Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады



бет13/49
Дата22.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#127692
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Сусов И.П. История языкознания М., 2006.

2. Шелховская Л.А. Общее языкознания. А., 2001.

3. Амирова Т.А. История языкознания М., 2003.

4. Березин Ф.М. История лингвистических учений. М., 1975.

5. Кондрашов Н.А. История лингвистических учений. М., 1979.

6. Кодухов В.И. Общее языкознание. М., 1974.

7. Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.

8. Тіл білімі терминдерінің сөздігі А., 1999.

9. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.



Төртінші апта

4 дәрістің тақырыбы: ХІХ ғасырдағы салыстырмалы-тарихи және типологиялық зерттеулер

Қарастырылытын мәселелер:

1.Тіл философиясының дамуы.

2. Типологиялық тіл білімінің қалыптасуы

Терминдер мен анықтамалар:



Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.

Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.

Тіл философиясының негіздерінің көне дәкірде пайда болуы. Алайда тіл философиясы деген атқа XIX ғасырда ғана ие болғандығы. Бұл ғасырдағы тіл философиясының алға қойған мақсаты –тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау екендігі. Тіл философиясы мәселесімен сол ғасырдағы көрнекті ғалымдар – Гердер, Шлегель, Гумбольд, Шлейхер, Вунт т.б. айналысты.

В.Гумбольдттың тіл философиясындағы орны. Оның ұстанған негізгі принциптері. Ол айтқан “халық тілі – оның рухы, халық рухы – оның тілі” концепциясының мән-мағынасы.

Типологиялық әдістің пайда болуының алғы шарттары. Бұл әдістің салыстырмалы-тарихи әдістен өзгешелігі. Типологиялық зерттеудің алға қойған мақсаты – барлық тілдерге немесе көпшілік тілдерге ортақ универсал, типтік белгілерді ашу екендігі. Тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеудің Ф.Шлегель, А.Шлегель, В.Гумбольдт ұсынған жобасы.

3. Қазіргі тіл біліміндегі тілдерді типологиялық жіктеу, оның түрлері.

4 практикалық сабақтың тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі.

Тапсырмалар:


  1. XIX ғасыр тіл білімінің зерттеу жайы.

  2. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы жетістіктері мен кемшіліктері.

  3. Тіл философиясын дамытуда В.Гумбольдттың ролі.

  4. Типологиялық зерттеулердің ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет