Бағдарламасына әдістемелік нұСҚаулық Астана, 2023 жыл



бет32/33
Дата07.10.2023
өлшемі88,47 Kb.
#184092
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Еңбекке баулу 1-4 кл қаз

ҚОРЫТЫНДЫ


Бастауыш білім беру жүйесіндегі «Еңбекке баулу» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, материалдар мен нысандарды түрлендіру, қолдану машықтарын иелену болып табылады.


Басқа ғылымдар сияқты «Еңбекке баулу» пәнінің әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. «Еңбекке баулу» пәнінің ғылыми негіздері – қолөнер, шығармашылық өнерлерін дамыту. Өйткені «Еңбекке баулу» пәнінің - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол оқушылар үшін бірдей.
1-4-сыныптардағы «Еңбекке баулу» пәнінің оқу бағдарламасын дайындауда оның ерекшеліктері ескерілді.
«Еңбекке баулу» пәнінде «шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту», «шығармашылық жұмысты жасау және дайындау», «презентация, талдау және бағалау» бөлімдері енгізілген.
«Еңбекке баулу» оқу бағдарламасының мақсатына құндылықтар қарастырылып, енгізілді. Әсіресе, ұлттық құндылықты білім алушының бойына сіңіріп, оқытып, үйрету жолдарына көп көңіл бөлінді.
Сабақтарда білім алушылар еңбекке баулу іс-әрекет түрлерінің және көркем материалдардың техникалық түрлілігімен танысады. Оқу бағдарламасының басым бөлігі практикалық, еңбекке баулу және шығармашылық жұмыстардан құралған. Шамамен жұмыс бағдарламасында 6-7 жас аралығындағы балалардың дамуының психологиялық-жас ерекшеліктері де ескерілген, ал сабақтың мазмұны білім алушылардың жеке қасиеттерін ескере отырып қарастырылуы мүмкін.
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысында білім алушылар ойлау, шығармашылық қиял, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін дамытады. Білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін, кең ауқымды дағдыларын қалыптастырады, «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне негіз болады.
Бастауыш сыныпта баланы еңбекке баулуға тәрбиелеуге бағытталған әдістемелік нұсқаулық жобасы әзірленді. Әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында бастауыш білім беру деңгейі бойынша қолданысқа ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет