Бағдарламасы (Syllabus)



бет2/2
Дата23.08.2017
өлшемі276,46 Kb.
#24796
1   2


4 Пәннің мақсаты мен міндеттері

4.1 «Сот риторикасы» пәнінің мақсаты :

1) студенттерге риториканың негізін ғылым әрі өнер ретінде түсіндіру;

2) болашақ заңгерлердің тілдік талғамын тәрбиелеу;

3) студенттерге сот жарыссөзінің логикалық негізін түсіндіру;

4) студенттердің заңгер ретінде көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесін дамыту;

5) студенттердің назарын сот жарыссөздерін құруда кездесетін қателіктерге және заң ғылымымен әлі де болса да айқындалмаған теориялық сұрақтарға аударту.



Пәнді оқу бойынша негізгі міндеттер:

1) ғылым ретінде риториканың негізі бойынша білім жинау; сот жарыссөздерін (судьяның, прокурордың, қорғаушының) құру тәжірибесін жинау;

2) болашақ заңгер мамандардың сөйлеудегі әсер ету құралдарын сот жарыссөздерінде орынды қолдануды қалыптастыру.

Берілген мақсаттар мен міндеттер бұл оқу курсының мазмұнын және құрылымын айқындайды.



5 Студенттің курсты оқу бойынша алынатын минимум білімі, біліктігі және тәжірибесі.

Пәнді оқу бойынша сіз:

сот риторикасының негізгі теориялық ережелерін білетін боласыз:

а) сот риторикасының түсінгі және пәні;

б) сот жарыссөзі – шешендік өнердің жанры ;

в) сот жарыссөзінің логикалық негіздері ;

г) сот жарыссөзінің композициясы;

д) сөйлеудің әсер ету құралдары;

е) сот жарыссөзінің этикалық негіздері

сот жарыссөздерін құруда тәжірибе жинайсыз:

а) судьяның;

б) прокурордың;

в) қорғаушының;



білетін боласыз:

1) сот жарыссөздерінің логикалық негіздерін дұрыс қолдану;

2) сөйлеудің әсер ету құралдарын орынды пайдалану;

3) оқу есептерін шешу.


6 Пререквизиттер:

- «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы» ( азаматтық процесстің негізі, сот талқылауы; сот актісін шығару және жариялау сияқты түсініктерді білу);

- «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» (қылмыстық процесстің негізі; басты сот талқылауы; сот шешімін шығару және жариялау сияқты түсініктерді білу);

- «Адвокатура» (қорғаушы мәртебесі; қорғаушының өкілеттігі, қорғаушының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмегі; қорғаушының азаматтық істер бойынша құқықтық көмегі сияқты түсініктерді білу);


- «Прокурорлық қадағалау» ( прокурордың қылмыстық процесстерге қатысу негіздері; прокурордың қылмыстық процесстерге қатысу нысаны; прокурор – қылмыстық процесстегі мемлекеттік айыптаушы; прокурордың азаматтық процесстерге қатысу негіздері; прокурордың азаматтық процесстерге қатысу нысаны; азаматтық процесстегі іс бойынша прокурордың қорытындысы сияқты түсініктерді білу).
7 Постреквизиттер: берілген пәнді оқу барысында алынған білім, біліктік және тәжірибе өндірістік тәжірибе кезінде және университет тамамдағаннан кейін тәжірибелік қызметті жүзеге асыру барысында қолданылады.

8 Тақырыптық жоспар




Тақырыптыңаталуы

Сабақтардың түрлері бойынша

сағаттар саны

дәріс

тәж.

СӨЖ

1

Ғылым ретінде риторика туралы жалпы түсінік. Риториканың өнер ретіндегі маңызды сипаттамалары

2

1

13

2

«Сот риторикасы» оқу курсының негізгі түсініктерінің мағынасы

2

1

13

3

Сот жарыссөзі – шешендік өнердің жанры

2

1

13

4

Сот жарыссөзінің логикалық негіздері

1

0,5

13

5

Сот жарыссөзінің композициясы

1

0,5

13

6

Сөйлеудің әсер ету құралдары

1

0,5

13

7

Сөйлеу техникасы – сөйлеудің әсер ету құралы

1

0,5

13

8

Сот жарыссөзінің этикалық негіздері

1

0,5

13

9

Сот жарыссөзінің ауызша сипаты

1

0,5

13

ВСЕГО

12

6

117

135


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

10 Курс компоненттері

10.1 Дәріс сабақтарының тізімі және мазмұны

1 – тақырып. Ғылым ретінде риторика туралы жалпы түсінік. Риториканың өнер ретіндегі маңызды сипаттамалары.

1 Сөйлеу қарым-қатынас құралы ретінде.

2 Тіл - мәдениет элементі ретінде.

3 Риторика – бұл сенімді сөйлеудің өнері әрі сөйлеу қарым-қатынасының мақсатты және тиімді құрылымы туралы ғылым.


2-тақырып. «Сот риторикасы» оқу курсының негізгі түсініктерінің мағынасы

1 Сот шешендігінің түсінігі.

2 Заңгердің сөйлеу мәдениеті.

3 Әсер етуші сөйлеудің сапасы.



3- тақырып. Сот жарыссөзі – шешендік өнердің жанры

1 Сот шешендігінің тарихынан

2 Сот жарыссөзін тағайындау

3 Сот жарыссөзінің айрықша белгілері

4 Монологты диалогизациялау
4-тақырып. Сот жарыссөзінің логикалық негіздері

1 Сот жарыссөзінің сенімділігі.

2 Сөз сөйлеудегі логикалық қателіктер.

3 Сөйлеудің жүйелігін қалыптастыратын тілдік құралдар.


5-тақырып. Сот жарыссөзінің композициясы

1 Сот жарыссөзінің логикалық құрылымы

2 Композицияның лингвистикалық аспектілері
6-тақырып. Сөйлеудің әсер ету құралдары

1 Сот жарыссөзінің экспрессивтілігі.

2 Эмоционалды тұрғыдан әсер етудің құралдары
7-тақырып. Сөйлеу техникасы – сөйлеудің әсер ету құралы

1 Интонациялық-мәнерлі құралдар

2 Айту

3 Жағымды дыбыстау



4 Ықпал
8-тақырып. Сот жарыссөзінің этикалық негіздері

1 Сот әдебі

2 Сот шешеннің әдебі

3 Сот шешеннің сөйлеу әдебі


9-тақырып.Сот жарыссөзінің ауызша сипаты

1 Сот жарыссөзінің кенеттілігі

2 Сот жарыссөзіндегі сөйлеу құрылымдары
Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тізімі мен мазмұны

1-сабақ

1-тақырып. Ғылым ретінде риторика туралы жалпы түсінік. Риториканың өнер ретіндегі маңызды сипаттамалары

1 Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдары

2 Сөйлеу қарым-қатынасының құралы

3 Адам қоғамындағы мәдениеттің рөлі

4 Риторика: негізі және тағайындалуы

2-сабақ

2-тақырып. «Сот риторикасы» оқу курсының негізгі түсініктерінің мағынасы

1 Заңгердің кәсіби қызметіндегі сөз сөйлеуі.

2 Шешендік өнер.Сот шешендігі.
3-сабақ

2-тақырып. «Сот риторикасы» оқу курсының негізгі түсініктерінің мағынасы

1Сөз сөйлеудің қарапайымдылығын қалай түсінесіз?

2 Сөйлеудің жүйелігі қалай құрылады?

3 Орынды сөйлеу дегеніміз не?

4 Сөйлеудің түсініксіздігін не тудырады?

5 Сөйлеудің бірегейлігін қалай түсінесіз?

6 Сөйлеудегі ақаулықтар дегеніміз не? Неге олар зиянды?

7 Жоғарыда айтылған қандай сөйлеу мәнері дұрыс сөйлеуді қамтамасыз етеді, қандай сөз шебері ?

8 Тіл байлығын қалай түсінесіз?
4- сабақ

3-тақырып. Сот жарыссөзі – шешендік өнердің жанры

1 Сот жарыссөзінің қалыптасу тарихы.

2 Қазіргі сот жарыссөзінің жақын және соңғы мақсаты.

3 Жария сөз сөйлеу түрлерінен ерекшелендіретін сот жарыссөзінің белгілері.

4 Монолог. Оның негізгі белгілері.

5 Сот жарыссөзін диалог түрінде құру. Оның көріну нысандары.


5- сабақ

3-тақырып. Сот жарыссөзі – шешендік өнердің жанры

1Сот жарыссөздерінің сот процессіндегі рөлі қандай?

2 Жария сөз сөйлеу түрлерінен ерекшелендіретін сот жарыссөзінің белгілерін ата.

3 Психология және лингвистика көзқарасы жағынан монолог дегеніміз не? Олар қандай белгілерге ие?

4 Монологты диалогизациялау бұл не? Ол сот жарыссөзінде қалай орын тапқан? Оның пайда болу нысандары?

5 Заңгер ретінде, жалпы әдеби көркем стильдің қызметінде сот жарыссөздерінің орын алуы мүмкін бе ? Бұл сұраққа қатысты көзқарасыңызды айтыңыз.


6-сабақ

4-тақырып. Сот жарыссөзінің логикалық негіздері

1 Сот шешеннің сөзінде кездесетін логика заңының мағынасы.

2 Сот жарыссөзінің сенімді болуы.

3Сот шешеннің сөзіндегі болуы мүмкін логикалық қателіктер.

4 Сөйлеудің жүйелігін көрсететін тілдік құралдар.
7-сабақ

4-тақырып. Сот жарыссөзінің логикалық негіздері

1 Тікелей дәлелдеменің жанама дәлелдемеден айырмашылығы? Теріске шығару дегеніміз не?

2 Логикалық қателіктердің себептері және түрлері қандай?

3 Сот жарыссөзіндегі сұраулы құрылымдардың қызметі қандай?

4 Кезең дегеніміз не? Шешендік өнерде оның рөлі қандай? Кезеңдер құрылым бойынша қандай болуы мүмкін?

5 Қандай құрал байланыстарын білесіз?


8-сабақ

5-тақырып. Сот жарыссөзінің композициясы

1. Сот жарыссөздерінің пәндік-логикалық құрылымы қандай? Сот отырысы қатысушыларының сот жарыссөзінің композициясы

2 Сот жарыссөзінің кіріспе бөлігінің маңыздылығы.

3 Сот жарыссөзінің лингвистикалық құрылымы.

4 Сот жарыссөзінің мәтінінде қолданылатын ұғымдар

5 Көмкеру әдісі сот жарыссөзінің құрылымын құрудағы рөлі.


9-сабақ

6-тақырып. Сөйлеудің әсер ету құралдары

1 Экспрессивтілік - сот жарыссөзінің қажетті сипаттамасы.

2 Эмоционалды тұрғыдан әсер етудің құралдары

3 Сот сөзіндегі сұраулы сөйлемдердің стилистикалық қызметі.


10-сабақ

6-тақырып. Сөйлеудің әсер ету құралдары

1 Троптар дегеніміз не? Олардың әрқайсысының сот жарыссөзіндегі рөлі?

2 Сот жарыссөздерінде шешендер сөйлеудің қандай әдістерін қолданады? Олардың стилистикалық қызметі?

3 Сот жарыссөздерінде таңдаулы, мәнерлі құралдарды қолдану немен байланысты деп ойлайсыз?


11-сабақ

7-тақырып. Сөйлеу техникасы – сөйлеудің әсер ету құралы

1 Айту мәдениеті. Сөйлеудің дыбыстық ұйымдастырылуының мағынасы.

2 Интонациялық-мәнерлі құралдар .

3 Сөйлеудің дыбыстық ұйымдастырылуының стилистикалық және этикалық олқылықтары


12 -сабақ

7 – тақырып. Сөйлеу техникасы – сөйлеудің әсер ету құралы

1 Шетелдік сөзде дауыссыз дыбыстар дауысты е алдында қалай айтылады?

2 чн, чт айту үйлесімдігі туралы не білесіз?

3 Жағымды дыбыстау дегеніміз не?

4 Қандай дыбыстар және дыбыстар үйлесімдігі орыс тілінде жағымсыз дыбыстауға жатады?

5 Қандай құбылыстар жағымсыз дыбыстауды тудырады?

6 Орыс тіліндегі ықпалдың қойылу ерекшеліктері қандай?

7 Аудиторияға психологиялық тұрғыдан әсер етудегі қолданылатын сөйлеудің қандай техникалық құралдары бар? Сөйлеудің сенімділігін арттыратын құралдарды ата.


13-сабақ

8-тақырып. Сот жарыссөзінің этикалық негіздері

1 Сот отырысындағы заңгердің кәсіби әдебі.

2 Сот шешеннің сөйлеу мәнері.
14-сабақ.

8-тақырып Сот жарыссөзінің этикалық негіздері

1 Сөйлеу мәнерінің әдебі нені қамтиды?

2 Сот шешеннің сөйлеу мәнері қандай болуы қажет және оған әсер ететін жағдайлар?

15 -сабақ

9 –тақырып. Сот жарыссөзінің ауызша сипаты

1 Сот жарыссөзін дайындау.

2 Сот жарыссөзінің ауызша болуы.

3 Сот жарыссөзіндегі сөйлеу құрылымдары



10.3 Студенттердің өзіндік жұмыстардың мазмұны

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағаттағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Дәріс конспектісі

Сабаққа қатысу

15

2

Тәжірибе сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі

Конспект

Конспектілерді тексеру

35

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Конспект

С/т қорғау

27

5

Бақылау шараларына дайындық




1 МБ, 2 МБ

25

Барлығы: 117



Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі:

1-тақырып. Ғылым ретінде риторика туралы жалпы түсінік. Риториканың өнер ретіндегі маңызды сипаттамалары

1 Сөйлесудің түсінігі және негізі.

2 Қарым-қатынас жасау сөйлесудің элементі ретінде.

3 Сөйлеу қарым-қатынасының мақсатты және тиімді құрылымы туралы ғылым.

4 Сенімді сөйлеудің өнері .

2-тақырып. «Сот риторикасы» оқу курсының негізгі түсініктерінің мағынасы

1 Шешендік өнер дегеніміз не?

2 Оның сот шешендік өнерімен байланысы қандай?

3 Сіз «сот шешендіктің өнері» мен «сот шешендігі» сөздерінің мағыналарын ажырата аласыз ба?

4 Не себептен заңгердің сөйлеу мәнерінің мәдениетін айту қажет?

5 Сөйлеу мәдениетіне не жатады? Ауызша монологты сот жарыссөзінің мәдениеті жазбаша сөз мәдениетінен ерекшелігі қандай?

6 Сот жарыссөзінің маңызды қарым-қатынас қасиеттерін атаңыз.

3-тақырып. Сот жарыссөзі – шешендік өнердің жанры

1 Ежелгі Грецияда шешендік өнердің міндеттері мен белгілері қандай болды?

2 Ежелгі Римдегі сот жарыссөзінің ерекшеліктерін атап өтіңіз. Цицеронға дейін сот шешендерді сипаттаңыз.

3 Цицерон сот шешендігін дамытуда қандай үлес қосты?

4 XIX ғасырдағы француз сот шешендерінен нені үйренуге болады?

5 Кеңестік сот өндірісінде сот жарыссөзі қандай белгілермен ерекшеленді?


4-тақырып. Сот жарыссөзінің логикалық негіздері

1 Сендіру дегеніміз не? Оның қалыптасуында қандай факторлар орын алады?

2 Сөйлеудің сенімділігі дегеніміз не? Оған жету үшін не қажет?

3 Шешендік қызметтегі логика заңдарының маңыздылығы.

4 Логикалық талқылау дегеніміз не? Логикалық мазмұндама?

5 Аргументтеу процессі қандай элементтерді қамтиды? Олардың әрқайсысын сипатта.



5-тақырып. Сот жарыссөзінің композициясы

1 Композицияның екі аспектісін ата. Сот жарыссөзінің тұтастығының негізі не?

2 Айыптау және қорғау сөзінде қандай кіріспе болуы мүмкін? Кіріспенің маңызы неде?

3 Сот жарыссөзінің негізгі бөлімінің микротақырыптары.Сот жарыссөзінің негізгі бөлімінің композициясы қандай факторлардан тәуелді?

4 Қорытындының рөлі қандай ?

5 Композияцияның лингвистикалық аспектілерін қалай түсінесіз?

6 Кіріспеге қандай риторикалық құрылымдар тән?

7 Сот жарыссөзінің композияциялық бөлімінің қандай жақтары ресми –іскерлік сөйлеу мәнеріне жақын?

8 Қандай композияциялық бөлімдерде тезис негізгі құрылымдық бөлім болып табылады?

9 Қандай құрылымдық-композициялық бөлімдерде әдеби шығарма құралдары жиі қолданылады?

10 «Терсіке шығару» дегеніміз не? Монологтік сөйлеуде оның маңыздылығы қандай?

13 Азаматтық процесстердегі сот жарыссөзінің композициясы қандай?



6-тақырып. Сөйлеудің әсер ету құралдары

  1. Әсер етуді қалай түсінуге болады?

2 Эмоционалды тұрғыдан әсер етудің құралдарының рөлі қандай?

3Әсер етудің интеллектуалдық құралдарының қандай түрлерін білесіз?



7-тақырып. Сөйлеу техникасы – сөйлеудің әсер ету құралы

1 Сөйлеу техникасы дегеніміз не? Заңгерге не үшін қажет?

2 Шешеннің даусы қандай қасиеттерге ие болуы қажет?

3 Дауыс мәнері дегеніміз не? Ол сөйлеу мәнеріне қандай қасиеттер береді?

4 Интонация дегеніміз не? Оның сот жарыссөзін айтқанда рөлі қандай?

5 Логикалық ықпалды қалай түсуніге болады?

6 Дыбыстау сөйлемінде кедеріс жасаудың маңыздылығы?

7 Жұмсақ дауыссыздардың ықпалында е және о дыбыстарын айту неге қиындыққа әкеледі?



8 тақырып. Сот жарыссөзінің этикалық негіздері

1 Этикет дегеніміз не?

2 Сот шешеннің ізеттілік парызы қандай?

9-тақырып. Сот жарыссөзінің ауызша сипаты

1 Қандай сөйлеуді дәлме-дәл ауызша деп айтуға болады?

2 Сот жарыссөзінің кенеттілігі дегеніміз не?

3 Сөйлеудің ауызша нысаны талқылаудың синтактикалық құрылымына қалай әсер етеді?

4 Ауызша монологты сөйлеу мәнеріне қандай сөйлеу құрылымдары тән.

11 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
5 Александров Д.Н. Логика. Риторика. Этика: Учеб. пособие. М., 2002.

6 Александров Д.Н. Основы ораторского мастерства, или в погоне за Цицероном: Учеб. пособие. М., 2003.

7 Александров Д.Н. Риторика: Учеб. пособие для студентов вузов. 3-е изд. М., 2004.

24 Баишева 3. Психолого-риторические основы убедительности обвинительной речи // Законность. 2004. № 2.

25 Баркалова О., Сидорова Л. Судебная речь в социолингвистических и психолингвистических исследованиях // Структуры языкового сознания. М., 1990.

26 Барщевский М.Ю. Адвокатская этика. М., 2002.

40 Викут М.А., Зайцев ИМ. Гражданский процесс в России. М., 2001.

42 Виноградова Т.Ю. Психолингвистическая характеристика личности судебного оратора // Русская и сопоставительная филология: Системно-функциональный аспект. Казань, 2003.

66 Демидов В., Санинский Р. Эффективность государственного обвинения// Законность. 2004. № 8.

67 Демидов О.В. Русское судебное красноречие в контексте современности: лингвистический подход (Анализ обвинительных речей А.Ф. Кони) // Вести Челяб. ун-та. Серия 2. Филология. 1999. № 2.

73 Жуйков В. Принцип состязательности в гражданском судопроизводстве // Российская юстиция. 2003. № 6.

74 Жураковскии В.А. Споры в судах общей юрисдикции: судебная практика и применение законодательства. М., 2002.

75 Закомлистов А.Ф. Система современной судебной этики. М., 2002.

76 Закомлистов А.Ф. Судебная этика. М., 2002.

91 Истина и закон: Судебные речи известных российских и зарубежных адвокатов / Сост. И.Я. Козаченко. СПб., 2003.

99 Кириллова Н. Государственное обвинение в суде // Законность. 2004. № 5.

108 Кодекс судейской этики // Российская юстиция. 2003. № 4.

109 Кодекс профессиональной этики адвоката// Российская юстиция. 2003.№ 1

128 Лисоненко Л.В. Убеждение как назначение судебной речи в дидактическом и методическом освещении // Личность, речь и юридическая практика. Ростов н/Д, 2003. № 6.

129 Лившиц В.И. Слово адвокату. М., 1990.

143 Мельник В. В. Искусство доказывания в состязательном уголовном процессе. М., 2000.

164 Пиринова Н.В. Официально-деловой стиль в судебных речах Плевако // Вестник Пятигор. гос. лингв, ун-та. Пятигорск, 2003. № 2.

172 Поддержание государственного обвинения в суде с участием присяжных заседателей / Под ред. СИ. Герасимова. М., 2002.
Қосымша әдебиеттер
187 Решетникова И. Состязательная система доказывания: новеллы АПК РФ // Российская юстиция. 2003. № 9.

231 Ткачев В. От Кодекса чести судьи к Кодексу судейской этики // Российская юстиция. 2003. № 3.

234 Участие государственных обвинителей в прениях сторон: Учеб.-методи-ческое пособие / Сост. И.В. Блинова, И.В. Литвинова, В.П. Любушки -на, Л.Г. Рябова. Иркутск, 2003.

252 Шнайдер П. Поддержание государственного обвинения в суде с участием присяжных заседателей // Законность. 2004. № 12.



12 Курс саясаты

Егер де сіз барлық сабақтарға кешігусіз келсеңіз, барлық сабақтарға дайын болсаңыз және сабақтарға белсенді қатыссаңыз, барлық тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындасаңыз, бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген жоғарғы балды жинақтайсыз.



Бақылау шараларының кестесін, жүріс тұрыс ережелерін кез келген түрде бұзушылықтар мен сабаққа кешігіп келу жағдайлары орын алса, студенттер жауапкершілікке тартылады.

Оқу үрдісіне қатысу дегеніміз барлық сабақтарға қатысу, сабақтарда талданып жатқан оқу сұрақтарына (дәріс, тәжірибелік және ОСӨЖ сабақтары) белсенді түрде қатысу және әрдайым дайын болу дегенді білдіреді.

Сіздің тәжірибелік сабақтарға дайындығыңыз сұрақ қою, орындалған үй жұмысын орындау және топтың жұмысына қатысу арқылы тексеріледі. Егер де Сіз сабаққа дайын болмасаңыз, онда Сіз 0 балл аласыз. Сабақ өтіп кеткен соң оған дайындалу бағалануға жатпайды.

СӨЖ мерзімінде орындамау (сабаққа дайындалудан басқа) балдарды төмендетуге әкеліп соғады:



  • аптаға кешігу жағдайында 1/3 баллға;

  • аптадан артық кешіккен жағдайда 2 есеге.

Тәртіпті бұзу және сабаққа кешігіп келу балдардың жалпы суммасын 2 балға төмендетуге әкеліп соғады. Сабақтан шығарып жіберу үшін сіз 3 баллдан айырыласыз.

Әр семестрде пәннің өткен тақырыптары бойынша жазбаша бақылау жұмысы түріндегі екі межелік бақылау қарастырылған.

Егер де сіз сабақты немесе бақылау шарасын дәлелді себептермен босатсаңыз, онда оқытушы белгілеген жеке уақытта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Пән бойынша межелік бақылауға АҮ баллдары бар студенттер жіберіледі.

АҮ және МБ қорытындылары бойынша келесідей формуламен есептелетін, студенттің пән бойынша рейтинг анықталады:



М1(2) = АҮ1(2) * 0,7 + МБ1(2) * 0,3

Егер де студент МБ өтпесе немесе МБ бойынша 50 ден кем балл алса, онда рейтинг анықталмайды. Мұндай жағдайда декан МБ жеке тапсыру мерзімдерін бекітеді.

Жіберу рейтингінің бағасы семестр үшін ЖМ = (М1+М2)/2.

Оқу материалын зерделеу емтихан тапсырумен аяқталады. Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингін жинақтаған (50баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Емтихан жазбаша тұрде екі кезеңде өткізіледі 1) тестілік тапсырмаларды орындау (30 тапсырма); 2) билеттер бойынша. Емтихан билеттері екі теориялық сұрақтан және бір ситуациялық есептен тұрады. Емтихандарда немесе тәжірибелік сабақтарда жазбаша жұмыстарды орындау кезінде көшіру аудиториядан шығарумен және пән бойынша ағымдағы баллдардың (АҮ) жалпы суммасынан «10» баллдың алып тасталуымен жазаланады.

Пән бойынша қорытынды баға білім алушыда рейтинг бойынша, сондай ақ, қорытынды бақылау бойынша да оң баға болған жағдайда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелді себептерсіз келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағаға теңдестіріледі.

Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны оны жоғарылату мақсатымен қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Егер де сіз емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз (50баллдан кем) баға алсаңыз, онда сіздің қорытынды рейтингіңіз анықталмайды, ал, емтихандық тізімдемеге «қанағаттанарлықсыз» бағасы енгізіледі.



Академиялық қарызының болуы жағдайында студенттер пәнді ақылы негізде қайта оқиды.

Сәттілік тілеймін!
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет