Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«АКТ» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер



бет6/14
Дата07.02.2022
өлшемі262 Kb.
#82098
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Оқу бағдарлама АКТ Бастауыш сынып


5 «АКТ» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер


Қазіргі заманда оқушылардың «оқып үйрену» және өздігімен жұмыс істеуі, қызығушылығы бар, сенімді, жауапты және зияткерлі тұлға болу қағидасы білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.


Мұғалімдер оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың бойында төмендегі қасиеттерді тәрбиелеу және дамыту күтіледі:

  • оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бойындағы білімін, білігін, дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;

  • оқушыларды тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;

  • оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және есептерді шешу мысалдарымен сүйемелдеу;

  • оқушыларды оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;

  • есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен белсенділігін ынталандыру;

  • оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу қызметін ұйымдастыру.

«АКТ» пәнін оқытудың педагогикалық тәсілдері:

  • Топпен жұмыс (үш, төрт оқушы), мұнда оқушылар жалпы жобаны жүзеге асырады. «АКТ» пәнінде бірлесіп жұмыс жасаудың алатын орны маңызды, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен білімдеріне сәйкес жалпы жобаға өз үлестерін қосады.

  • Абстракция негізінде модельдеу, міндеттерді шешу. Модельдеу «АКТ» пәнінің маңызды саласының бірі, сондықтан оқушылардың оқу үрдісі бір қатар тәсілдер негізінде жүргізіледі, оларға физикалық, графикалық және математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді.

  • Қосымша программалардың бірінде істеген дағдыларын екінші ұқсас программалық қосымшаларда пайдалана отырып, іске асырған оқушыларды марапаттау, мысалы, импортталған объектілерді редакциялау.

  • Шығармашылық ойлауды және интерпретацияны талап ететін ашық тапсырмалар.

  • Басқа білім салаларымен кіріктірілген міндеттерді шешу үшін «АКТ» пәнінің қолданбалы сипатын көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет