2014-2015 оқу жылының
оқу-тәрбие жұмыстарының талдауы
Осы оқу жылының ағымында мектеп педагогтары өз қызметтерін іске асыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, «Қазақстан Ресбуликасының Тіл туралы» Заңын, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» Мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауды, «Білім алушыларды қорытынды аттестаттау ережесіне, білім беру мекемелеріндегі оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 18.03.2008 жылғы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (2012 жылғы 4 сәуірдегі №142 бұйрығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге), Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу» Ережесіне және басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алды.
І. Мектеп төлқұжаты
2014-2015 оқу жылының 453 білім алушы аяқтады. Барлығы 1-11 кластар аралығында 21 класс- комплект бар. Оның ішінде:
1-4 кластарда 107, 5-9 кластарда 245, 10-11 кластарда 101 білім алушы білім алды. Гимназия- интернаттың 5-11 кластар аралығында барлығы 17 класс- комплект бар.
Негізгі көрсеткіштер:
Көрсеткіштер
|
2014-2015 оқу жылы
|
Оқушылар саны, соның ішінде
|
21/453
|
1-4 сыныптар
|
4/107
|
5-9 сыныптар
|
11/245
|
10-11 сыныптар
|
6/101
|
1-сыныпқа қабылдау
|
1/29
|
5-сыныпқа қабылдау
|
2/44
|
9-сыныпқа қабылдау
|
2/45
|
4-сыныпты бітірген
|
1/26
|
9-сыныпты бітірген
|
2/43
|
11-сыныпты бітірген
|
3/49
|
Үздіктер саны
|
157
|
Екпінділер саны
|
242
|
Педагог мамандар саны
|
53
|
Жоғары білімді
|
53
|
Жоғары санат
|
30
|
Бірінші санат
|
12
|
Екінші санат
|
5
|
Санаты жоқ
|
6
|
Мектеп ұжымы «Деңгейлеп оқыту негізінде дарынды баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру» мәселесі бойынша жұмыс атқарды.
2014-2015 оқу жылында педагогикалық ұжым осы мектеп мәселесі бойынша келесі міндеттер қойылды:
-Мектептің даму бағдарламасын кезең-кезеңмен іске асыру;
-Сыни тұрғыдан ойлау,формативті бағалау,рефлексия,коучинг элементтерін енгізу бойынша жүйелі әдістемелік семинарлар өткізу;
-Үш тілде оқыту бойынша жұмыстарды жүйелі іске асыру:
- Тәжіриебе алмасу және LESSON SТUDY арқылы білім беру сапасын көтеру;
-Ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру және оқушылардың денсаулығын сақтау үшін әлеуметтік, психологиялық, медициналық қызметтерді біріктіруді күшейту;
-Коучинг жүйесі арқылы оқушыларды тәрбиелеуде, отбасылық мәселелерді шешеуде ата-аналар комитетін жұмысқа тарту;
-Оқушылар мен педагогикалық ұжымның жұмысын бағалауда рейтингтік бағалауды енгізу.
Мектептің мәселесі бойынша педагогикалық ұжыммен келесі педагогикалық қызметтер іске асырылды:
-Сабақ беруде жаңа технологияларды тиімді қолдану бойынша мектепішілік пәндік ашық сабақтар көрсетілді.
-Озық тәжірибені тарату мақсатында облыстық, мектепішілік семинарлар ұйымдастырылды.
- Өзара тәжірибе алмасу және үйрету мақсатында мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы құрылды және фокус топтарымен оқыту тернингтері мен коучингтер, LESSON SТUDY өткізілді.
-Онлайн сабақтар өткізіліп, облыстық конференцияларға қатысты.
-«Кембриждік» оқыту бағдарламасы бойынша өткізілетін деңгейлік курстарға және қысқа мерзімді курстарға мұғалімдер жіберілді.
-Дарынды оқушылармен жұмысты дамыту мақсатында сыныптан тыс интелектуальды іс шаралар мен мектепішілік жарыстар ұйымдастырылды.
-Дарынды балалармен жұмыстың нәтижелігін байқау мақсатында республика, халықаралық, облыстық, аймақтық байқаулар мен олимпиадаларға, ғылыми – зерттеу шығармашылық сайыстарына оқушылар қатыстырылды.
ІІ. Педагог мамандармен жұмыс және нәтижелері
Біліктілік санаты бойынша:
Еңбек өтілі бойынша:
Тәрбиешілердің біліктілік санаты:
Достарыңызбен бөлісу: |