Мәнерлі сөйлеудегі: көркем шығарманың мазмұнына қатысты айтылатын сұраулы, бұйрықты, лепті интонацияларды түсінуін дамыту. Мәтінді қайталап оқу, көрсету арқылы сөздерді айта білуге үйрету.
Балаларға ойын әрекеттерін, оқу, айтып беру, көрсету барысында мәтінге сәйкес таныс әуендерді орындай білуге, халық шығармаларының, тақпақтар мен әндердің ырғақтығы мен әуезділігіне эмоциялы қабылдауға баулу.
Екі жасқа толғанда - адамдар мен жануарлардың әрекеттері бейнеленген шағын әңгімелерді, ертегілерді, өлеңдерді тыңдауға және эмоционалды көңіл-күйлерін білдіруге, балалардың түсінуіне жеңіл табиғат құбылыстарын: қар, жаңбыр, жел, шалшық т.б. атауға үйрету.
Оқу, айтып беру және көрсету барысында балаларды шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға, пікірін айтуға баулу.
Балалардың мәнерлеп сөйлеуді түсінуін, мәтіндегі сөздерді айта білу дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Балалар ойын әрекеттерінде халық шығармаларының, тақпақтардың, әндердің музыкасы мен ырғағына көңіл күйін білдіреді, адамдар мен жануарлардың әрекеттерін, табиғат құбылыстарын сипаттауға үйренеді.
Шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық сезімдерін білдіру, көмек көрсету сезімдерін қалыптастыру.
Кітаптардағы суреттерді қарастыруды үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |