Жиынтық
Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру.
Осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерліне жаттықтыруды жалғастыру.
Сан және есеп
5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру.Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?»,
«Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту.
Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамытуды жалғастыру(көру, есту, иіс сезу).
Көлем
Ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндерді; шеңбер, шаршы және үшбұрыш тану және атау, пішіндердің пішінін сипап-сезу және көру тәсілдерімен зерттеу.
Кеңістікте бағдарлау
Өзінің дене бөліктерінің орналасуын бағдарлау дағдыларын бекіту, өзіне тікелей жақын кеңістік бағыттарын анықтау.
Уақытты бағдарлау
Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтау және тану дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, күндер: бүгін, кеше, ертең, жылдам, баяу ұғымдарын атайды;
- өзіне қатысты кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтай алады;
- жасалған әрекеттердің көмегімен түрлі мәселелерді шешудің әдістерін табады, қарапайым байланыстарын анықтай алады.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан құрастыру
- құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, олардың бөлшектерін атауға үйрету, оларды көлемі, түсі бойынша ажырата білуге баулу;
- құрастыру кезінде сәйкес белгілері бойынша біріктіре білу және онымен ойнай отырып шығармашылық қиялдау дағдыларын қалыптастыру.
Ұжымдық құрастыруға баулу
Дағдыларды бекіту :
- олардың құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдалану, құрылыс бөлшектерін ажырату және атау;
- жеке және ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту, құрылысты жалпы оймен біріктіру;
- құрдастар арасында міндеттерді бөлісу;
- қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасау;
- бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру;
- әртүрлі «пластик» түріндегі үлгілер жасау;
- қағаздан «оригами» типі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру
Балаларды қалдық материалдардан бұйым жасауға баулу. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану. Шығармашылық қиялдауды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып зат жасау.
Конструктор бөліктерінен құрастыру
Конструктормен ойындар үшін құрылыстарды құру дағдыларын жетілдіру, бөлшектерді бекіту мен құрылыстарды құру тәсілдерін жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
- заттарды атайды және ажыратады, олардың көлемін, түсін, пішінін, жасалған материалын анықтайды, оларды топтастыра алады;
- құрылыс бөлшектерін ажырату және атау, олардың құрылымды қасиеттерін ескере отырып пайдаланады;
- өзінің құрылыстарын тұрғызып, ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |