Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет46/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62


Көркем әдебиет


Балаларға оқып беру және әңгімелеу.

Шығармалардың эмоциялық-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге үйрету. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру,қазақ халқының, ұлттар мен ұлыстардың салт- дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы ауыз әдебиеті шығармалары негізінде түсінік беру.

Мәнерлеп оқу.

Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға үйрету. Балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдің образдылығын сезінуге және білдіруге үйрету.

Мазмұндау. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды түрде мазмұндауға үйрету.

Шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету.


Күтілетін нәтижелер:


- баяндау сипатын сезініп, шығармалардың мазмұнын эмоциалы қабылдай алады;

- әдеби жанрларды ажырата біледі;

- өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды;

- мазмұнның жүйесін сақтай отырып, шағын шығармаларды айтып бере алады;

- тәрбиешінің әңгімесінің соңын ойдан шығарады;

- кітаптарға қызығушылық танытады.



Сауат ашу негіздері.


«Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету.

Қолды жазуға дайындау

Жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.

Ұзын және қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды жазуға жаттықтыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:


- «сөз», «дыбыс» терминдерін ажыратады;

- түрлі сызықтар, штрихтар жүргізе біледі;

- қатаң және ұяң дауыссыздарды ажыратады;

- үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасай біледі.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет