3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік (тындалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
«АКТ» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «АКТ» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
«АКТ» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ), мұғалімнің, пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған .
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің, пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.
«АКТ» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |