7.2. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.
7.3. Берілген суретке қарап отырып мектебің туралы әңгімелеп бер.
7.4. «Ара» сөзін анықта. Тапсырма:Берілген сурет бойынша сөздің мағынасын ажыратып, мазмұны түсінікті болу үшін сөйлем құра.
Бұл тапсырма түрінде оқушылар алдына екі түрлі сурет беріледі, бірінде ұшатын бал ара бейнеленсе, екіншісінде ағаш кесетін араның суреті беріледі. Жатығудың мақсат: Омоним сөдердің жазылуы бірдей болғанымен мағынасы әр түрлі болатынын, сөздің мағынасын ашу үшін сөйлем құрату арқылы дәлелдету.
Нәтиже: Осындай суреттер арқылы грамматикалық және лексикалық тақырып бойынга өтілген материалды пысықтап, сабақ соңындағы бекіту сәттерінде ауызша жұмыс жасатуға болады.
7.5. Төмендегі суретке қарап, қалаңның табиғаты туралы сипаттап бер.
7.6. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.
8.. Берілген сұрақтарға жауап беру жаттығуы
8.1. Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып, «Менің өмірбаяным» атты сұхбат құрыңыз.
- Сен қай қай жылы туылдың?
- Қай жерде туылдың?
- Отбасыңда неше адамсыңдар?
- Ата-анаңнаң есімдері?
- Нешінші жылы және қандай балабақшаға бардың?
- Бірінші сыныпқа қашан және қай мектепке бардың?
- Оны қашан және қалай аяқтадың?
- Мектептегі жолдастарыңмен қарым-қатынасың қандай?
- Қай ЖОО – да оқисың?
- Неге осы оқу орнын және мамандықты таңдадың?
- Болашаққа деген жоспарларың?
- Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерің қандай?
отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
- «Өзім туралы мәлімет»
8.2.Блиц-сұрақтар
1. Атың кім?
2. Неше жастасың?
3. Қай көшеде тұрасың?
4. Үйдің номері неше?
5. Пәтерің неше бөлмелі?
6. Өз бөлмең бар ма?
7. Бөлмеңде не бар?
8. Бөлмедегі ең ұнататын зат қай зат?
9. Оны саған кім сыйлады?
10. Сүйікті затыңдыдосыңа сыйлайсың ба?
11. Неліктен?
Бұндай сұрақтарды мұғалім өзінің өнертапқыштығына байланысты кез келген тақырыпта ойлап табуға болады. Бірақ тапсырманы міндетті түрде оңайдан күрделіге көшу әдісімен орындату қажет.
Мақсаты: Осы секілді жедел сұрақтар қою арқылы оқушыларды тез арада жауап беріп, ойын жүйелеп, нақты жауап беруге, бастысы ауызша сөйлеуге бағыт беру. Жеңіл сұрақтардан күрделі сұрақтарға көшу арқылы оқушылардың бойында өзіне деген сенімділікті туғызу, тілді үйренуге талпындыру.
Нәтиже: Оқушы бұл секілді тосын сұрақтарға жауап бере отырып, еріксіз, қызыға тапсырманы орындауға белсене кірісіп кеткенін байқамай да қалады. Оңайдан күрделіге көшу әдісі арқылы ол өзінің әр жауабына марқайып, одан әрі жауап беруге құлшысы артады.
ІІ. Топтық ойындар
1. Тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады.
2. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, “ОТАН” сөзінің құрамындағы әріптерден мүмкіндігінше көп сөздер құрап жарысады.
3. Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, «ӘДЕМІ» сөзіне мүмкіндігінше көп мағыналас сөздер тауып жарысады.
4. Оқушылар екі топқа бөлініп, берілген мәтіндегі сөздерді мүмкіндігінше буындарға тасымалдайды.
5.Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, бірінші топ адамның жақсы қасиеттерін, екінші топ жаман қасиеттерін айтып жарысады. Ойынды жүргізуші ол сөздерді тақтаға жазып отырады, соңынан барлығы көшіріп алады.
6. Аудитория екі топқа бөлініп, бір топ ілік септікті бір есім сөз айтады, екінші топ тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.
Мысалы: 1 топ: оқушының... -
2 топ: дәптері т.б.
7. Сөйлемдер тізбегі ойыны. Ойынды жүргізуге ыңғайлы болуы үшін оқушылар шеңбер бойымен бір-бірлерінің жүздеріне қарап отырады. Ойынды бастаушы адам ауыспалы осы және келер шақ формасын қатаң сақтай отырып, бір сөйлеммен бос уақытында не істейтіндігі жайлы айтады. Келесі адам алғашқының іс-әрекетін теріске шығарып (болымсыз тұлғаны қолдана отырып), өзінің немен шұғылданатындығы жайлы айтады.Осылайша ойын жалғаса береді. Кідіріп қалған адам ойыннан шығарылып отырады. Ең соңында қалған адам жеңген болып есептеледі. Мысалы: 1-адам: “Мен бос уақытымда тамақ жеймін”. 2-адам: “Ал мен тамақ жемеймін, қонаққа барамын” т.с.с.
8. Тілдей қағаздарға 1-топ мүшелері кез келген сын есімдерді, 2-топ әр түрлі (тұрмыстық заттар, дене мүшелері атаулары, әріптестерінің аттары) зат есімдерді жазып шығады. Одан кейін шетінен бір сын есім, бір зат есімнен оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөз тіркестері (сын есім + зат есім) шығады.
9. Әр топқа есім сөздер беріледі екі топ жарысып, сол сөздерді жіктеп шығады
10. 1-топ мүшелері шартты раймен аяқталатын бірнеше жай сөйлемдер жазады, 2-топ өз алдына бірнеше тиянақты жай сөйлемдер жазып шығады (І, ІІ, ІІІ жақтарда). Одан кейін екі топтың мүшелері кезекпен өз сөйлемдерін оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөйлемдер шығады.
(Егер ..................-са; -се // Онда.......................- Ә).
11. Сөйлемдер тізбегі ойыны: Тіл үйренушілер шеңбер құра отырады. Бірінші адам “Мен ертең...” деп бастап, ауыспалы келер шақта бір сөйлем айтады. Келесі адам “Ал мен оны кеше орындағанмын...” деп, жаңағы айтылған әрекетті нақтылы өткен шақта қайталап шығады да, “Мен ертең ...” деп өзі жаңа бір сөйлем бастайды. Мысалы: 1-адам: “Мен ертең ант қабылдаймын”. 2-адам: “Ал мен кеше ант қабылдадым, ертең жұмысқа кірісемін”. 3-адам: “Ал мен кеше жұмысқа кірістім, ертең жалақы аламын” т.с.с.
12. Оқытушы алдын ала дайындалған сөздерді береді оқушылар сол сөздердің антоним дері мүмкіндіктерінше табады.
Сонымен қатар топтық ойындарға шағын болса да сюжетке құрылған төмендегідей ойын түрлерін жатқызуға болады:
- «Отбасы өмірінде қандай мінездер қажет» (топтық сұхбат ойыны)
Тапсырма: Екі топқа бөлінген қыздар мен жігіттер «Ең жақсы әйел», «Ең жақсы ер» тақырыбымен мінездеме беру, сауалнама толтыру, ойын дәлелдеу (киім киісі, тамақ әзірлеуі, өзін отбасында ұстауы, отбасы қаржысын үнемдеу, т.б.) топ-топ болып қорғау.
Өткізілген материалды қолдану. Өтілген тақырып бойынша, адам мінезі, сын есім, отбасы материалдарын пайдалану.
Нәтиже: Өтілген тақырыпты еске түсіре отырып, іс-жүзінде пайдаланабілулері, ойларын дәлелді жеткізуі
- «Ол кім?» ойыны
Тапсырма: Әр топ мүшелерінің ішінен 1 адамды алып, бет-бейнесін, мінезін суреттеп беріңдер. Ал әр топ сол адам кім екенін анықтап, портретін салуы керек.
Мақсаты: өтілген грамматикалық, лексикалық тақырыпты пайдаланып, адам бейнесі мен мінезін дұрыс беру. Әр топ берілген мінездемені түсініп, адам бейнесін салу.
Нәтиже: Естігенін түсіну, еске сақтау, өтілген тақырыпты пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білулері басты нәтиже болып табылады
- «Топтық ойны»
Тапсырма: а) Қазақ тіліне тән дыбыстардан басталатын 1 буынды, 2 буынды, 3 буынды сөдер тізбегін жазу. Уақыт шектеулі. Қай топ көп жазса, сол топ жеңеді.
Шарты: 1 буынды сөздерді нашар оқитындар тобына, 2 буынды сөздерді жақсы оқитындар, ал 3 буынды сөздер тізбегін өте жақсы оқитын оқушылар тобы жазады.
Мақсат: Тән дыбыстар мен буын түрлерін біліп қана қоймай лексикалық қорларын пайдалану. буын талдайтын дыбыстар туралы материалды еске түсіру.
- «Сөздерді таңдау» ойыны.
Тапсырма: Әр топқа көп мөлшерде түрлі тақырыпқа арналған кеспелерге жазылған сөздер беріледі. Оқушылар тематикалық тақырып бойынша сөздерді бөліп, сөйлем құрауы керек.
Мақсаты: оқушылардың сөз мағынасын түсініп, оны қай тақырыпқа сай екенін анықтау арқылы, материалды пысықтау.
Нәтиже: оқушылар сөйлемдегі орын тәртібін қарым-қатынас үстінде дұрыс пайдалануға дағдыланады.
Топтық ойын түрінің бірі- алдын ала мұғаліммен дайындалған мамандық туралы мәтін беріледі, оқушылар сол мәтінді оқи отыра қандай мамандық иесіне бағытталып жазылғанын анықтайды. Жаттығу соңынан оқушылар ең жақсы мамандардың моделін жасап, соны қорғайды, сұрақ-жауаппен алмасады.
ІІІ. Рөлдік ойындар
«Алтын балық» рөлдік ойыны- қатысушылар жұп болып жұмыс істейді. «А» қатысушысы – алтын балық, «Б» қатысушысы оған 3 тілегін тілейді. Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Балық сұрақтар береді. Қатысушылар рөлмен ауысады. Қалау рай түрлері жаттықтырылады.
«Мектептегі жағдай» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз басқа жақтан оқуға Өскемен қаласына келдіңіз. Жаң мектепке келдіңіз. Мектептегі сынып жетекшіңізбен бірінші рет сөйлесіп тұрсыз. Оқудың ұйымдастырылуы туралы, сабақ кестесі, ауысым туралы сұрап, сынып жетекшінің сұрақтарына жауап беріңіз.
б) Сіз 9 сынып жетекшісісіз. Жаңа келген оқушымен танысып, оның сұрақтарына жауап беріңіз, оқушыны оқу бағдарламасымен, сабақ кестесімен таныстырыңыз.
Өтілетін материал: Өзін ресми жағдайда таныстыру, ұйымдастыру жұмыстарына байланысты сұрақтарды талдау, оқудың мақсаты мен мазмұнын айту.
«Мен басқа бөлмеде тұрғым келеді» ойыны.
Тапсырма:
а) Сіз жатаханада тұрасыз, бірақ басқа бөлмеге ауысқыңыз келеді. Комендантқа себебін айтып, ауысқыңыз келетіні жайлы ойыңызды түсіндіріңіз.
б) Сіз жатахана комендатысыз. Жатахананың 1 оқушы басқа бөлмеге тұрғысы келеді. Оқушыдан себебін сұрап, оның өтінішін орындауға тырысыңыз. Өтінішті орындай алмасаңыз себебін айтып түсіндіріңіз.
Өтілетін материал: өтінішті негіздей білу, келісім, өз көзқарасыңызды түсіндіру, өтінішті қабылдамау.
Ойын мақсаты: қатысушылардың өз ойларын негіздей, жүйелі түрде жеткізуі, ойын дәлелдей алуы көзделген.
Ойыннан күтілетін нәтиже: ойынға оқушы өтілген материалды еске түсіре отырып, өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізуге талпынады.
«Кітапқа тапсырыс беру» ойыны.
Тапсырма:
а) Үй жұмысын дайндауға сізге кітапханадан каталог арқылы қажетті әдебиетті тауып, тапсырыс беріп, оның орындау уақытын анықтаңыз.
б) Сіз кітапхана қызметкерісіз. Тапсырысты қабылдап, оның дұрыс берілгенін анықтаңыз
Пайдаланылатын материал: кітапхана кеңесшісімен, кітапханашымен сөйлесу, тапсырысты рәсімдеу.
Ойын мақсаты: Оқушының күнделікті өмірінде жиі кездесетін жағдай болғандықтан оның өз ойын дұрыс жеткізе білуі, тапсырысты бере білуі көзделген.
Нәтиже: Оқушы ойнай отырып, кітапханада жұмыс істеу жлдарын да үйренеді. Қарым қатынасқа түсе біледі. Оқушының ой жүйелілігі.
«Патент» ойыны.
Тапсырма:
а) Сіздер патенттік бюроның қызметкерлерісіздер. Патент жобасын қабылдаңыз немесе кері қайтарыңыздар.
б) Инженерлер тобысыздар. Өздеріңіз жасаған жаңалықтар туралы айтып, оның экономикалық тиімділігін, мақсаттылығын, пайдалылығын дәлелдеңіздер.
Пайдаланылатын материал: Ресми жағдайда талдау этикеті, сапалы мінездеме беру.
Мақсаты: өтілген лексикалық бірліктерді қайталай отырып, іс жүзінде ойын жеткізу, дұрыс пайдалана білу.
Нәтиже: ізденіс, еске түсіру, нәтижеге жету талпынысы.
«Іс – тәжірбиеден өту» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз 9 сынып оқушысысыз, ертеңнен бастап сіз белгілі бір өнекәсіпте іс-тәжірбиеден өтесіз. Директорға барып, болашақ жас маман ретінде өз мамандығыңыз, алға қойған мақсатыңыз, қандай тапсырмалар алатыныңызды білуіңіз керек.
б) Сіз директорсыз, келген оқушығақандай жағдай жасалып, кім жетекші болатынын, қандай сынып бекітіліп берілетінін және іс-тәжірбиеден өтушіден қандай нәтиже күтетіндігіңізді айтуыңыз керек.
Мақсат: ресми жағдайды сақтай отырып, қойылатын сұрақтар мен жауаптарға жүйелі, дұрыс жауап беру.
Нәтиже: Өз беттерімен іздену, сөздік қорларын падалана отырып жүйелі жауап берулері басты нәтиже болып табылады.
«Біз бүгін қайда барамыз?» ойыны
Тапсырма: а) Сіздің уақытыңыз бос. Досыңызды немесе құрбыңызды киноға шақырыңыз. (кино соңғы рет болатынын, қандай атақты актерлер қатысатынын, халықтың кино туралы беріп жүрген пікірін, т.б.) айтып, досыңызды немесе құрбыңызды баруға көндіріңіз.
б) Досыңыздың өтінішін қимайсыз, бірақ басқа адамға уәде беріп қойғаныңызы, онымен театрға баратыныңызды айтуыңыз керек. Досыңызды сонда баруға көндіріп көріңіз.
Мақсаты; Екі сөйлесуші адамның бір-бірін түсініп, дұрыс жауап берулері қажет.
Нәтиже: Сауалдарды дұрыс қойып, өз ойларын нақты жеткізе білуі.
«Менің сөзім» ойыны.
Тапсырма: Ойын шартына сай директор, оқушы, мұғалім, оқушы, ата-ана қатысады. Ортада оқушы мен іс-тәжірбиеден өтуге келген оқушы арасындағы болған келіспеушілікке байланысты айтылатын 30-35 дейінгі сөйлемдер жатады. Ерекшелік сөйлемнің кез-келген жерінде (басында, ортасында, аяғында) сөздер жетіспеуі мүмкін. Әр қатысушы өз айтатын сөзін дәл тауып, сөйлемді толықтырады, өз рөлін ойнап шығуы керек.
Мақсаты: Өтілген грамматикалық, лексикалық бірліктерге сай құрылған сөйлемді дұрыс толықтырып, сөйлеу барысында өз кезегінің қай кезде келетінін анықтай білуі керек.
Нәтиже: Ойынға қатысушы сөйлеушілердің не айтып тұрғанынын түсінуі, әрі соған дәл жауапты тауып айта алуы арқылы грамматикалық, фонетикалық, лексикалық норманың сақталуы.
«Түйіндеме» ойыны
Тапсырма: 1 топ оқушы бүгін өздеріне берілген тапсырма бойынша өз оқу орнына білім алуға шақырып, қала тұрғындарына жарнама жасауы керек. (Білім ордасында қандай сыныптар бар, қандай үйірмелер бар, оқу орнының ерекшелігі т.б. туралы) Бұл ойында оқушылар екі немесе одан да көп топқа бөлініп бір-бір сыныпты таңдайды да, сол туралы жарнамалап береді, қорғайды.
«Жиһаз сатып аламыз» ойыны.
Тапсырма: Ертең отбасындағы барлық мүшелерімен ақылдасып, үйге жиһаз алуыңыз керек. Әр жиһазды неге, кімге, қанша ақшаға алғылы отырғандарыңызды, қай бөлмеге қоятындарыңызды айтып беріңіз.
Өтілген материал: Менің отбасым, менің үйім, бөлмем және тәуелдік жалғауы, зат есім.
Мақсат: Әр топ мүшесі ана, бала, әке рөлдерін ойнай отырып, топпен жұмыс істейді. Олардың мүддесі ортақ. Отбасында қажетті жиһазды алу. Топ жүйелі, көлемді , толық түрінде жауап беруі қажет.
Нәтиже: Бір-бірін тыңдау, ортақ шешімге келе отырып, көлемді мәтін әзірлеу, өткен тақырыпты еске түсіру, бастысы алған лексика-грамматикалық білімдерін іс-жүзінде пайдалану.
«Іс-сапар» ойыны.
Тапсырма: Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ әкімшілік, 2 топ іссапарға аттанатын қызметкерлер.
а) Іс-сапарға бару керек. Сіздер әкімшіліктен сапарға қандай мақсатпен баратыныңызды, қойылатын мақсат пен талап туралы хат жолдауларыңыз керек.
б) Әкімшілік тобы іссапаға барудағы басты мақсат, қай қалаға, қанша уақытқа, неше адам барады, оның мүшелері мен төлемақы туралы мәлімет берулері керек.
Мақсат: Топ мүшелері қойылған талап бойынша жауап берулері керек, жүйелі, нақты, көлемді жауап арқылы айтпақ ойларын дұрыс жеткізу.
Нәтиже: Топ дұрыс жауап беру мақсатына ұйымдаса жұмыс істеу, талпыныстарын туғыздырып, өткен материалды еске түсіреді.
«Біз көрген кино» ойыны.
Ойын шарты: Тыңдаушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ көрген киноның тек жақсы жақтарын айтып, бағалайды. 2-ші топ кино кемшілігін айтып, сынайды.
Тапсырма: а) Киноның тек жақсы жақтарын, қатысатын актерлар туралы мәлімет беріп, кино мазмұныны қысқаша айту.
б) Ұнамаған киноның жағымсыз жақтарын, оның себебін, актерлердің ойнаған рөлдерін талдау.
Мақсаты: Өтілген тақырыптарды пайдалана отырып, ойларын толық жеткізу.
Нәтиже: Ізденіс, еске түсіру, ойларын ұйымдасқан түрде жеткізуге деген талпыныс. Осы ойын арқылы шығармашылық жұмыс түрінде өзінің ой түйінін жазып келуге болады.
«Аукцион» ойыны.
Бұл сабаққа әрбір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қораптар, білезік...) әкеле алады. Әкелетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау қажет. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл Шыңғыс ханның көйлегінің жағасы, жібектен жасалған, көгілдір түсті. Бастапқы бағасы 10 000 теңге. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен студенттер алады. Қалған студенттер сатып алушылардың рөлін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Студенттерге өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздырып дайндауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір- қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.
«Демалыста» рөлдік ойыны.
Ойынға қатысушылар: Отбасы мүшелері, олардың достары.
Қатысымдық жағдаят: Бір жексенбіде бос уақыттарын бірге өткізуге тырысқан әке-шешесі мен есейіп қалған балаларының тағы да әдеттегідей бірге демалу мүмкіндігінің болмауы.
Сөйлеу ниеттері: ұсыныс, талап, кеңес, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, оқиға мен әрекеттің уақыты, орны, себебі жайлы мәлімдеу, ұсыныс, шақыру, деректер мен оқиғалар, тұлғалар мен заттарға қатысты сұрақтар қою, баға беру т.б.
Ойынның барысы:
1. Жексенбілік таңғы ас үстінде отбасы мүшелерінің демалысты бірге өткізу туралы сұхбаты.
2. Отбасы мүшелері әрқайсысы өз достарымен, таныстарымен телефонмен сөйлесіп, басқа жоспарлар құруы.
3. Кешкі ас үстінде бәрінің қайта жиналып, қалай демалғандары туралы әңгімелесуі.
«Әкімшілік» ойыны.Оқушылар Өскемен қаласының әкімі, Облысы әкімі, мектеп директорлары, зауыт бастықтары, депутат, білім министрі, экология минстрі т.б. рөлдерге бөлінеді. Тапсырма: қаланың көкейкесті мәселелерін шешу: экологиялық, білім беру, жол. Мақсат: ойыншылар өз рөлдеріне ене отырып, өлкенің қазіргі жағдайына үңіле отырып сөйлеу әрекетіне итермелеу.
IV. Іскерлік ойыны
«Банкте» іскерлік ойыны.
Ойынға қатысушылар: Банктің бастығы, бөлім бастығы, хатшы, мамандар.атысымдық жағдаят: қызмет істейтіндер арасында қайта қаржыландыру мәселесі бойынша шұғыл түрдегі жиналыс өтеді. Күн тәртібінде клиенттердің қаржылық мәселелері. Сөйлеу ниеттері: талап ету, үгіттеу, дәлелдеу, тілек, өтініш, ұсыныс, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, көңіл аударту, қайталауын өтіну, қайталап сұрау, кіналау, аяу т.б.
Ойынның барысы:
1. Бастықтың шұғыл жиналыстың өтуі туралы хатшысына хабарлауы
2. Бөлім бастығы мен мамандардың сұхбаты: Мамандардың жиналыста не туралы айтатындықтары туралы талқылануы.
3. Мамандардың хатшы қыздан келіп құжаттарды алуы.
4. Жиналыста барысы: сұхбат, банк клиенттерінің ұсыныстарын оқу, пайыздық мөлшерді түсіру мәселесі туралы айту
5. Бөлім бастығы мен бастықтың, хатшының сұхбаттары.
6. Пайызды түсіру немесе түсірмеу туралы мамандардың сұхбаты: келсу, келіспеу, түсініктеме беру, сөздерін дәлелдеу.
«Басқармадағы кеңес» ойыны
Тапсырма: а) сіз құрылыс басқармасының басшысысыз. Студенттер қалашығында қонақ үйін салуды жоспарладыңыз. Жобалаушы, тұрмыстық қызмет көрсетуші, тамақтандыру қоғамымен кеңесуде көрсетілетін қызмет түрлері, қонақ үй жобасы туралы айтуыңыз керек.
б) Жоба ұйымдастырудың қызметкері қанша бөлмелер болатынын, қонақ үй жобасымен таныстырады. Қонақ үй құны, жоспадың аяқталу уақыты, пайдасы туралы айтып, сөзін дәлелдеу.
в) Қызмет көрсету ұйымының өкілі көрсетілетін қызмет туралы айтуы тиіс. Жобаға байланысты өз талаптарын көрсетуі шарт.
г) Тамақтандыру өндірісінің бас қызметкері қонақ үй тұрғындарын қалай тамақтандыратыны туралы мәлімет беруі керек. Өз тілектері мен талаптарын айтуы қажет.
Мақсат: Ойынға қатысушылардың түгелдей қатысуы керек. Өз ойларын жеткізу үшін тек сөздік қорларын пайдаланып қана қоймай, термин сөздерді өз беттерімен ізденіп, қарым-қатынаста қолдану керек.
Нәтиже: Үгіттеу, дәлелдеу, келісу, шешім қабылдау секілді сөйлеу ниеттері пайдаланып, дәлелді, нақты ойлар айтуға студенттер үйренеді. термин сөздерді дұрыс қолдануға дағдыланады.
«Ресми кездесу» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз экспорттықфирманың қызметкерісіз. Іс сапарға келген кезде өндіріс директорымен кездесу керек. Хатшымен байланысып, кездесу уақытын, себебін айтуыңыз керек.
б) Сіз хатшы ретінде фирма өкілімен қандай мақсатта, қашан, қай жерде т.б. директормен кездесуі керектігін және ол кісімен қайта кездесу үшін телефон номерін алуыңыз керек.
в) Сіз директорсыз. Кездесуге байланысты шешім қабылдап, қызметкермен бір шешімге келу немесе керісінше келіспеу.
Мақсат: мамандыққа байланысты лексиканы пайдалана отырып, өзара түсінісе білу.
Нәтиже: ойларын жеткізуге деген талпыныс. Кәсіби лексикасын дамытады.
«Екі билет» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз Париж қаласына аттанасыз . Әуежай кассасына келіп, билет сатып алдыңыз. Ұшатын күніңіз, уақытыңзы, билет номері, неше билет қажет, билет құны қанша тұратынын сұрауыңыз керек.
б) Сіз кассир ретінде жолаушының бар сұрағына жауап беріп, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ әуеге көтерілмейтінін айтып, кешірім сұрауыңыз керек.
Өткізілген материал: Жолаушы, мамандық, кассир мен жолаушы арасындағы сөйлесу этикеті.
Мақсат: Шынай өмірде жиі болатын оқиға болғандықтан қатысушылар одан әрі де толықтырып, сөйлеп, өзара ұғынысуы керек.
Нәтиже: Балалардың жағдаятты ойнаудағы шынайылығы, өтілген материалды пайдалана алуы, өзара шығармашылық ізденіс жасап, тапсырма талабын одан әрі толықтырып сөйлей білуі.
«Кинофестиваль» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз кинофесивальдің қатысушы киносыншысыз. Көрсетілген фильмдер ішінене ең жақсы фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз. Киноның қысқаша мазмұны, ойнаған актерлер, киноның авторы мен режиссері туралы мәліметтерге тоқталып, фильмнің сапасына баға беріңіз.
б) Сіз кинофестивльға қатысқан фильмі ойнаған басты актерсіз. Фильм туралы айтылған ойды тыңдап, сұрақтарға жауап беріпғ өз ойыңызды айтыңыз, алған әсеріңіз бен болашақ жоспарыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
Ойын мақсаты: маман иесі ретінде киноға өз бағасын беруші алдымен тақырыпта өтілген лексикалық бірлікті қаншалықты меңгергенін байқау, алған білімді іс-жүзінде пайдалану.
Нәтиже: Тек сөздік қорын қолданып қана қоймай, қатысушы өзінше қиялдап, өз қиял арманыны да қосып айту арқылы неғұрлым ойларын толық, жүйелі нақты жеткізеді.
«Тізбек» ойыны.
Қатысушылар: сатушы, тапсырыс беруші, тапсырысты алушы, тұтынушы.
а) Тұтынушы өзінің өте жақсы көретін кондитерлік өнімі туралы сұрап, оның аты, неліктен ұнағанын, қай фирмадан жеткізілетіні туралы сұрап, тапсырыс береді. (Өтініш формасында).
б) Сатушы бұл өнімнің қазір саудада жоқ екенін, алайда міндетті түрде тапсырыс беруге, тапсырыс алушыны шақыртатынын, келісім бергенін жеткізуі керек.
в) Тапсырыс алушы бұл өнімді қанша мөлшерде, қашан әкелуге болатынын , бағасын нақтылап, өтінішті қабылдайды.
г) Тапсырысты жеткізуші бұл өнімнің бұдан былай шықпайтынын, сондықтанбұл тапсырыс орындалмағанын айтып, өкініш білдіреді.
Өтілгіне материал: ресми іс-қағаздар, мамандық тақырыбы.
Мақсаты: Ойынға қатысушыларға бағыт берілгенімен, ойларын жеткізуге толықтай еркіндік беріледі.
Нәтиже: Өтілген материалды қайталау, еске түсіру, жаңа тақырыппен байланыстыру, ойды дұрыс жеткізу, бір-бірін ұғына білу.
Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |