Ән айту
Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ән мазмұнымен байланысты дыбыстаудың түрлі сипатын беру, бір қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптармен қосыла отырып, оның даусына бейімделе отырып, ән салу дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларды қалыптастыру:
- бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;
- әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;
- әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау;
- жоғары және төмен дыбыстауды ажырату, оны ойын әрекеттерінде байқау;
- аспаптарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажырату.
Күтілетін нәтижелер:
- музыкаға деген эмоциялық сезімдерін білдіре алады;
- таныс әндерді, пьесаларды біледі;
- музыканың сипатын сезінеді: ән, марш;
- музыкалық және шулы ойыншықтардың, балаларға арналған аспаптардың дыбысталуын ажырата біледі;
- билейтін әуендерге сәйкес өздігінен қимылдар орындайды;
- жоғары және төмен дыбыстарды ажырата біледі, оны ойын әрекеттерімен көрсетеді;
- балалар музыкалық аспаптарын ажыратады және атайды: металлофон, сылдырмақ, бубен, барабан, қоңырау;
- қарапайым би қимылдарын орындайды.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу
Заттық сурет салу
Дағдыларды қалыптастыру:
- төртбұрышты пішіндегі заттарды бейнелеу, оларды дөңгелек пішіндегілермен үйлестіру;
- образдарды,заттарды,құбылыстарды беру кезінде қол белігінің түрлі бағытта қимылдауын дамыту;
- бірнеше тік және көлденең сызықтардан заттарды салу (дуал, ағаш);
- жануарлардың суретін салу дағдыларын жетілдіру;
- салынған пішіндерін бояуды (штрихтау, мақталы таяқшаларымен бояу);
- дәстүрден тыс сурет салуды (құмда, мәниде саусақпен немесе таяқшамен, саусақтармен және алақандарымен, түрлі- түсті борлармен асфальтта).
Сәндік сурет салу
Бейнелеу әрекетіне, халық шығармашылығының туындыларына деген қызығушылықты тәрбиелеу. Қазақ ою-өрнектерінің элементтерінің суретін салу дағдыларын бекіту. Қазақ мәдениетінің тұрмыстық заттарымен таныстыру.
Дағдыларды қалыптастыру:
- түстерді тану мен ажырату: қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ;
- бормен асфаьтқа, таяқпен құмға сурет салу, жолақта және бұрыштарға қазақ ою-өрнектерінің қос элементін салу.
Мазмұнды сурет салу және ойы бойынша сурет салу
Дағдыларды қалыптастыру.
- сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану;
- қарындаш, қылқалам, бояу, гуашьты пайдалану;
- негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалану;
- таяқпен құмға, бормен асфальтқа сурет салу;
- ойлау бойынша дербес сурет салу.
Күтілетін нәтижелер:
- сурет салу кезінде қарындашты, фломастерді, қылқаламды қолында еркін және дұрыс ұстай біледі;
- төртбұрышты пішіндегі заттарды, оларды дөңгелек пішіндегі бейнелермен сәйкестендіріп бейнелей алады;
- бейнелеу әрекетіне, халық шығармашылығы туындыларына қызығушылығын білдіреді;
- түстерді таниды;
- бормен асфальтқа, таяқпен құмға сурет сала алады;
- үрделі емес сюжеттік композициялар құрастыра біледі (Айгүл жаңбырдың астында қыдырып жүр, ауладағы Аққала);
- бейнелейтін заттарға сәйкес түстерді таңдай біледі;
- халықтық сәндік өнердің әсемдігіне эмоционалды көңіл-күй білдіреді;
- пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген;
- сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін игерген.
Достарыңызбен бөлісу: |