Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды.Мысалы, графика мен орфографияны қалыптастыру, сөздіктер жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, әдеби норманы орнықтыру, терминдерді жүйеге келтіру т.б. қолданбалы тіл білімінің қарайтын мәселелері.
Тіл білімі ғылымының салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнолингвистикалық, социологиялық, синхрониялық, диохрониялық, математикалық, қолданбалылық, функцианалдық, паралингвитстикалық т.б. тіл білімдері болып сан-сала түрлерге бөлінуі. Олардың күрделі дыбыстық тілді әр қырынан зерттеуі.
Ғылымдардың өзара байланысты болу фактілері, оның себептері. Тіл білімінің қоғамдық ғылымдар тобына қосылатыны, оның себептері. Дыбыс тілінің әр нақты, кең салалы құбылыс екендігі. Сондықтан оның жеке салаларын зерттеуде тіл білімінің философия, логика, психология, физика, физиология, медицина, әдебиеттану, тарих, этнография, археология, география, кибернетика, семиотика т.б. білімінің аталған ғылымдармен ұштасатын салалары. Тілге байланысты мәселелерді толық алып, терең де жан-жақты зерттейтін тек тіл білімі ғана екендігі. Ғылымдар байланысының обьектіні кезінде терең зерттеуге, сөйтіп ғылымның дамуына зор әсер ететіндігі.
№9 практикалық сабақтың тақырыбы: Тіл ғылымының басқа ғылымдармен байланыстары.
Тапсырмалар:
Тіл білімінің ғылымдағы орны.
Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланыстары
Тіл білімінің жаратылыстану ғылымдарымен байланыстары.
Тіл біліміне қарасты аралық ғылымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |