Бағдарламасын жазып, деңгейлерді белгілеу. Қонақтар шақыру. \мұғалімдер, ата-әжелер, әке-аналар, шәкірттер.\



Дата28.01.2018
өлшемі133,64 Kb.
#35150
түріБағдарламасы
Тақырыбы: Атаның сөзі –ақылдың көзі.

Мақсаты: Оқушы ойына әдептілік және алғырлық, адами қасиеттерін қалыптастыру. Жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға баулу, тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі нақыл сөздер мен аталы сөздер.

Әдісі: Сайыс, Пікір талас.

Даярлық кезеңі:

  1. Әр сыныпта сайыс өткізіп, жеңімпаздарын анықтау.

  2. Әр топты алдын-ала сайыс бағдарламасымен таныстыру.

  3. Бағдарламасын жазып, деңгейлерді белгілеу.

  4. Қонақтар шақыру. \мұғалімдер, ата-әжелер, әке-аналар, шәкірттер.\

  5. Мектеп залын безендіру, адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазып қыстыру.

  6. Сахнада үш топқа сай отыратын орын даярлау, түрлі қолөнер бұйымдарымен безендіру.

Кіріспе

Сайыс барысы:

(Сахнаның екі жағынан қазақша киінген бір ұл, бір қыз шығады).



Ұл: Амансыңба, Айгерім!

Қыз: Амансың ба, Еламан!

Ұл : Айгерім, бүгінгі кеш – сайыс ерекше сияқты, айнала қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонаққа келген үлкен ағалар мен мұғалімдердің алдында бір түрлі қиналып тұрмын.

Қыз: Еламан несіне қиналып тұрсың? Алдымен амандасайық. «Сөз атасы – сәлем» деген емес пе?

Ұл : Амансыздар ма, аталар мен әкелер!

Қыз: Амансыздар ма, әжелер мен аналар!

Ұл : Амансыздар ма, ұстаздар!

Қыз: Бармысыздар, балалар!

Негізгі бөлім

Ұл : Бүгінгі өткізгелі отырған «Атаның сөзі – ақылдың көзі» атты сайыс – кешімізге қош келдіңіздер!

Қыз: Ендеше, бүгінгі кеште аталы сөздер мен терме, күй тыңдап, би тамашалайсыздар.

Ұл : Сайысқа қатысып, кешімізге нәр беретін сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар

  1. «Бала шешен» тобы 8 б

  2. «Сал сері» тобы 8 а

  3. «Өсиет» тобы 8 ә

Ұл : Бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік....

Қыз:Ендеше, сайыс бағдарламасымен таныстырайық.

  1. «Мен атамның жалғасымын» деп аталады. Онда топ өзін таныстырады.

  2. «Асылдың сөзі – ақылдың кені» деп атадық. Онда топқа берілген үй тапсырмасын тамашалайсыздар.

  3. «Ескірмейтін ескі сөз» деген сайыста мақал – мәтел айтысын ұсынамыз.

  4. Сайыс «Деген екен» деп аталады, Онда сайыскерлер ұлы ғұлама ойшылдарды бейнелей, парасатты, даналық сөздерді айтады.

  5. Сұрақ-жауап қоржыннан асық алып нөмірін айтады жргізушілер сұрақты оқып береді.

Ұл: Міне, көрермендер, біздің бағдарламамыз ерекше екенін байқап отырған боларсыздар. Халқымыздың тәлім – тәрбиесі, ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, өзіндік ұлттық қасиетімізді қалыптастырады.

Қыз: Сәулелі сөз сөне ме?!

Орны бөлек батаның

Бізге тәлім, өнеге -

Ақ тілеуі атаның.



Ұл: Сахнаға сайыскерлерге бата беру үшін атамыз бен әжемізді шақырайық.

Ата: Бәрекелді ,балалар,

Өзеріңнен шығар даналар!

Әже: Ата жолын қуатын

Әже жолын қуатын

Өзіңе айтар батамыз

Сайыста болар қуатың.



Ата: (қолын жайып бата береді)

Жүйрік тілді ақын бол,

Жақсыларға жақын бол,

Достарыңмен тату бол,

Дұшпаныңа қату бол!

Әже: Ұсақ болма, ірі бол,

Өз ортаңның гүлі бол,

Ата-анаңның көзінің

Сөнбейтұғын нұры бол!

Азаматтың бірі бол,

Шешен сөздің пірі бол! Әумин!

Ұл: Иә, ойға тоқы, нарқын сез,

Ата сөзі – алтын сөз

Оқушы: Атам маған әмәндә:

«Әдепті жан бол», - деген.

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің, кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің сәлемдесіп қол берем.

Оқушы: Атам маған әмәнда:

«Кіші пейіл бол», - деген

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

Қалдыратын ұятқа

Жалған сөзге төзбеймін

Жеткізеді мұратқа.

Тек шындықты көздеймін.

Қыз: Ей, тәккәппәр дүние, маған да бір қарашы

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы...,

-деп, бірінші сайысқа топтарды шақырамыз.

Ұл: Атаң болса анаңмен, алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды ешкімнен кем болмадың.

Інің болса жанашыр семсер қылыш білегің

Ақылды қыз, ақылды ұл – өкпе, бауыр, жүрегің

– демекші, бүгінгі сайыста әр топтың өзіндік ерекшелігін байқаған боларсыздар. Екінші сайысымыз «Асылдың сөзі – ақылдың кені» деп аталады. Онда топқа берілген үй тапсырмасын тамашалайсыздар. Сахнаға «Бала шешен» тобын шақырамыз. Олар Абыз баба туралы көрініс ұсынады. (Әсет би Абыз бабаға көрісе келеді)

Әсет: Ассалаумағалейкум, Абыз баба, жасыңыз келіп қапты 120 – ға. Айтыңызшы өсиет бір асқан дана.

Абыз:

Е, ұрпаққа жеткізетін 25- тің қадірін

Әсет би өзің боласың, Жас өткенде білерсің.

Мен айтайын сен тыңда: Қара көздің қадірін

Ата-анаңның қадірін Нұр кеткенде білерсің.

Балалы болғанда білерсің. Татулықтың қадірін

Ағайынның қадірін Дос кеткенде білерсің

Жалалы болғанда білерсің. Жақсы әйелдің қадірін

Балалықтың қадірін Өлгеніңде білерсің.

Саналы болғанда білерсің. Жақсы туыс қадірін

Асыл менен жасықты Көмгенінде білерсің.

Бағалы болғанда білерсің. Аяқ қолдың қадірін

Бостандықтың қадірін Ақсағанда білерсің.

Жабылғанда білерсің. Отыз тістің қадірін

Қалтаңдағы ақшаңды Қақсағанда білерсің.

Қағылғанда білерсің. Қызыл тілдің қадірін

Денсаулықтың қадірін Оқтағанда білерсің.

Ауырғанда білерсің Білгеніңді сөйлеп қал,

Ақ бетіңнің қадірін Білгендерден ғибрат ал.

Қан кеткенде білерсің.

Ақ білектің қадірін

Әл кеткенде білерсің.



Қыз: Рахмет, енді сахнаға «Сал сері» тобы шақырылады. Олар Үш бидің қалдырған өсиетін ұсынады. \Сахнаға үш би шығады\

Бір би: Иә, ертең қайтамыз, біз барған соң елдің жасы үлкен қариялары, білікті жастары:

«Үш би не деді екен – деп сұрай қалса», «Біз былай дедік, билер былай деді» , - деп, жұрт айта жүретіндей, артымыздан бір ауыз сөз қалдыралық ( бәрі Төле биге қарайды)



Төле би: Онда тыңдаңдар:

Шешендіктен не пайда,

Артыңа сөзі қалмаса

Батырлықтан не пайда,

Халқыңа қайрат қалмаса?

Хандықтан да пайда жоқ.

Қарашасын жаймаса.

Молдалықтан пайда жоқ,

Шариғатты өзгертіп,

Надандарды алдаса.



Қазыбек би: Үй жанында биік төбең болса,

Ол ерттеуші аттан кем емес.

Отбасында білгір қарт болса,

Ол жазылған хаттан кем емес.

Ей, үш жүз, керіспегін,

Асылы, бізге керіскен жөн емес.



Әйтеке би: Екі адам керіссе, оның арты – қызыл шоқ,

Біз, үш жүз, керіспейік, келісейік!

Ал кірісе қойсақ, үшеумізге де

Бірдей хандық түгіл, ондық та жоқ.



Ұл: « Аталар сөзі – ақылдың кені» деген осы емес пе? Енді сахнаға «Өсиет тобын шақырамыз. Олар бөлтірік шешеннің Адам баласын қор ететін қасиеттері және зор екенін сараптағанын көрсетеді.(сахнаға Бөлтірік шешенмен бірге бір топ қпрттар шығады. Айнала отырады)

Қарт: Бөлтірік, Адам баласын қор қылатын немесе зор қылатын не нәрсе?



Бөлтірік: Адамды қор ететін де, зор ететін де мыналар:

«Күншілдік» деген бар, содан сақтан,

«Кекшілдік» деген бар, содан сақтан.

«Астамшылдық» деген бар, одан алыс жүр.

«Сараңдық» деген бар, одан қалыс жүр.

«Қараңдық» деген бар, одан таза бол,

«Бәлеқорлық» деген бар, одан ада бол

«Ынсапсыздық» деген бар, содан аман бол.



Қыз: Иә, туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ.

Ата сөзін білмесең,

Жұрт айтады «надан», - деп.



Ұл: Ата – бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Арда тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты,



  • дей отырып, екі сайыстың нәтижесі шыққанша Ақылбеков Дәуреннің орындауында «күй» .....

Қыз: Келесі сөз әділ қазылар алқасында (Нәтижесін хабарлайды)

Ұл: Әділқазыларға рахметімізді айта отырып, келесі сайысқа көшейік.

Қыз: Келесі сайыс «Ескірмейтін ескі сөз» деп аталады. Бірде Жетес шешеннен: «Адамның, жердің сәні не?» - деп сұрапты, сонда Жетес:

Адамның сәні – өнер, білім, ақылы,

Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы,

Сөздің сәні- өнегелі, өткір нақылы,

Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы,


  • депті, сондықтан келесі сайыс – сөздің сәні – «Мақал – мәтел» айтысы.

Ортаға сайыскерлерді шақырамыз, (сахнада з топ орындарына келіп отырады.) 3 –топ бірі мақалды бастаса білетін топ мақалды аяқтайды.

  1. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді.

  2. Сыйға – сый, сыраға – бал

  3. Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер

  4. Бірлік түбі –тірлік.

  5. Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.

  6. Әңгіме – әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер

  7. Тау тауға –қосылмас, адамға адам қосылар.

  8. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

  9. Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса- ас көп.

  10. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

  11. Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе жеткенің.

  12. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас.

  13. Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.

  14. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

  15. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.

  16. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

  17. Көре –көре көсем болады, сөйлей- сөйлей шешен болады.

  18. Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер.

  19. Білекті - бірді жығады, білімді- мыңды жығады.

  20. Қонақ келсе –құт, барыңмен –күт.

  21. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.

  22. Жаманның тілі ащы, көк мияның гүлі ащы.

  23. Үкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

  24. Жаманға еткен жақсылығың, жатқа еткен малмен тең.

  25. Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың, жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.

  26. Жақсылықты қызғанба, бәріңізге жетеді, Жақсы болып бір жүрсең, дүние қызық боп өтеді.

  27. Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа; жаманмен жанассаң қаларсың ұятқа

  28. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

  29. Жаманның өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды.

  30. Күтімі жаман ағаштың, бітімі де жаман.

Ұл: Әділқазылар жарыстың нәтижесін шығарғанша, Қуанышқанова Назеркенің орындауында «Би»......

Қыз: Бірде Бөлтірік шешен жаман мен жақсыны жіктей келе, былай деген екен:

Жақсы деген кісінің,

Алды арты бірдей жарық болар.

Жақсы деген ісімнің,

Бас аяғы бірдей анық болар.

Жаман деген кісінің,

Алды арты бірдей жау болар.

Жаман деген ісіңнің,

Бас-аяғы бірдей дау болар, - деген екен.

Ұл: Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз, Дария,

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, өзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.



Қыз: Иә, қазекең не деген философ халық десеңші?! Міне, сондай ақылды артына қалдырған бабалар өсиеті не дейді екен?

Келесі сайысымыз «Деген екен» деп аталады. Сахнада ұлы ғұламалар. Құлақ салыңыздар,

«Бала шешен» тобы Әбу Насыр Әл-Фараби өсиетін ұсынады

(Сахна төрінде Әл- Фараби, қолында үлкен кітап, ойлана қарап тұр)



Әл-Фараби: Балаларым, қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлықадамды бақытқа кенелтеді, жаман мінез-құлық – рухани дерт. Жақсы мінез-құлық пен ақыл ой, парасатты адамның басты қадір- қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады.

Жақсы мінез- құлықпен ақыл күш болып біріккенде, бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Біз қасиеттер деп әрбір нәрсенің игілікті жағын айтамыз, адам бойындағы мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүретұра пайда болады.(Ақырын басып өз тобының артына барып тұрады)



Ұл: Сахнаға «Сал-сері» тобы шақырылады. Адами қасиеттер туралы ХІ ғасыр ойшылы Махмұт Қашқари не деген екен, құлақ салыңыздар.

Махмұт Қашқари: (Алдыға асықпай басып жақындайды, халыққа қарап) Ақылды ал, ұл- қызым, рақымшыл бол, білгеніңді ортақтас.

Іс тындырсаң, аптықпа,

Өлшеп –пішіп, асықпа!

Даналардың сөзі ақыл,

Зер салсаң зердеңе қонар

Басыңа түссе қара түн.

Нар түйеше көтергін.

Тағдырына тап болса, Қиындыққа қарсы тұр.

Жомарттық – жүрек қуанышының шыңы.

Қайырымдылық адам көркі,

Ал білім оның байлығы

(Ол да өз тобының артына барып тұрады)



Қыз: Бәрекелді! «Даналар сөзі ақылдың кені» деген осы-ау, енді сахнада-«Өсиет» тобы Жетісудың ақиық ақыны, адам жанының суретшісі аитыскер ақын Сүйінбай Аронұлы не дегенін жеткізбекші (Домбырасымен ортаға шығады)

Сүйінбай ақын: Жақсы адам елдің басы, серкесіндей,

Жұғымды болар елге еркесіндей

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,

Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.

Жақсыға үлкен – кіші бәрі жақсы

Жасынан бірге өскен көкесіндей.

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

(Ол да өз тобының артына барып тұрады)

Ұл: Айгерім ендігі сайысымыз сұрақ –жауап қоржынымызды сайыскерлерге ұсынайық.


  1. сұрақ . Қазақ халқының «Үш бәйтерегі»

  2. сұрақ . Қазақ халқының бес арысы атанған тұлғалар.

  3. Абылай заманындағы қазақтың қол бастаған, ту ұстаушы үш батыры

  4. ХХ – ғасырдағы қазақтың кеменгерлері

  5. Күй атасы кім?

  6. Атаға бөлінгендер адыра қалады, көпті қорлаған көмусіз қалады. Қанатты сөздің авторы кім?

Қорытынды:

Қыз: Осы жалған дүниеден ,

Шешен де өткен не бұл-бұл,

Көсем де өткен не дұл-дұл,

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл – мизам, өлшеу – құл.

Егер қисық көрінсе,

Мейлің таста, мейлің күл

-деп Абай атамыз айтқандай аз да болса ғибрат аласақ, сайыс нәтижесін шығарғанша, ән тыңдайық...



Сайыс қортындысы шығарылып, алғыр топқа «Бала шешен» деген атақ беріледі.

Ұл: Айгерім, міне, көрдің бе, екеуміз қорқып едіе, кешіміз мәнді де сәнді болған сияқты. Қыз: Бойларында от бар екен, байқадық,

Ұл: Жүрегіңде шоқ бар екен , байқадық.

Қыз: Ұрпақтары Мағжан аттты ауылдың

Ұл: «Бала шешен» екен деп біз атадық.

Бірге: Күн нұрлы, Өмірлерің сырлы болсын демекпіз.

IV бөлім. «Жұмбақтар сайысы».

1) Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі.

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасаң бос күлкі. (28)
2) Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. (ешкі)


3) Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,



Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет