Ақпараттық заңнама.
Қауіпсіздікті әсерлі жүйесінің халықаралық стандарты ISO 17799 2000 жылы өңделді. Ол халықаралық стандарттау ұйымы (International Organization for Standartization , ISO) және халықаралық электротехникалық комиссия (International Electrotechnical Commission , IEC) арқасында құрылды. Бұл стандарт ресми құжат болып табылады. Құжат ақпараттық қауіпсіздік, басқарма элементтеріндегі техникалық , ұйыми-әкімшілік шаралар мен ақпараттың конфеденциалдығы, толықтығы, анықтылығы жөніндегі барлық сұрақтарға жауап береді.
Ақпараттық қауіпсіздік.
Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз- ақпараттық сферадағы жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қатысты маңызды ақпараттың қорғалу жай-күйі. Ақпараттық сферада қауіптің 3 түрлі категориясын қарастыруға болады:
жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің бостандығына, ақпараттық құқығына төнетін қауіп;
сапасыз, жалған, дезинформациялардың әсер ету қаупі;
бөгде адамдардың ақпаратқа санкциаланбаған, құқықсыз әсер ету қаупі.
Бірінші категориялы қауіп жеке тұлғаның, қоғм мен мемлекеттің құқығы мен бостандығына қатысты. Сондықтан, өндіріс құқығы,тарату, іздеу, алу, ақпаратты пайдалану мен жіберу, интеллектуалдық және заттық меншіктік құқық қорғауға алынады.
Ақпараттың, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың барлық түрлері дезинформация мен жалған информациялар әсерінен сақталуы керек.
Үшінші категориялы қауіп, әсіресе кіру мүмкіндігі шектеулі ақпараттарға қатысты. Ақпараттық сфераның барлық салаларында жеке тұлғаның құпиясы сақталатындай етіп қорғау құралдары іске асырылуы керек.
Ақпараттық жүйелерді қарақшылықтан қорғау.
Авторлық құқық шығармашылықпен айналысу үрдісінде туындайды.Бұл құқықты компьютерлік программаларды құрушы, мәліметтер қорын құрыстырушылар иеленеді. Ресми құжаттар,идеялар, әдістер, тәсілдер, концепциялар авторлық құқыққа жатпайды.
Авторлық құқық авторға өзінің шығармашылығына қатысты жеке мүліктік құқық береді. Ол жариялануға, өз шығармашылығының өнімін пайдалануға, өңдеу кезінде кез келген тәсілмен, кез келген формада қолдануға,таратуға, халық арасында көрсетуге, аударуға құқөық береді.
Интеллектуалды меншікке мүліктік құқық басқа адамдарға немесе ұйымдарға контракт арқылы беріле береді. Автордың беймүліктік құқығы мүліктік құқығына тәуелсіз. Бұл оның аты-жөніне деген құқығы, басқаларға қарағанда, ол басқа адамға сатылып, айырбасқа жатпайды.
Программист немесе құрастырушы-фирма өзінің өнімін пайдалануға әбден құқылы. Ақпараттық технологтялардың, жүйелердің немесе интегралды микросхема топологиясының иесі конрактқа сәйкес құқықты өзгеге беру және өз программасының лицензиялық версиясынан немесе ақпаратты өнімнен түскен пайданы пайдалануға құқылы. Алайда, кейінгі жылдарда бірнеше елдерде «компьютерлік пират» деген атау етек жзайып келеді.Бұл сөздің мағынасын қарастыратын болсақ, лицензиясыз программалық һнімді шығарып тарату дегенді білдіреді, бұл еңалдымен авторлық құқықты бұзушылық болып табылады.
Көбінесе төмендегідей құқық бұзушылықтар кездеседі:
программалық өнімдердің жалған даналарын шығарып, компакт-дискілерге жазу арқылы тарату, заңсыз даналарды қатқыл дискіге орналастырып, сол программалық жабдықтаумен компьютерлерді сату.
телекоммуникация құралдарымен қоса халықаралық арналар байланысын пайдаланып түрлі ақпараттар тарату.
Компьютерлік пираттар программалық өнімнің авторына үлкен зиян келтіреді, сондай-ақ зияндары құқылы пайдаланушы фирмалардың программалық құралдарына да тиеді. Соның кесірінен авторлар жаңа программалық өнім шығару үшін спонсорлық көмектен қол үзеді, ал ол өз кезегінде компьютерлік технологиялардағы прогресті тежейді.
Пираттардан ең соңғы пайдаланушылар да зардап шегеді, себебі, біріншіден, заңды түрде растайтын құжаттары болмағандықтан келеңсіз жағдайларда фирманың техникалық көмегін пайдалана алмайды. Екіншіден, пайдаланушуның әр түрлі компьютерлік вирустарды жұқтыру қаупі бар. Үшіншіден, лицензиясыз өнім программаның толыққандылығына және барлық функцияларының орындалуына кепілдік бермейді.
Авторлыққұқық бұзушылық азаматтық, әкімшілік және қылмыскерлік баптармен жауапұа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |