Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты



бет3/18
Дата02.03.2022
өлшемі347 Kb.
#133966
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Оқу бағдарлама Қазақ Т1 2-4кл
ҚМЖ 23-сабақ

2 «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты


«Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты – тілдің функционалдық және коммуникативтік қызметі арқылы қоғамдық-әлеуметтік ортада тілдік қатынасты жүзеге асыратын жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау.


«Қазақ тілі» пәнінің негізгі міндеттері:
- тілдік ойлауы мен сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту;
- тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика, орфография) игеруін қамтамасыз ете отырып, тілдік-коммуникативтік білігі мен дағдыларын дамытуға ынталандыру;
- түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдану;
- тыңдағанын, оқығанын, түсінгенін, ойлағанын ауызша және жазбаша жоспарлай алуға, әсерлі және жинақы түрде бере білуге, талдау, салыстыру, жинақтау, бағалауға дағдыландыру;
- оқушыларды тілдік дағдыларды игеру арқылы сыни ойлау мен жазуға жетелеу;
- мәтіннің құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін талдап, мәтінге интерпретация жасау арқылы ойларын ауызша, жазбаша еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру;
- тілдік дағдыларды әлеуметтік-тұрмыстық ортада еркін қолдана білуге жетелеу;
- оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, тілдің маңыздылығы мен эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы тілді құрметтеу және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;
- құрмет, ашықтық, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру, өмір бойы білім алуға баулу.
Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының тіл туралы білімін толықтырып, игерген тілдік дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас құралы ретінде қолдануын қамтамасыз етедi.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы:
- тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұмат алуға;
- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану арқылы коммуникативтік, оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға;
- өмірде қажетті тілдік дағдыларды игеруіне көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет