«Өзбек» биі.
2-жүргізуші: - Алдарыңызда ересек тобы «Алақай» биімен.
«Алақай» биі.
Осы кезде Леопольд болып киінген бала, велосипед теуіп залға кіреді. Қолында қармағы бар.
Леопольд: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Анау екі бұзық тышқандарды көрдіңдер ме? Ендеше тиіш жер тапқан екенмін. Мынау өзенде балық аулауға бола ма?
1-жүргізуші: - Болады, бірақ бұл жай өзен емес, бұл сиқырлы өзен. Сиқырлығы неде екенін балық аулағаннан кейін білеміз.
(Даярлық тобының балалары балық аулап, ішіндегі тапсырмаларды орындайды).
1-тапсырма: Апта күндерін атап беру.
2-тапсырма: Геометриялық пішіндерді еске алу және қоршаған ортада қандай заттар пішіндерге ұқсас.
3-тапсырма: Қандай қарама-қарсы мәндес сөздерді білесіңдер?
4-тапсырма: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін еске аламыз.
5-тапсырма: Сөйлем құрастыру (хабарлы, лепті, сұраулы).
6-тапсырма: Сөздерді буынға бөлу (оқушы, мұғалім, балапан, кітап).
7-тапсырма: Мына сөздерге сөйлемдер құрастыру (гүл, бала, оқушы, мектеп).
Достарыңызбен бөлісу: |