«КОММУНИКАЦИЯ»білімберусаласы «Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сөйлеуді дамыту;
- көркем әдебиет;
- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ұйымдастырылған
оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметтік ортада қарым - қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдылары дамыту.
Міндеттері: -балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызекі сөйлеуін дамыту;
- әдеби тілде сөйлеуді дамыту;
- сөз өнеріне баулу;
- қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
Дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сөйлеуді дамыту Дағдыларды қалыптастыру:
Сөйлеудің дыбыстықмәдениеті - дыбыстарды айта білуге;
- дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту;
- артикуляциялық аппаратты дамыту.
Сөздік қор: - ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;
- заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға үйрету;
- балалардың сөйлеу тілін заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен байыту;
- жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).
Тілдіңграмматикалыққұрылымы: - сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай келістіру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;
- сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.
Байланыстырыпсөйлеу: Дағдыларды қалыптастыру:
- суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;
- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;
- ересектердің сөзін тыңдау және түсіну;
- тілдік әдептің сәйкес түрлерін дұрыс қолдану;
- ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;
- кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;
- рифмді және сөздік ойындарға назар аударуын, қызығушылығын тәрбиелеу;
- таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын, қызығушылығын баулу.