Бағдарламасы туралы негізгі түсінік



бет4/5
Дата24.04.2020
өлшемі35,2 Kb.
#64574
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
PowerPoint бағдарламасы

Слайдтарды безендіру.

Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)— «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады. Мысалы, Word бағдарламасында суреттер сақталған құжатты ашып, қажетті суретті белгілеп, Көшіру немесе Қою командасын қолданып презентацияға әкеліп қоямыз. Осы жерден тышқанмен жан-жағынан тартып, өз қалауыңызша өлшемін өзгерте аласыз.  Сурет салу құралдар үстелі арқылы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын кіргізуге болады.  WordArt нысанын кірістіргеннен кейін жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.

 


  1. Анимация қосу.

PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін Слайдты көрсету- Анимация қосу (Показ слайда- Настройка анимации) командасын орындаймыз. Анимация қосу тақтасы экранның оң жағында тапсырмалар аймағы үстелінде ашылады. Слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту үшін Анимацияны баптау (Настройка анимции) тақтасының астында орналасқан Анимация реті (Порядок) командасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ретін өзгерту үшін тышқан батырмасымен элементтер орнын ауыстыруға болады. Көру батырмасын басу арқылы эффектілерді қадағалай аламыз. Уақыт астарлы беті элементтің пайда болу уақыттын көрсетеді. Анимациялар реті өрісінде қажетті элементті таңдап алып, шерту арқылы немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.

 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет