Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет33/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62



Құрастыру

Құрылыс материалынан құрастыру


Дағдыларды қалыптастыру:

- орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және көлденеңнен, кірпіштерді, бөлшектерді орналастыру;

- схеманы қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру;

- үлгі бойынша құрастыру;

- умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру.

Қағаздан құрастыру

Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және тараптарды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру

Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу.

Конструктор бөлшектерінен құрастыру

Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:


- ғимараттар мен құрылыстаға назарын аударады;

- құрылыс бөлшектерін атайды, құрылымдық қасиеттерін ескере отырып, оларды пайдаланады;

- құрылысты безендіру үшін түрлі түсті бөлшектерді қолданады;

- биіктігі, ұзындығы, ені бойынша құрылыстарды өзгертеді;

- бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді;

- қағаздан көлемді пішіндерді кесек, орам, ілмек жасай алады;

- табиғи материалдардан түрлі заттар дайындайды;

  • конструктордан құрылыс тұрғыза алады.

Жаратылыстану


Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Өлі табиғат нысандары туралы білімдерін кеңейту.

Өсімдіктер әлемі

Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін байыту.

Табиғаттағы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру.

Табиғаттағы ауа райының жағдайын бақылауға және бақылаудың нәтижелерін табиғат күн тізбесінде белгілеуге үйрету.

Балабақшаның ауласындағы және маңайдағы өсімдіктерді атауға үйрету.

көкөністер мен жемістердің 3-4 түрін, бөлме өсімдіктерін,ағаштар мен бұталарды атауға үйрету.

Өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын,

зейіндерін дамыту.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары және олардың төлдері туралы, кейбір жабайы жануарлардың табиғи жағдайдағы тіршіліктері туралы білімдерін кеңейту.


Күтілетін нәтижелер:


- үй жануарларын және олардың төлдерін атайды;

- кейбір жабайы жануарларды біледі;



- бөлме өсімдіктерін, балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді, көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін, ағаштар мен бұталарды атайды;

- табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстар орната алады;

- өсімдіктер әлеміне қамқорлық танытады, қарапайым тәжірибеге қызығушылық танытады;

- табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін біледі.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет