Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет6/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

«ТАНЫМ» білім беру саласы



«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сенсорика;



- жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

«Таным» білім беру саласын ұйымдастыруда баланың қоршаған ортаны бағдарлау аясы кеңейтіледі және байытылады, сезімдік тәжірибесі қалыптасады, түйсіктері және қабылдауы жетілдіріледі.

Мақсаты: табиғат құбылыстары, адамдардың өмірі туралы түсініктерін,танымдық қабілеттерін қалыптастыруға арналған жағдайлармен қамтамасыз ету.

Міндеттері:


- қоршаған орта туралы білімін кеңейту және байыту;

- сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру;

- өлі және тірі табиғат құбылыстары жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастыру;



- жануарлар әлеміне қамқор қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;

- бейнелі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту.

Сенсорика


Бұл жастағы балалардың сенсорлық саласы қалыптасады, зейін, қабылдау, ойлау, затты қолдану әрекеттері, түсті, пішінді және көлемді бағдарлауы дамиды.

1 жастан 1 жас 6 айға дейін


Балаларда заттарды сырғымалы лентаның көмегімен, ауа шарын, ойыншық машинаны, арбаны жібінен тарту, жібінен тарта отырып, дыбысын шығара білу қабілеттері қалыптасады.

Орындауға үйрету:

- бір-бірімен байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю және жинастыру, алу және салу, шарлардың түрлі түсті тығындарды қорапқа, шелекке ауыстырып салуды, оларды еңіс жазықпен сырғанатуды;

- заттарды өлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауды;

- екі бөліктен тұратын ойыншықтарды, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыруды;

- қызыл, сары, жасыл, көк, ақ және қара түске боялған: біртекті заттарды тану және жұмыс жасауды;

- түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарын, сонымен бірге музыкалық тембрлердің дыбыстарын ажыратуды үйренеді.

1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін


Аталған жастағы балаларда қалыптасатын қабілеттер:

- заттар-құралдарды қолдану, олармен әрекет ету, пішінді, көлемді, түсті, дыбысты ажырата білу;

- неғұрлым күрделі заттармен әрекеттерді орындау таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білу;

- қазықшаларды ылғал құмға және тесіктері бар арнайы үстелге балғамен қағып кіргізе білу;

- заттарды өлшеміне қарай таңдай білу және оларды ажырата білу;

- конустық және тік негізге түсі және өлшемі бойынша іріктей отырып бірнеше сақиналардан пирамида жинай білу, қарама-қайшы өлшемдегі және көлемі мен саны әртүрлі 2-3 сақинадан тұратын пирамиданы жинастыра білу;

- біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыра білу.

Дамыту үшін:

- ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасау. Дидактикалық ойындарда және тұрмыста балалардың сенсомоторлық «көз-қол» үйлесімділігін қалыптастыру;

- естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңыралару, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыру;

- қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті дидактикалық және ұлттық ойыншықтарды,тұрмыстық заттарды қолдана отырып ажырату; негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату, 4 түрлі реңнің құрамдасуын: қызыл - қызылғылт сары, сары-қызылғылт сары, көк- күлгін, сары - ақ түсті таңдау ;

- логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру және топтастыру.

Күтілетін нәтижелер:


- ересектердің көмегімен қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;

- іс-әрекет орындауға болатын қарапайым заттар - құралдарды қолданады;

- екі орындық, үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинастыра біледі;

- 2–3топтан тұратын қарама-қарсы өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастырады; ересектердің көмегімен 4–5 және одан да артық түрлі өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастырады;

- біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра біледі;

- заттармен іс-әрекеттерді орындайды, 2-ден, кейіннен 3 бөлшектен тұратын заттарды іріктеуде қосымша-бөлшектерге сәйкес таңдайды;

- ұқсас пішінді қақпақтарды қораптарға іріктейді;

- түсі мен өлшеміне қарамастан таныс заттарды таниды және көрсетеді;

- негізгі төрт түсті ажыратады (қызыл, көк, сары, жасыл); тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды іріктейді;

- екіден кем емес түсті атай біледі;

- ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады;

- әртүрлі пішіндегі (тесіктерге) ойықтарға сәйкес заттарды сала білуді меңгерген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет