Бағдарламасына «жыл бойғы мерекелер»



бет9/27
Дата05.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#25511
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
ІІІ. Драмалық көрініс.
«Шұбар тауық», «Бауырсақ» , «Шалқан» ертегілерінен көріністер тамашалау.


ІV. Мәнерлеп оқу.
«Тәуелсіз Қазақстанға балалардың арнауы»


V. Қолданбалы өнер.
Өзің сен, өзіңнің күшіңе сен
Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды, жақының да
Өзіңді-өзің төменге түсірмесең.


VІ. Аяқтау.
Хор: «Елім менің», «Әрқашан күн сөнбесін!»


Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің»

мерекелік ертеңгілік


Ханша
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік, ақылшы періштем?
Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады.
(осы сәтте бір топ бала шығады)
1-бала:
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.
2-бала:
Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында 
Жадырайды жанымыз
3-бала:
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша
4-бала:
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
(Бір топ бишілер: «ча-ча-ча»биімен ортаға шығады)

Ханша:
Ой, қандай керемет балалар, қандай өнерлі балалар, қандай әдемі балалар.
Періште:
Көрдің бе, сүйікті ханша, менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай. Мен сізге уәде беріп едім ғой, егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан:
О-О, мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар, а? Неге, айтшы, Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште:
Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос болғысы келмейді, сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан:
Иә, саған! Мен де Ханшаның досымын. Өткенде өзеннен алтын балық ұстап, алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал,мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.
1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім.Ол тілегі орындалды.
2-тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште:
Иә, мен кешігіп қалдым. Әйтпесе 3 тілегің де әділдікпен адалдық тек ғана жақсылыққа арнатар едім.Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал, мейрімді, өнерлі, білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді» деген тілек еді. Міне, сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз «Балауса» балдырғандар еліне келіп тұрмыз.
Ханша:
Сендерге не болған,қойыңдар енді. Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой. Маған Періштенің ақылы ұнады. Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін. Сондықтан, Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет