Бағдарламасына «жыл бойғы мерекелер»



бет24/27
Дата05.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#25511
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Балабақшамен қоштасу
Ертеңгілік

Музыка ойнайды, екі бала кіреді.


Жаннұр: Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі күн ерекше.
Дильназ: Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік
Сүйген өз ұл, өз қызын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім.
Апай болды анамдай...
Жаннұр: Дильназ, балаларды шақырайық
Екеуі бірге: Балалар келіңдер.
(балалалр кіреді)
Хор: « Біз мектепке барамыз»
Диас: Аялап, баулып өсірген,
Қателік етсек кешірген.
Оқытып бізді үйреткен,
Көңілге құйған қуаныш.
Бұл кім?
Балалар: Тәрбиеші. ( Тәрбиешілер кіреді).
1-тәрбиеші: Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәби еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді бүгінде
Жүгірмейді аптығып,
Жүректері тұр ма әлде
Қоштасатын шақты ұғып.
2- тәрбиеші: Бөбек еді ол рас,
Кіп- кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын.
Жаннұр: (Сандықшаны беріп) Мен сіздерді жақсы көремін, мына сыйқырлы шкатулканы сіздерге сыйлағалы тұрмын, сіздердің арман тілектеріңіз болса, осы шкатулкаға айтып орындатуға болады.
1- тәрбиеші: Шынымен қызық екен, не істейміз. Ашып көрейік. Шкатулка: Сендердің алғаш балабақшаға келген сәби шақтарыңды көз алдыма елестетіп, көргім келеді.
(сәбилер тақпақ айтып береді)
Жүргізуші: Сәбилік кездерің естеріңе түскен болар, ортаға вокал тобын шақырайық, ән «Тәрбиеші- мұғалім»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет