2 «АКТ» пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру және қолдану. Сонымен қатар, басқа да оқу пәндерін оқыту үшін оқушыларды ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық біліммен қамтамасыз ету. Бағдарлама оқушылардың қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласында АКТ құралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
Сандық технологияларды пайдаланудағы құзіреттілік оларды үйде, мектепте, жұмыста, бос уақытта және коммуникацияда сенімді түрде және сыни тұрғыдан пайдалануды көздейді. Оқушылар АКТ бойынша дағдыларын курс бойы ақпаратты жинау, құру және басқару, ресурстар және иделялармен жұмыс істеу, құрылғылар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмыстарын бағалау, түзетулер негіздерінде дамытады.
«АКТ» пәні оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-рекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталған.
«АКТ» пәнін оқыту барысында оқушылар:
- компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білу;
- ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты әртүрлі формаларда іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және жіберуді іске асыру;
- әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, өз ойларын іске асыру;
- бір-бірімен сөйлесу, ақпаратпен алмасу және өзара жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалану;
- авторлық құқықтарды сыйлау және компьютерді қолдану барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау дағдыларына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |