Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Жиынтық. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиынтық түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту. «Бір» деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.
Сан және санау. Математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру. 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекілік негізінде 2, 3, 4, 5, 6 санының пайда болуымен таныстыру.
7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. 7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Көлемдер. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге үйрету, заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Көлемі бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.
Геометриялық пішіндер. Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік ұғымдарын бекіту. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.
Уақытты бағдарлау
Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге үйрету.
Салмақты бағдарлау. Заттардың салмағын өлшеміне қарай алдымен қарама-қарсы көрсеткішпен тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп анықтауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |