Күтілетін нәтижелер:
- үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып, сурет салады;
- көкөністер-жемістердің, ыдыстардың, ойыншықтардың, жануарлардың пішіндерінің суреттерін салады;
- қазақ оюының бөліктері туралы ұғымдары бар;
- сурет салудың техникалық дағдыларына ие: қылқаламның ұшымен салу, жақпаларды ырғақты түрде, штрихтарды пішіні бойынша жағу, қылқаламмен жалпақ, жіңішке сызықтарды, қылқаламның басымен және артқы ұшымен нүктелерді жүргізу;
- жұмысының нәтижесіне қуанады, өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалай алады.
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру:
- түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу;
- түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін;
- пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды;
- адам пішінін;
- заттарды толық пішіні алынғанға дейін немесе жайылған пішінінің жиектері иілгенге дейін сығымдау.
Мазмұнды мүсіндеу
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.
Сәндік мүсіндеу
Балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.
Халықтық ойыншықтары туралы білімдерін кеңейту, халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау. Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету.
Кескішті қолдануды таныстыру. Кескіштің көмегімен жасалған бұйымды безендіруге тырысуын ынталандыру. Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |