2.
Журналистика – ой-шұқыры көп ерекше әлем. Ал оның шыңына шығу
екінің бірінің қолынан келмейді. Ол үшін жастық шақтан бастап ерекше
әзірлену керек. Кейбір жастардың ойынша университеттің журфагін
бітіргендердің бәрі журналист болып шыға келетіндей көрінеді.
Шындығында бұл мүлде олай емес.
Ол үшін төмендегідей мәселелерге ерекше назар аударған жөн:
Теориялық әзірлік. Шын мәнінде қарымды журналист болғысы келетін
талапкер журналистиканың теориялық мәселелерін терең ұғынып алуы
қажет. Ол үшін «журналистикаға кіріспеден» бастап «журналистік шеберлік»
курстарына дейінгі аралықтағы барлық «теориялық жемісті» молынан тергені
ләзім. Өйткені күні ертең іс жүзіндегі жұмысқа кіріскен кезде мұның
қажеттігі ерекше сезілетін болады.
Тәжірибелік әзірлік. Болашақта танымал журналист болу үшін әрбір жас
жастық шағынан баспасөз беттерінде материалдарды көптеп жариялауға
тырысқаны жөн. Өйткені газетке мақаланы жиі жариялау – шеберліктің бір
мектебі. Яғни тәжірибе жинақтау арқылы талапкер өзінің шеберлігін
шыңдайды. Оның әрбір мақаласы шыңға шығудағы бір-бір баспалдақ іспетті.
Таланттыға еліктеу. Қабырғалы қаламгер болғысы келген талапкер алдыңғы
толқын ағаларға, оның ішінде талантты журналистерге міндетті түрде жіті
назар аударып, олардың шеберлік мектебінен ұдайы үйренгені, оларға
еліктегені ләзім. Әлбетте, белгілі бір мақала немесе очеркті жазғанда басқа
біреуді сол күйінде қайталамаған жөн. Мұның аты – көшіру. Еліктеудің де өз
жөні бар. Ол белгілі публицистің стилі арқылы жаңаша соқпақ іздеуге
талпынғаны жөн.
Еңбекқор болу. Журналист үшін еңбекқорлық аса қажет. Белгілі аксиомада
айтылғанындай бір пайыз талант болса, тоқсан тоғыз пайыз – еңбек. Мұның
жарқын мысалы – Қазақстан журналистикасының қыраны Әзілхан
Нұршайықов. Әзаға өмір бойы тынымсыз еңбектенумен өткен. 130 әдеби
күнделіктен бөлек тұрмыстық күнделіктері болған. Ол күнделіктердің іші
толған фактілер. Бұл оңай-оспақ шаруа емес. Бұл – еңбекқорлықтың шыңы.
Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы ерекше құрал ретінде бағаланып
жүр.
БАҚ қалай төртінші билік бола алады, неге бұл сөз әлем ғалымдарының
жазбаларында тырнақша ішінде қолданылады, ал, оны мүлде билікке
жатқызбаушылардың көзқарастарын қалай түсінуге болады? Міне, осы
сауалдарға жауап табу үшін мәселені жан-жақты қарау керек сияқты.
«Төртінші билік» деген терминді журналистика практикасына алғаш 1776
жылы атақты саясаткер, публицист Э.Берк әкелген екен. Бүгінге дейін бұл
ұғым әдеби-көркем сарында қолданылғаны болмаса, ғылыми тұрғыда терең
зерттелген, нақты тұжырымдамалар мен дәйектер жоқтың қасы. Осының өзі-
ақ мәселеге байыпты қарауды талап етеді. АҚШ ғалымдары Э.Деннис пен
Дж.Мэррилдің «Масс-медиа туралы әңгіме» атты кітабында: «Журналистер
«төртінші билік» деген концепция мен көзқарас аясындағы барлық
жалғандық пен алдамшы дүниелерге көз жеткізіп, түсінулері тиіс» - деп атап
көрсетулері кездейсоқтық болмаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |