматикасының үлгісімен жазылған көлемі - 182 бет. Стамбулдағы Баязит мешітіндегі Валед-дин Эфеңдінің кітапханасында сақтаулы. Еңбек үш бөлімнен тұрады: I бөлім - шағын кіріспе; П бөлім - қыпшақша-арабша сөздік; Ш бөлім - қыпшақ тіліне грамматикалық талдау. «Аттуһфа» - Орта түркі дәуіріндегі Алтын Орда ескерткіштерінің ішіңдеіі «Кодекс Куманикус» пен Абу Хайянньщ «Китаб әл-идрагінен» кейін үшіішіі орында түрган еңбек. Оньщ белгісіз авторы Абу Хайян еңбегімен таныс болғанға үқсайды. Сондықтан еңбек XV ғасырда жазылған деген пікір шындыққа жақын келеді. Араб тілінің Египет және Сирия диалектілерінің кездесуі «Аттуһфаның» осы екі елдің бірінде дүниеге келгендігін растайды. Оны зерттеуші өзбек ғалымдарыньщ бірі Ш.Зияева қолжазба Египетте жазылған, бірақ автор ұзақ уақыт Сирияда түрған немесе Сириядан шыққан деген жорамал ұсынады. Еңбекте кездесетін 3600-ге жуық сөз қазақ тіліне ешбір өзгеріссіз сәйкес келеді. Сондықтан ғалымдар «Аттуһфаны» таза қыпшақ тілінің мұрасы деп есептейді, тіпті дәлірек айтсақ, бұл еңбекті көне қазақ тілінде жазылған тұңғыш ескерткіш ретінде де алуға болады. «Аттуһфаны» 1942 жылы венгр ғалымы, проф. Т.Халашикун бастырып шығарды, түрік ғалымы Бесім Аталай 1945 жылы түрік тіліне, 1968 жылы белгілі өзбек аудармашысы С.Мүталлибов өзбек тіліне аударды. Ә.Фазилов пен Ш.3ияеваның тәржімалауымен еңбек 1978 жылы «Изысканный дар тюркскому языку» деген атпен орыс тіліне аударылды.