Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Бірнеше бөліктен тұратын күрделі емес заттарды, жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылығын тудыру.
Табиғи материалдан мүсіндеу дағдыларын бекіту.
Сюжеттік мүсіндеу
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.
Сәндік мүсіндеу
Әшекей заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау бойынша мүсіндеу. Ересектің көмегімен шығармашылық ойлауды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
- сазбалшықтан, ермексаздан, қамырдан мүсіндеуге қызығушылық танытады;
- сазбалшықтың, ермексаздың, қамырдың қасиеттері және мүсіндеу әдістері жайлы түсініктері қалыптасқан;
- сазбалшықтың ермексаздан, қамырдан үлкен кесегінен кішкентай бөлігін бөліп ала біледі;
- алақанға салып тік және дөңгелетіп есе біледі;
- мүсіндеудің түрлі әдістерін қолданып 1-3 бөліктерден тұратын түрлі заттарды мүсіндей алады (аққала, паравоздар, шарбақ);
- ұжымдық композициялар құрастыруға қатысады;
- әшекей заттарды мүсіндей алады (моншақ, сырға).
Жапсыру
Дағдыларды қалыптастыру:
- заттардың орналасу, олардың арасында арақашықтықтың сақталу заңдылығы;
- түрлі пішіндегі қазақ оюының кейбір элементтерін қағазға орналастыру;
- желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, клеенкадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану;
- табиғи материалмен жұмыс істеу, олардан зат жасау;
- қағаздың мүмкіндіктері туралы түсініктерді жетілдіру: жыртылады, мыжылады, оңай мыжылады.
Сюжеттік жапсыру
Балаларды жалпы композиция құрастыруға үйрету.
Сәндік жапсыру
Дағдыларды қалыптастыру:
- ересектер дайындаған ірі және өте ұсақ ою элементтерді орналастыру және жапсыру;
- шаршының ортасында, бұрыштарына қазақ ою өрнектерін жапсыру;
- пішінін, түсі мен көлемін, ескере отырып, заттар мен ою-өрнектерді орналастыру;
- геометриялық элементтерден өрнек құрастыруға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерген;
- қағаздың қасиеттері жайлы біледі: жыртылады, мыжылады, оңай мыжылады;
- белгілі ретпен түрлі пішінді, көлемді түстегі бөліктерді орналастырып, дайын бейнені қағазға жапсыра біледі;
- ересектер дайындаған түрлі пішінді қағаз бетіне заттарды орналастыра алады;
- қарапайым композицияларды құрастыруға қатысады;
- ұқыпты жұмыс жасай алады: желімді қылқаламға жағуды, клеенкадағы дайын үлгілерге жағуды, желімнің қалдықтарын майлықпен сүртуді біледі.
Музыка
Музыка тыңдау.
Дағдыларды қалыптастыру:
- түрлі қарқындағы музыканы тыңдау;
- музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау.
Ән салу.
Дағдыларды қалыптастыру:
- музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салу, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату (октава шегінде), әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Дағдыларды қалыптастыру:
- қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-біреулеп, жұптаса отырып би қиылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;
- ойындарға, хороводтарға қатысу, таныс би қимылдарын қайталау білу.
Күтілетін нәтижелер:
- музыканы тыңдау дағдысын меңгерген;
- музыкалық шығарманың қарқынын айыра алады;
- әуеннің басталуы мен аяқталуына мән береді;
- бір-біреуден, жұптаса ауыса отырып, би қимылдарын орындайды, жануарлардың қимылдарын ұқсатады;
- балаларға арналған музыкалық аспаптарды ажырата біледі және атын атай алады;
- музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |