Күтілетін нәтижелер:
-театрландырылған әрекетке оң қатынас танытады;
- таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналай алады;
-театрландырылған өнердің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын меңгерген;
- мәнерлілік құралдарын меңгерген;
- жеке шығармашылық қабілеттерін танытады;
- режиссерлік әрекетке қызығушылық танытады;
- ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген;
- өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдай біледі;
- әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалай алады.
«ТАНЫМ» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- құрастыру;
- жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды қалыптастыру.
Міндеттері:
- таным процестерін: зейінді, есті, қабылдауды, шығармашылық қабілеттерін, қиялды дамыту;
- ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін жаттықтыру (талдау, біріктіру, салыстыру, жалпылау,топтастыру, құрастыру, модельдеу,себеп- салдарлық байланыстарды анықтау),қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
- табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, тірі табиғат нысандарына жанашырлық сезімді, қоршаған ортаға қарым- қатынасы бойынша өз әрекетінің кейбір қарапайым нәтижесін көре білуге жаттықтыру.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |