Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет31/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62

Русский язык


Воспитание звуковой культуры речи

Закрепление навыков произношения гласных и согласных звуков русского языка.

Совершенствование навыков развития голосового и артикуляционного аппарата, речевого дыхания, четкой дикции.
Словарная работа и развитие речи.

Расширение кругозора и обогащение словарного запаса детей.

Совершенствование знаний о группах предметов ближайшего окружения, о временах года и об явлениях природы.

Обучение на русском языке прямому и обратному счету до 10. Формирование навыков называния некоторых свойств предметов: цвет, формы, признаки.

Формирование умений понимания и использования знакомых слов в повседневной жизни.

Формирование грамотной речи: составление словосочетаний, предложений на русском языке.

Формирование навыков использования в речи имен существительных единственного и множественного числа.

Закрепление навыков составления коротких рассказов по картинам.

Совершенствование навыков связной и разговорной речи.

Закрепление навыков правильного использования русских слов и выражений при ответе на вопросы.


Ожидаемые результаты:


- понимает русскую речь педагога в игровых ситуациях и в повседневной жизни;

- умеет считать на русском языке до 10 и обратно;

- произносит правильно свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л) звуки русского языка;

- называет группы предметов ближайшего окружения,их свойства, признаки; времена года и отдельные явления природы;

- умеет пользоваться паузами, с интонацией играть роль персонажей сказок;

- рассказывает о себе (фамилия, имя, возраст, родители, место проживания);

- участвует в элементарном диалоге;

- употребляет в речи имена существительные единственного и множественного чисел;

- составляет словосочетания, предложения из 4–5 слов;

- умеет придумывать короткий рассказ по картинке или по образцу воспитателя.
Драма

Коммуникативті –тілдік, ойын және артикуляциялық дағдылар

Дағдыларын қалыптастыру:

- таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау;

- ертегі желісін ретімен орындау;

- театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлері (саусақты, үстел үсті, көлеңкелі және т.б.);

- жұбымен келісе отырып, сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін сақтау;

- әдеби кейіпкерлерді дене пластикасы, ым, дауыс, мимика арқылы құру;

- сахнада бағдарлану.

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

- ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас;

- адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көрсету;

- әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру;

- оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау;

- өз ойын білдіріп, басқалардың пікіріне құлақ асып, ұлдар (күшті, батыл, еңбекқор және т.б.) мен қыздарға (қарапайым, әдемі және т.б.) тән мінез-құлық ерекшелігін талқылау.


Күтілетін нәтижелер:


- таныс бірнеше шығармаларды атайды;

- вербалды емес әдістермен образдарды жасай алады;

- өз ойын құрдастарының ортасында білдіріп, басқалардың пікіріне құлақ салады;

- ұлдар мен қыздардың мінез-құлық ерекшелігін біледі;

- ертегі желісін ретімен орындайды;

- театрландырылған әрекеттің түрлі жұмыс тәсілдерін меңгерген;

- жұбымен қозғалыс үйлесімін сақтайды;

- сахнада бағдарланады;

- әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіреді;

- адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалайды.

«ТАНЫМ» білім беру саласы


«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- құрастыру;

- жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, экологиялық білім негіздерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- сенсорлық қабілеттерін, алғашқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін дамыту;

- жаратылыстану бойынша түсініктерін, тірі және өлі табиғат жайлы білімдерін, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру;

- табиғатта өзін ұстай білу ережелерімен және қарапайым өзара байланыспен таныстыру;

- тірі және өлі табиғат объектілеріне деген ұқыпты қарым- қатынасқа және сүйіспеншілікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой - өрістерін кеңейту.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет