Сандық технологияларды пайдалану құзіреттілігі деген ол технологияларды жұмыс істеу барысында және сөйлесуде шығармашылық және екпінді пайдалану. Ол АКТ саласының базалық дағдыларында негізделген.
Оқушылар бір қатар алуан түрлі жабдықтар мен программалық қосымшаларды пайдалана отырып ақпаратты іздеу, құру және өндеу, ақпараттар мен пікірлер алмасу, сонымен қатар өз жұмыстарын бағалай отырып, іске асыру арқылы АКТ құралдарын пайдалану дағдыларын дамытады.
«АКТ» пәнінің оқу бағдарламасы:
практикалық есептерді шешуде және мәліметтерді жинақтау мен сақтауда ақпараттық технологияларды пайдаланудың шығармашылық тәсілдерін білуді;
өздігінен оқу және кәсіби даму дағдыларын, ойлау икемділігін;
вирус, сандық қолтаңба мен компьютерге тәуелділік мәселелері туралы дүниетанымын, жеке құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарын дамытуды;
белгілі бір мақсат пен аудиторияға арналған түрлі ақпарат көздерінен алынған материалдарды жинақтауды қамтитын презентациялау дағдыларын дамытуды;
нақты өмірлік жағдайларды имитациялау үшін компьютерлік модельдерді қолдану және дамытуды, сонымен қатар бұл жағдайларды одан әрі түсінуді;
күнделік өмірде және оқуда ақпараттың алуан түрлерін (мәтіндік, сандық, графиктік, дыбыстық, аралас) өндеу үшін программалық қамтамасыз етуді таңдау және қолдануды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |