Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


I Жалпы мәлімет «АКТ» пәнінің маңыздылығы



бет2/14
Дата07.02.2022
өлшемі262 Kb.
#82098
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Оқу бағдарлама АКТ Бастауыш сынып

I Жалпы мәлімет

  1. «АКТ» пәнінің маңыздылығы


Қоғамның ақпараттандыру үдерісі қарқынды дамуымен байланысты соңғы онжылдықта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар екпінді өсуде. Қоғамның ақпараттандыруы деген жаңа есептеу технологиялар мен ақпараттарды жіберу құралдары негізінде ақпаратты алу, жинақтау, өндеу және сақтау әдістерін жаппай ендірілуі. Адам қызметінің барлық салаларында ойдың дамуына ықпал ететін, есептеу көзқарасты талап ететін міндеттерді шешуде жаңа білім мен әдістерді жинау­ –­ маңызды үдеріс болып табылады. Есептеу үдерісі ғылыми, әлеуметтік және ішкі жетістіктер мен жаңалықтар, оның ішінде медицина, экономика және білім негіздерінде құрылады.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енуімен қоса күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.
Бірнеше елдерде білім берудің басым бағыттарының бірі - оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру. Бір жағынан оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгеруі уақыт талабы болса, екінші жағынан бұл талап басқа да білім беру салаларымен кіріктіру үшін ресурстары мен техникалық құралдарының ұсына отырып оқу пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа құрал ретінде пайдаланылады.
Ақпарат көлемінің екпінді өсуі мен ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты ақпараттың алып тасқынында оқушыларға бағыт бағдар беретін дағдыларын қалыптастыруына бағытталған саланы құру, сонымен қоса күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі кәсіби еңбегінде әртүрлі мәселелерді шешу мақсатында жаңа технологияларды тиімді пайдалану көкейкесті мәселе болып табылады. Оқушылардың ақпаратты қолданудың этикалық және құқықтық нормаларын түсінуі және сақтауы қажет. Ағымдағы ақпараттық технологиялар ғасыры адамдардың араласуына кең мүмкіндіктер ұсына отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасында, тәжірибе алмасуында, жаңа идеяларды талқылауда «адамдар арасындағы арақашықтық» ұғымын жоққа шығарды.
«АКТ» пәнінің теориялық және практикалық базасы бай. Курс абстракция және модельдеу жолдары арқылы АҚТ құралдарын пайдалана отырып, басқа білім беру салаларынан және өмірден алынған міндеттерді шешу үшін оқу үдерісінде практикалық дағдыларын дамытуға көп уақыт беруді көздейді.
Үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу мақсатында аталған пәнді оқыту оқушылардың логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сыни бағалау тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыруына және дамыуына ықпал етеді. Сонымен қатар, пән бойынша академиялық тілін және ұғымдар аппаратын біртіндеп дамыту маңызды рөл атқарады.
Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектептің базалық курсын меңгеруіне ықпал ете отырып, пропедевтика міндеттерін шешетіні сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет