"Қош бол, балабақша!"
ертеңгілік
Зал мерекеге сай безендірілген.
Мерекені «Есіл ағады» өлеңімен ересек тобы жұп биімен ашады.
1-ші жүргізуші:
- Қадірлі ата-аналар, қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
2-ші жүргізуші:
Өсті ақыл ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Құрметті ата-аналар! Осы бүгінгі мерекемізді қазақ халқының «Мектеп − кеме, білім − теңіз» мақалымен байланыстырып өткізгелі отырмыз.
Біздің теңізшілерімізді, жас түлектерді
және теңізшілеріміздің арасында екі сұлу қыздарымызды қарсы алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |