8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
«АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі әр түрлі қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматтарды дайындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін оқушы өз ойын білдіре алатындай және сенімді болатындай орта қамтамасыз етілуі қажет.
Оқыту үдерісінде «АКТ» пәнінің академиялық тілі мен ұғымдар аппаратын сауатты пайдалану негізінде әртүрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып, сыныптастар, мұғалімдер және көпшілікпен ауызша немесе жазбаша түрде сөйлесуді ынталандыру қажет.
«АКТ» пәнің оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым дағдылары іске асырылады:
оқушылардың сабақты зейін қойып тыңдап, түсінбеген жағдайда сауатты сұрақтар қоя білуі маңызды;
қойылып отырған міндеттерді дұрыс түсіну, қажетті ақпараттарды ажырата білуі;
құрбыларын зейін қойып тыңдауын өтіну, дұрыстығын тексермей болжам жасамауы.
Оқушылардың айтылым дағдыларына әсер етеді. Мысалы, көпшілік алдында топтық жұмыс қорытындысын қорғай білу. Көбінесе қорғау қорытындысының сапасы басқа оқушылардың пікірлеріне тәуелді болады.
АКТ-ны оқыту барысында оқушыларда оқытылым дағдылары дамиды. Мысалы: көпшілікке көрсетілетін барлық құжаттар дұрыс жазылуына, пунктуациясына, грамматикасына алдын-ала қарастыру және оқып шығу қажет.
Жазылым дағдыларын оқушылар, мысалы:
көркем әдебиет стилінен айрықша жалпы стильді сақтай отырып, жобаға мәтін ретінде жолдама басшылығын жазуы;
іске асыру мақсатында элементарлы деңгейде мәтінді құрылымдарға бөлу үшін пайдаланылатын стильдердің негізгі ерекшеліктерін білуі арқылы дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |