(1 жастан 2 жасқа дейін)
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- өнімді әрекеттерге қызығушылықтарын ояту;
- балалардың байқампаздығын дамыту;
- көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;
- қоршаған орта туралы түсініктерін және сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.
Сурет салу
Әртүрлі заттарды құруда аталған жастағы балалар үшін қолжетімді бейнелеу құралдары арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Бейнелеу тәсілдерін үйрету.
Сурет салуда қолданылатын құралдар және материалдар, бейнелеу өнері туралы түсінік қалыптастыру.
1 жастан 1 жас 6 айға дейін
Сурет салуға балалардың қызығушылығын тәрбиелеу.
Балаларды үйрету;
- бояулардың ашық түстерін эмоциялы қабылдауларын;
- қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуды;
- қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтыруды;
- бояу жағылған саусақпен қағазға сурет салуды үйрету. 1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін
Балаларды үйрету;
- 4 негізгі түстерді (қызыл, көк, сары, жасыл) қолдануға;
- қағаз бетіне бейнелерді дұрыс орналастыру;
- қарындашпен,фломастермен жұмыс жасауға техникасына;
- бояу жағылған саусақпен және алақанмен қағазға сурет салуды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- өзінің жеке тәжірибесіне, біліміне, қиялына сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;
- сурет салудың техникасы,сурет салуда қолданылатын материалдар
туралы түсініктерге ие;
- бояулардың ашық түстеріне эмоциалы жауап береді;
- қағаздағы қарындаштар пен фломастерлердің іздерін байқайды;
- қарындашпен, фломастермен сурет салуға ынта білдіреді;
- қағаз парағын ашық түсті дақтармен, жақпалармен ырғақты түрде толтырады;
- қағаз бетіне алақанымен ұқыпты баса біледі.
Мүсіндеу
1 жастан 1 жас 6 айға дейін
Бұл жастағы балалар сазбалшықпен, оның қасиеттерімен танысады.
Үйренеді:
ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатуды;
алақан арасында «шарлар» жасауды;
жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге.
1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін
Үйренеді:
- ермексазды, сазбалшықты алақан арасына ала білуді;
- өз тілегі бойынша алынған пішіндерді құрастыруды;
- жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге; - қолданылған материалдарға ұқыпты қарым-қатынас жасай білуге. Күтілетін нәтижелер:
- сазбалшықты алақан арасында домалата алады;
- жалпақ дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
- тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |