Бағдарламасының атауы және шифры «6В01902-Арнайы педагогика»


Пән туралы жазбаша емтихан жұмысын бағалау шкаласы «….»



бет2/5
Дата19.10.2022
өлшемі35,95 Kb.
#153866
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тілге оқыту. Лого силлабус 2022-2023 жыл

Пән туралы жазбаша емтихан жұмысын бағалау шкаласы «….»

Балдар: 1 сұрақ -30; 2 сұрақ – 30; 3 сұрақ - 40

Білімалушылар:

A

- Нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) айқын беріліп, жан-жақты тұжырымдалған;
- қажетті ақпаратпен негізделген салмақты дәлелдер келтірілген;
- барлық маңызды мәселелер қарастырылған;
- жан-жақты, терең талдау жасалынып, нанымды қорытынды жасалған;
- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);
- проблема терең қарастырылады;
- бұқаралық пікір мен беделді адамдардың пікірлеріне, ғылыми көзқарастарға сілтеме жасалады;
- қосымша ақпарат қолданылған.
- құрылымы логикалық тұрғыдан мінсіз, бөлімдер арасында байланыс анық көрінеді;
- жазу стилі ерекше: бірден көзге түседі, жұмыстың мазмұнын әрлендіреді.

B

- нақты тезистер (идеялар) келтірілген, өзіндік көзқарас (позиция) тұжырымдалған;
- қажетті ақпаратпен негізделген дәлелдер келтірілген;
- барлық дерлік маңызды мәселелер қарастырылған;
- талдау және қорытындылау жасалған;
- тұжырымдамалық қателер жіберілмеген.
- қажетті және дәл ақпарат келтіріледі (тарихи, заңнамалық, конституциялық және т.б.);
- проблема терең қарастырылады;
- қосымша ақпарат қолданылады.
- жазу стилі бірден көзге басылып, жұмыстың мазмұнын әрлендіреді.

C

- кең контекст берілмеген және де нақты позиция айқындалмаған;
- келтірілген дәлелдер нақты сілтемелермен қамтамасыздандырылмаған.
- қолданылған ақпарат (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық, заңнамалық) дәл келтірілмеген, оларда қателер жіберілген;
- зерттелініп жатқан проблема терең қарастырылмаған.
- баяндалған материалдың ішкі құрылымы (позиция, көзқарас, пікірлер және идеялардың өзара байланысы) байқалмайды;
- орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателер түсінуді қиындатады.

D

– оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған;
– оқу материалын білім алушы білмеген немесе оның анағұрлым немесе маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған.

F

– терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген.
- білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет