Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Тақырыбы: Алтай дәуірі Қарастырылатын мәселелер



бет6/23
Дата27.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#182748
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Түркітануға кіріспе, Қ.С.Алдашева

Тақырыбы: Алтай дәуірі
Қарастырылатын мәселелер:
1. Алтай дәуірі ерекшеліктері.
2. Ғұн дәуірі немесе Хунну дәуірі
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Алтай дәуірі;
2. Өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


СӨЖ мазмұны:
1. Ғұн дәуірі.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


Әдебиет:
1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000 ж. 3-16 беттер.
7.Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985. 3-10 беттер.
8.Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.
9. Баскаков Н.А. Тюркские языки. М., 1960. 3-12 беттер.
10. Бүркітов О. Түркітану. – Алматы: Арыс баспасы, 2000.


Төртінші апта
Кредиттік сағат саны – 2
4-дәріс
Тақырыбы: Көне түркі дәуірі
Дәріс мазмұны:

  1. Көне түркі руникалық әліпбиінің генезисі

  2. Көне түркі этногенезі мәселесі.

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Орта түркі дәуірі - маңызды әлеуметтік оқиғаларға толы кезең. Бұл кезеңде түркі тектес халықтар жеке-жеке халық больш ыдырап, соның негізіңде бүгінгі түркі тілдері дербес тіл ретінде қалыптаса бастады. Орта түркі дәуіріңде түркі тайпаларының бірде қосылып, бірде ыдырауы, әр түрлі саяси оқиғалар түркі халқының тарихи даму процесіне және соның негізінде оның тілінің дамуына да өзінің әсерін тигізді. Тарихи тұрақсыздық, ру мен ру, тайпа мен тайпа, ел мен ел, мемлекет пен мемлекет арасыңда жиі тұтанып отырған алауыздық соғыстары да халықтың даму процесіне түрлі дәрежеде әсер етіп отырды
ХV-XX ғасыр аралығы түріктану ғылымында «Жаңа түркі дәуірі» деп аталады. Түркі тілдерінің дамуындағы Жаңа түркі дәуірі күрделі оқиғаларға толы, қарама-қайшы кезен болып табылады. Бұл дәуірге тән басты ерекшелік түркі тілдес тайпалық одақтардың ыдырап, түркі болып қалыптасуы және соған сәйкес бүгінгі түркі тілдерінің өз алдына бөлек-бөлек дамуы.
Жаңа түркі дәуірі түркілердің осы кезге дейінгі атақ-данқынан айырлып, даму қарқыны төмендеген, экономикалық жағдайы тоқырауға ұшыраған кері кету кезеңі болып есептеледі. Оның көптеген себептері бар. Бұл кезендегі құлдырау процесі тек түркілерге ғана емес, жалпы Шығыс халықтарының барлығына ортақ құбылыс болды. Оның ең басты себебін «Ұлы Жібек жолы» деп аталған дүние жүзілік сауда жолының Орта Азия даласының Атлант мұхитына ауысуымен байланыстыруы керек. Академик В.М.Жирмунскийдің сөзімен айтатын болсақ, бұл процесс Шығыстың гүлденген, алдынғы қатарлы мәдениет ең артта қалған мәдениетке айналдырды. Сауда жолының құрлықтан тенізге ауысуы болмаи қоймаитын заңды үрдіс болып есептелседе, бұған белгілі дәрежеде түркі халықтарының өздері де кінәлі болатын. Түркі даласындағы таусылмаитын ірілі-уақты соғыстар керуен жолының тыныштығын әбден бұзды. әсіресе, Ақсақ Темір мемлекетінің құлауы, осының нәтижесіндегі билік үшін талас жолындағы соғыстар сауда жолының толық жабылуына әкеліп соқтырды. Қызыл теніз арқылы өтетін екінші сауда жолы Мамлүк қыпшақтарының билігінде болды. Мамлүктер әрбір керуеннен жоғары паж салығын алып тұрды. Бұл жол да саудагерлерде үшін қолайсыз еді. Еуропада Индия мен Шығыс азияға шығатын басқа сауда жолын іздестіре бастады. Жиһангерлер жаңа жол табу жолында теніздерді кезді. Осының нәтижесінде 1490-1520 жылдар аралығында ұлы географиялық жаңалық жаңа құрлықтың ашылуымен дүниежүзілік су жолы табылған еді. Еуропа Қайта өрлеу дәуірін бастан кешіріп, мәдениет пен өркениет, білім мен ғылым саласында тың жетістіктерге жетіп жатқан кезінде гүлденген Орта Азия бірте бірте кері құлдырап жатты.

4-семинар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет